Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет60/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы

 
Әдебиеттер:
1 Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. −Алматы, 1996.
2 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 1978. 
 
♦ Тапсырма 
Флективті типті тілдерге тән өзіндік ерекшеліктерді сипаттаңыз. 
Жалғамалы типті тілдерге тән өзіндік ерекшеліктерді сипаттаңыз.
Даралаушы типті тілдерге тән өзіндік ерекшеліктерді сипаттаңыз. 
Полисинтетикалы типті тілдерге тән өзіндік ерекшеліктерді сипаттаңыз. 
 
♦ Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 
Тілдердің типологиялық жіктелімінде неліктен сөздің грамматикалық құрамы 
басты белгі ретінде саналады?
Дүние жүзі тілдерінің сөзжасам жүйесі мен грамматикалық құрылымына қарай 
қандай типтік белгілері көрсетіледі? 
Қытай-тибет, түркі, үндіевропа, фин-угор, иберий-кавказ және семит тілдері 
қандай типті тілдерге жатады?
Синтетикалық және аналитикалық құрылысты тілдер арасындағы негізгі 
ерекшеліктер туралы баяндаңыз. 
«Фузия», «агглютинация», «инкорпарация», «изоляция» ғылыми ұғым 
атауларының білдіретін терминдік мағынасын ашыңыз. 
 
 
2.4 Жазудың шығу тарихы, дамуы және теориясы 
 
Жоспар: 
1 Жазу және оның таңбалық сипаты. 
2 Пиктографиялық жазу және пиктограммалар.
3 Идеографиялық жазу. Клинопистік шумер жазуы.
4 Буын жазуы. Дыбыстық жазу. Алфавиттік жазу түрлері.
5 Көне түркі жазуы. Ұлттық бағыт және қазақ жазуы. 
1 Жазу және оның таңбалық сипаты. Жазу ‒ адамның тыңдаушы жаққа 
жеткізгісі келетін ой-пікірін, ақпаратты белгілі бір таңбалар жүйесі арқылы 


96 
жеткізу құралы. Жазудың алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалған. Жазу 
қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден 
кейін пайда болған. Алғашқыда адамдар өз ойын басқаға жеткізу үшін заттың 
өзін пайдаланған. Мәселен, өзінің кеткен бағытын көрсету үшін адам жүрген 
жолына бұтақ тастап отырған, кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын 
қадап кетіп отырған. Ойды зат, нәрсе арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда 
тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарда да пайдаланылған. 
Үндістер соғысатынын хабарлау үшін қарсы жаққа айбалта жіберетін болған. 
Елші оны әкеліп жерге қояды, егер қарсы жақ оны көтерсе ‒ соғысуды 
мақұлдағаны. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген 
бұйымдар қолданылған. Осылайша алғашқы жазу пайда болған. Алғашқы жазу 
құралы 
ретінде 
сазбалшықтан 
жасалған 
тақта, 
ағаштың 
қабығы 
пайдаланылған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралатыны белгілі. 
Берілген таңбалар тұтас бір хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты 
белгілейді. Әр таңбаның өзіндік графикалық формасы мен мағынасы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет