154
ГЛОССАРИЙ
Аралас құрмалас сөйлем – құрамындағы
компоненттері бір-бірімен
салаласа, сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлемдер жүйесі.
Апокопа – екпінге қатысты дыбыстық процес нәтижесінде сөз соңындағы
дыбыстың не буынның түсіп қалуы.
Арго – адамдардың белгілі бір әлеуметтік
және кәсіби шағын топтарына
түсінікті тіл.
Артикуляциялық база – белгілі бір тілге тән сөйлеу мүшелерінің дағдылы
қызметі.
Ассимиляция – дыбыстардың комбинаторлық
өзгерістерінің неғұрлым кең
тараған түрі. Сөйлеу үстінде сөздегі не сөз тіркесіндегі дыбыстар
артикуляциясы жағынан бір-бірімен қиюласып, үндесіп айтылады.
Ауыспалы мағына – белгілі қасиеттеріне
қарай шындық құбылысты
білдіретін сөздің басқа бір құбылысқа атау болуынан туатын мағына. Мұндай
мағына заттар мен құбылыстардың қандай да бір ұқсастығына, шектестігіне
байланысты сөздің тура мағынасынан өрбиді.
Аферезис – алдыңғы сөздің соңғы дыбысының
әсерімен келесі сөздің
басындағы дауысты дыбыстың түсіп қалуы. Бірен-саран сөз тіркестерінде
болмаса, қазақ тілінде сирек кездеседі.
Аффикс – қосымша, түбірге
жалғанып, грамматикалық немесе сөзжасамдық
мағына тудыратын сөз бөлшегі, сөздің ең кіші құрылымдық элементі, көмекші
морфема.
Антоним – өзіне
тән сапалық белгісін сақтап, бір-біріне қарсы мағынада
қолданылатын сөз.
Антропологиялық лингвистика – методологиялық негізі ретінде
«антропологиялық принципті» қолдайтын зерттеулердің шартты атауы.
Антропонимика – (грек. anthropos «адам», onyma «ат, атау») – кісі
есімдерін зерттейтін сала.
Атау (лат.nominatio «наименование») – қоршаған орта құбылыстар мен зат,
сапа, сын, әрекет
атаулары, таңбалануы.
Достарыңызбен бөлісу: