94
сөз формасының құрылымы мен морфологиялық белгілеріне қарай
түбір
типті тілдер, агглютинативті және флективті типті тілдер болатындығын
айқындай отырып, соңғы топқа жататын семит және үндіеуропа тілдерінің
грамматикалық құрылысында елеулі айырмашылықтардың,
яғни аралық
құбылыстардың орын алатындығына назар аудартады. Соныменәлем
тілдерінің типология классификациясын түзген тілші-ғалымдарды былайша
топтастырдық:
Кесте 3. Әлем тілдерінің типология классификациясын түзген тілші-ғалымдар
Американ лингвисті, американ этнолингвистикасының
негізін қалаушы
Эдуард Сепир тілдерді типологиялық тұрғыдан жіктеуде өз принципін
ұстанды. Э.Сепир 1921 жылы тілдердің
типологиялық сипаттамасының көп
сатылығы деген принципті ұстанды. Яғни,
тілдегі ұғымдарды білдіру
табиғаты; қатынастарды білдіру техникасы; синтез аралығын білдіру
техникасы. Э.Сепирше, тілдегі ұғымдарды білдірудің төрт түрлі амалы бар:
бірінші ‒ нақты түбір ұғымдар (қимыл, сапаны білдіретін сөздер), екінші ‒
деривациялық ұғымдар (атрибуттық, субстантивтік), үшінші ‒ нақты релятивті
ұғымдар (тек, сан категориялары), төртінші ‒ таза релятивті ұғымдар (таза
қатынастық ұғымдар). Дегенмен, тілдердің
типологиялық жіктелімін
анықтауда бұл принциптерді жетілдіре түсу керектігі айқындалған болатын.
флективті және аффиксті
типті тілдер
аморфты, аффиксті және
флективті типті тілдер
даралаушы, жалғамалы,
қопармалы және
инкорпаративті типті тілдер
түбір, флективті және
агглютинативті типті
тілдер