Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет67/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы

Лингвистикалық семантика. Таңбаның тұрпат межесі мен мазмұн межесі 
тіл ғылымы дамуының тарихи кезеңдерінде әр қырынан қарастырылды. 
Мәселен, ХХ ғасырдың алғашқы жартысында таңбаның тұрпат межесіне баса 
назар аударылса, осы ғасырдың екінші жартысында тілдік зерттеулер 


106 
таңбаның мазмұнына, лингвистикалық семантика аясында жүргізіле бастады. 
Семантика арқылы тілдің коммуникативті мәні ашыла түседі, сондай-ақ тілдің 
мазмұндық жағы адамның танымдық әрекетімен тығыз байланысты. 
Семантикалық идеялар Э.Сепир, А.Вежбицкая, Мәскеу семантикалық 
мектебінің еңбектерінде көрініс тапты. Ю.Апресян ХХ ғ. соңында семантика 
теориясының зерттеу аясының кеңейе түскендігін, мейлі лексема, морфема, 
дериват, синтаксистік конструкция түрінде болсын, жалпы тілдік мағынаны 
қарастыруды негіз етіп алатындығын айтқан болатын. Осы негізде 
фоносемантика, лексикалық семантика, грамматикалық семантика сынды 
ғылым салалары қалыптасты. Когнитивті ғылым саласы да семантикалық 
процестерге үлкен мән береді, кейде оны «тереңдетілген (глубинная) 
семантика» деп те атайды.
Этнолингвистика – әр тіл өз бойында ұлт тарихын, тіл мәдениетін, 
танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен 
даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Ұлттың болмысын тіл арқылы 
зерттеуде дәстүрлі құрылымдық лингвистиканың мүмкіншілігі шектеулі. Тіл 
тек қарым-қатынас құралын ғана емес, өз бойында этномәдени ақпаратты 
сақтаушы және ұрпақтан-ұрпаққа тасымалдаушы қызмет атқарады.
Этнолингвистика – этнос болмысын оның тілі арқылы зерттеуді негіз етіп 
алатын 
антрополингвистикалық 
бағыт. 
Қазақ 
тіл 
біліміндегі 
этнолингвистикалық мектептің негізін қалаушы Ә.Қайдардың пікірінше, бұл 
ғылым саласы этностың рухани және материалдық мәдениетімен тығыз 
байланысты. 
Этнолингвистиканың 
зерттеу 
нысаны 
– 
этнолексика, 
этнолингвистикалық арналар. Ә.Қайдар этнографиялық лексиканы макро және 
микросистемаларға бөліп, лексика-семантикалық топтарға топтастыра отырып 
қарастырады.
Әрбір халық, этностық топ қоршаған ортадағы түр-түс ұғымын өздерінше 
танып, этномәдени дүниетанымында тұжырымдайды. Қызыл түс о баста 
күннің, оттың түсіне байланысты қабылданып, қазақ халқының санасында от, 
сезім, көңіл ұғымдары қызыл түспен байланыстырылады. Қазақтың ұлттық 
мәдениетінде қызыл түстің жағымды бағалауыштық мағыналары түрлі 
сезімдік коннотацияға байланысты әдемілік, махаббат, жастық, қуаныш, 
шешендік сияқты ұғымдармен ассоциациялық байланысқа түсіп, тілдік санада 
қызыл шырайлы, қызыл тіл, қызыл алма тіркесімдері арқылы таңбаланған. 
Сонымен қатар қызыл түстің қызыл кеңірдек болу, қызыл өңеш болу, қызыл көз 
пәле,қызғаныштың қызыл түлкісі сияқты жағымсыз коннотациялық мәні бар 
екендігін тіл бірліктері айқындайды. Сондай-ақ, қызыл түс стереотиптік 


107 
қолданыс ретінде терминдік тіркесімнің құрамында қолданысқа түсіп, қызыл 
бұрыш, қызыл ағаш, қызыл түйіршік, қызылсу, қызыл әскер, қызыл отау 
сияқты екіншілік номинацияның түзілуіне әсер еткен. 
Лингвомәдениеттану –лингвистика мен мәдениеттанудың өзара қарым-
қатынасынан туындайтын, әрі этнолингвистика, лингвоелтану сияқты ғылым 
салаларын ортақтастыратын ғылым саласы. Лингвомәдениеттанудың ең негізгі 
мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың 
танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани және 
материалдық мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау.
Қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылыми пән ретінде жаңа қадам 
басып жатқанымен, ұлттық мәдениет пен ұлттық болмысты таныту 
мақсатындаШ.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұбанов, М.Әуезов еңбектерінен 
бастап, ғалым-тілшілер І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жұбанов, 
Е.Жанпейісов, 
Т.Жанұзақов, 
Н.Уәлиев, 
Ж.Манкеева, 
А.Жылқыбаева, 
Қ.Рысбергенова, Р.Шойбековсынды ғалымдар еңбектерінде жан-жақты 
қарастырылады. Е.Жанпейісов «Этнокультурная лексика казахского языка» 
еңбегінде «Абай жолы» эпопеясындағы этнографизмдердің қолданысын қазақ 
халқының ұлттық болмысы мен ұлттық мәдениеті арқылы түсіндіріп, сол 
тілдік бірліктердің мәдени семасына түсініктеме беріледі. Тұрақты сөз 
тіркесінің немесе оның құрамындағы мағынасы күңгірттенген сөздердің 
мағынасын академик Р.Сыздықтың «Сөздер сөйлейді» атты еңбегінде қазақ 
халқының 
ұлттық 
дүниетаным 
тұрғысынан 
жан-жақты 
түсіндіріп, 
этимологиялық мағынасын ашып береді. 
Бүгінде мәдениеттану ұлттық тілді танудың негізі екені Г.Смағұлова, 
А.Алдашева, А.Салқынбайдың ғылыми зерттеулерінде қарастырылуы 
лингвомәдениеттану ғылымының пән ретінде қалыптасқандығын көрсетеді. 
Тілші-ғалым Г.Смағұлова ұлттық тіл мен ұлт мәдениетінің тоғысуынан 
туындаған 
фразеологизмдердің 
бойындағы 
арастырған. 
Ғалым 
лингвомәдениеттану 
пәнінің 
ерекшелігін 
былайша 
көрсетеді: 
«Лингвомәдениеттану– этномәдени және этнопсихологиялық факторлар мен 
тілдегі ұлттық мәдени мағына компоненттерін тіл арқылы мәдениеттану 
бағытында зерделеп, тілдің дәл қазіргі қолданыс қызметін көрсететін ұлттық 
ерекшелігін ешбір идеологиясыз, заманға сай келбетін таныту. Бұл ретте тіл-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет