«Қоректік заттардың сіңірілуі және метаболизмі (норма)» -модулі бойынша кейс



бет1/5
Дата13.02.2022
өлшемі320,51 Kb.
#25381
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Гисто кейс


С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
«Қоректік заттардың сіңірілуі және метаболизмі (норма)» -модулі бойынша кейс

Биохимия, қалыпты физиология, анатомия, гистология, қоғамдық денсаулық сақтау кафедралары



Кейс: іштегі апат!



НАУҚАС: К.А.П., 77 жаста, зейнеткер, іштің қатты ауыруына шағымдануына байланысты ауруханаға түсті. Тұрғылықты жері: Мәскеу қ., ауруханаға түскен күні мен уақыты: 29.04.2008, 15-45
ПАЦИЕНТТІҢ ШАҒЫМДАРЫ

Бақылау кезінде науқас іштің кебуіне, әлсіздікке, температураның жоғарылауына шағымданды (37,50 С). Ауруханаға түскен кезде ол спазмолитиктер қабылдаса да басылмайтын (но-шпа), қозғалыс кезінде күшейе түсетін, арқаға берілетін эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағымданды. Ауырумен қатар жүрегі айнып, 5 рет құсу да орын алады. Алайда құсқаннан кейін жағдайы біршама жақсарып қалатынын айтты. Сонымен қатар, ол жүргенде (100 м) және сөйлескен кезде ентігу байқалатынына да шағымданды.


СЫРҚАТНАМА

28 сәуірде кешке ащы және майлы тағамдарды қабылдағаннан кейін қозғалғанда күшейетін, эпигастр аймағында арқаға берілетін ауыру сезімінің пайда болғанын айтты. Спазмолитиктерді (но-шпа) қабылдағанмен ауыру сезімі мүлдем басылмады. Мұндай жағдай осы уақытқа дейін байқалмаған. Бірақ соңғы 5 жылда диета ережесін сақтамаудың салдарынан (жылына 1 рет) эпигастрий аймағындағы денеге таралмайтын катты ауыру сезімдері пай да болып, олар спазмолитиктерді қабылдағаннан кейін 20 минут ішінде басылатын. Медициналық көмекке жүгінбеген. Ауруханаға түскенге дейін тұрғылықты жері бойынша жасалған іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуінде өт қабында тастар анықталған.

29 сәуірде ауырсыну күшейе түсіп, өт құсу пайда болды. Науқас жедел жәрдем бригадасының көлігімен №71 қалалық клиникалық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілген. Оның жағдайын қабылдау бөліміндегі дәрігер орташа ауырлықта деп анықтады. Тексерілу барысында науқас екі рет құсқан. Іші симметриялы, тері астындағы майлы тіннің есебінен үлкейген, ісінбеген, тыныс алу актісіне барлық бөлімі қатысады. Пальпация кезінде эпигастрий және оң жақ қабырға асты аймақтарында шамалы ауырсыну байқалады, перитонеальды белгілер жоқ. Перистальтикасы қанағаттанарлық.

Status localis: P.R. сфинктердің тонусы сақталған. Саусақ деңгейінде патология жоқ, нәжістің түсі қалыпты. Жалпы қан анализі, құрсақ қуысының рентгенографиясы, ЭКГ және терапевт кеңесі тағайындалды.



Ішті тексеру. Іш формасы дөңгелек, тыныс алу актісіне симметриялы түрде қатысады. Іштің алдыңғы бетіндегі және оның бүйір беттеріндегі коллатеральдар айқын емес. Оң жақ мықын аймағында және инфрагастральды аймақта атрофиялық, сызықтық, операциядан кейінгі тыртықтар бар. Терінің басқа өзгерістері жоқ. Жөтелу және ішті белсенді керіп үрлеу кезінде ауыру сезімі білінбейді. Іштің кіндік деңгейіндегі шеңбері -100 см. Тыныс алу мен күшену кезінде іш қабырғасының керілуі шектелмеген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет