Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет61/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы

2 Пиктографиялық жазу – жазудың ең көне түрі. Зерттеушілердің 
көрсетуінше, жазудың бұл түрі неолит кезеңінде пайда болған. Мұндай жазу
жеткізілетін ақпаратқа байланысты заттардың салынатын суретіне негізделеді. 
Сондықтан оны кейде суретті жазу деп те атайды. Бұл жазудың ерекшелігі ‒ 
әртүрлі суреттерден құралатындығы. Әрбір сурет бүтін ақпаратты бейнелейді. 
Берілген ақпарат графикалық жақтан жеке сөздерге бөлінбейді. Осыған орай 
пиктограммалар тілдік форманы емес, оның мазмұнын бейнелейді. Бұл 
жазуды әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар түсіне алады. Пиктограммалық 
жазудың таңбалары питроглифтер немесе пиктограммалар деп аталады.
Төменде берілген пиктограммалар назар аударыңыз: 


97 
3 Идеографиялық жазу ‒ жекелеген 
сөздерді, морфемаларды сурет немесе 
шартты таңбалар арқылы белгілейді. 
Жазудың мұндай түрінде әр сөздің 
тұрақты графикасы мен мағынасы 
болады. Идеографиялық жазудың 
мысалдары:
иероглиф жазуы, 
цифрлар 
жүйесі. 
Идеографиялық 
жазудың таңбалары қазіргі дыбыстық 
жазуда да қолданылады. Мәселен, 
цифрлар, математикалық, химиялық, 
ғылыми-техникалық шартты 
таңбалар: 
Н2О ‒ сутегі, SO2 – күкірт оксиді және т.б. 
 
Клинопистік шумер жазуышумер жазуы б.з.д. 4-3 мыңжылдықтарда 
Азиятерриториясында кең таралған көне жазу түрі. Сына тәріздес 
сызықшалардың үйлесімді жиынтығы болып табылатын мұндай жазуларды 
шумерлер, аккад халқы, эламдықтар, хурриттер қолданған. Шумерлердің 4-
мыңжылдықтың 1-жартысынан 3-мыңжылдықтың басына дейін Тигр мен 
Ефрат өзендері бойын мекендеген тайпалар екені туралы деректер осы сына 
жазбаларында сақталған. 
Алғаш рет 1621 ж. Италия саяхатшысы Пьетро делла Валле сына жазуын 
зерттесе, 1684 ж. Эгелберт Кемпфор көне парсы жазуының көшірмелерін 
жариялап, сына жазуы атауын алғаш ғылыми айналымға енгізді. Парсы 
жерінен табылған сына жазуын Г.Гротефенд зерттеді, ол сөздердің көне парсы 


98 
тіліндегі айтылуын ескере отырып
олардың айтылуы мен жазылуын 
салыстырды. Сына жазуы түсірілген 
ескерткіштер призма, цилиндр, конус 
тәріздес әр түрлі формалы саз 
тақтайшалардан 
тұрады. 
Сына 
жазулары бір жағынан, адамзат 
басынан кешкен көне тарихты танытатын зор білім қазынасы болса, екінші 
жағынан, оның бүгінгі кезде көп елдердің мәдениетіне, соның ішінде қазақтың 
ұлттық мәдениетіне тигізген ықпалы 
орасан зор (1,63). идеограммалардан 
жасалған. 
Шумер жазуының әлемге танылуына 
еңбек сіңірген итальяндық Пьетроделла 
Валле шумердің ескі қаласы Ураның 
орнын ашты және бірінші болып сына 
жазуын ғалымдарға көрсетті. 
4 Буынжазуы сөз құрамындағы әрбір 
буын жеке таңбамен белгіленеді. Бұған 
финикии, көне семит, тибет, бирма, 
жапон, үнді жазулары жатады. Буын 
таңбалары әуелде бір буынды сөздерді белгілеген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет