97
3 Идеографиялық жазу ‒ жекелеген
сөздерді, морфемаларды сурет немесе
шартты таңбалар арқылы белгілейді.
Жазудың мұндай түрінде әр сөздің
тұрақты
графикасы мен мағынасы
болады. Идеографиялық жазудың
мысалдары:
иероглиф жазуы,
цифрлар
жүйесі.
Идеографиялық
жазудың таңбалары қазіргі дыбыстық
жазуда да қолданылады. Мәселен,
цифрлар, математикалық, химиялық,
ғылыми-техникалық шартты
таңбалар:
Н2О ‒ сутегі, SO2 – күкірт оксиді және т.б.
Клинопистік шумер жазуы ‒шумер жазуы б.з.д. 4-3 мыңжылдықтарда
Азиятерриториясында кең таралған көне жазу түрі.
Сына тәріздес
сызықшалардың үйлесімді жиынтығы болып табылатын мұндай жазуларды
шумерлер, аккад халқы, эламдықтар, хурриттер қолданған. Шумерлердің 4-
мыңжылдықтың 1-жартысынан 3-мыңжылдықтың
басына дейін Тигр мен
Ефрат өзендері бойын мекендеген тайпалар екені туралы деректер осы сына
жазбаларында сақталған.
Алғаш рет 1621 ж. Италия саяхатшысы Пьетро делла Валле сына жазуын
зерттесе, 1684 ж. Эгелберт Кемпфор көне парсы жазуының көшірмелерін
жариялап, сына жазуы атауын алғаш ғылыми айналымға енгізді. Парсы
жерінен табылған сына жазуын Г.Гротефенд зерттеді, ол сөздердің көне парсы
98
тіліндегі
айтылуын ескере отырып,
олардың айтылуы мен жазылуын
салыстырды. Сына жазуы түсірілген
ескерткіштер призма, цилиндр, конус
тәріздес әр түрлі формалы саз
тақтайшалардан
тұрады.
Сына
жазулары бір жағынан,
адамзат
басынан кешкен көне тарихты танытатын зор білім қазынасы болса, екінші
жағынан, оның бүгінгі кезде көп елдердің мәдениетіне, соның ішінде қазақтың
ұлттық мәдениетіне тигізген ықпалы
орасан зор (1,63). идеограммалардан
жасалған.
Шумер
жазуының әлемге танылуына
еңбек сіңірген итальяндық Пьетроделла
Валле шумердің ескі қаласы Ураның
орнын ашты және бірінші болып сына
жазуын ғалымдарға көрсетті.
4 Буынжазуы ‒
сөз құрамындағы әрбір
буын жеке таңбамен белгіленеді. Бұған
финикии, көне семит, тибет, бирма,
жапон, үнді жазулары жатады. Буын
таңбалары әуелде бір буынды сөздерді белгілеген
Достарыңызбен бөлісу: