Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет110/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы

Диалектологиялық карта – белгілі бір тілдің говорлары мен 
диалектілерінің, жеке диалектілік құбылыстардың таралу сипаты белгіленіп 
көрсетілетін карта.  
Ежелгі грек тіл білімі – Грецияда туған тіл біліміндегі ой-пікір бүкіл Европа 
тіл ғылымының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. Ежелгі грек тіл 
білімі филологиялық және философиялық кезеңге бөлінеді.
Екпін – сөз ішіндегі бір буынның айтылуда күшті, көтеріңкі естілуі. 
Етістік – шақтық, жақтық, райлық қарым-қатынаста заттың қимылын, жай-
күйін білдіретін сөз табы. 
Етістіктің аналитикалық формасы – сыңарларының бірі негізгі етістіктен, 
екіншісі көмекші етістіктен жасалып, грамматикалық мағына білдіретін етістік 
тіркесі.
Жасанды тілдер – белгілі бір қоғамдық салада табиғи тілдерді қолдану тиімсіз 
немесе мүмкін болмаған жағдайда жұмсалатын, қолдан жасалған ұлтаралық, 
халықаралық қатынас құралы.
Калькалау – басқа тілдің лексика-семантикалық, лексика-синтаксистік 
үлгілерін қабылдау рақылы жаңа сөздер, жаңа синтаксистік құрылымдар 
жасау.
Кеңестік тіл білімі – Кеңес үкіметі жылдарында қалыптасқан тіл білімі. Кеңес 
тіл білімі бірыңғай методологияға – диалектикалық материализмге негізделеді.
Когнитивті тіл білімі – табиғи тілді сана әрекетінің көрінісі, ойдың тікелей 
шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы. 


158 
Компонентті талдау әдісі – мағыналы тіл бірліктерінің мазмұндық жағын 
зерттеу әдісі. Оның мақсаты мағынаның ең кіші семантикалық бөлшектерін 
ажырату.
Коммуникация – адамдардың танымдық-еңбек процесінде қатынас жасау, 
пікір алысу, ой бөлісу – олардың бір-бірімен әрекет жасауының айрықша 
формасы болып табылады.
Кодификация – тілдің нормалық қалыпқа түскен үлгілі нұсқасын сөйлеуде, 
жазуда үнемі сақтап, қайталап отыруды қамтамасыз ететін ережелер 
жиынтығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет