110
5Ахметжанова З. Язык в
социальном, культурном и коммуникативном
контексте. – Алматы, 2012.
♦ Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Ғылыми парадигма дегеніміз не? «Парадигма» терминін ғылыми айналымға
енгізген кім?
2. Тіл білімі тарихында қандай ғылыми парадигмалар қалыптасты және осы
парадигмалардың лингвистикалық мәні неде?
3. Жалпы тіл білімінде антропоөзектік парадигманың қалыптасуы қандай
факторлармен байланысты?
4. Тілдік жүйедегі антропоөзектік парадигманың
дамуының алғышарттары
қандай?
3.2 Тіл біліміндегі функционалды грамматика мәселесі
Жоспар:
1
Функционалды грамматика және оның зерттеу нысаны.
2 Функционалды грамматика саласының қалыптасуы мен дамуы.
3 Функционалды грамматика саласындағы негізгі базалық ұғымдар.
1 Функционалды грамматиканың зерттеу нысаны.Тіл білімінде соңғы
жылдары белең алған функционалдық бағыт тілдік бірліктердің сөйлеу әрекеті
үстіндегі жұмсалымдық сипатын қарастырады. Тілтанымдағы
функционалды
бағыт тілдік таңба мен болмыс арасындағы байланысты анықтауға негіз
болады. Себебі, адам баласы атқаратын қандай да бір әрекет уақыт пен кеңістік
аясында жүзеге асырылады.
Функционалды грамматика ‒ тілдік бірліктердің сөйлеу үдерісіндегі
қызметін қарастырады.Сөйлеу әрекеті үстінде тілдік бірліктер түрлі қызмет
атқарады. Тілдік бірліктердің
сөйлеу әрекетіндегі қызметі, жұмсалымдық
мағынасы
сөйлеу
жағдаяттарымен,
контекспен
бірлікте
алып
зерттеледі.Өйткені тілдің фонологиялық, лексикалық
және морфологиялық
деңгейіне жататын түрлі тілдік бірліктер белгілі бір ойды жеткізу үшін өзара
семантикалық бірлікте қызмет атқарады.Олай болса, функционалды
грамматиканың зерттеу нысаны – адам санасында қалыптасқан ойдың мәнін
111
берудегі грамматикалық бірліктердің өзге
тілдік бірліктерімен қарым-
қатынастағы қызметін айқындау.
Достарыңызбен бөлісу: