Қорғау бойынша


Демалыс кезінде балалардың күндізгі мектеп жанындағы лагерінде жұмыс басталар алдында қызметкерлерге қойылатын еңбекті қорғау талаптары



бет2/6
Дата30.06.2023
өлшемі45,52 Kb.
#103832
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
еңбекті қорғау бойынша №2

Демалыс кезінде балалардың күндізгі мектеп жанындағы лагерінде жұмыс басталар алдында қызметкерлерге қойылатын еңбекті қорғау талаптары


  1. Жұмыс басталар алдында мектеп жанындағы лагерь қызметкерлері белгіленген тәртіпке сәйкес медициналық тексеруден, гигиеналық даярлықтан өтуге, жұмыс орнында сақталатын жұмысқа рұқсаты бар белгіленген үлгідегі медициналық кітапшаның болуы міндетті.

  2. Жұмыскерлер жұмысқа кіріспес бұрын жұмыс орнындағы кіріспе және нұсқама журналдарында тіркеле отырып, жұмыс

орнындағы еңбекті қорғау жөніндегі кіріспе, бастапқы нұсқамадан (алғаш қабылданған) өтуге міндетті.
Кіріспе нұсқаулықты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жауапты тұлға жүргізеді. Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқама қызметкердің алған білімі мен дағдыларын ауызша тексерумен аяқталады. Нұсқамалардың барлық түрлерін өткізу нұсқамамен танысушының және нұсқаушының қолы қойыла отырып, нұсқамалар жүргізудің тиісті журналдарында тіркеледі.
  1. Мектеп жанындағы лагерь жұмыс істеп тұрған кезеңде балалардың күндізгі мектеп жанындағы лагеріндегі қауіпсіздік талаптары.


    1. Эвакуациялық өту жолдары, шығу жолдары, дәліздер, тамбурлар мен баспалдақтар қандай да бір заттармен және жабдықтармен үйілмеуге тиіс.

Аумақта от жағуға, қоқысты жағуға жол берілмейді.

    1. Сабақты өткізудің жабық немесе ашық орындарында орнатылған барлық спорттық құралдар мен жабдықтар толық жарамдылықта болуы және сенімді бекітілуі тиіс. Ашық жерлерде спорттық құралдар мен жабдықтар қоршаған ландшафттан ерекше түсті майлы бояулармен боялады.

    2. үйірмелер мен спорт секциялары сабақтарының ұзақтығы 7 жастағы балалар үшін 35 минуттан және 7 жастан асқан балалар үшін 45 минуттан аспауға тиіс.

    3. мектеп жанындағы лагерь қызметкерлері лагерь аумағында балалардың жауапты адамдарсыз қалдырмауы керек.

Мектеп жанындағы лагерьдің әр қызметкері балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнген жағдайда қауіпті жою үшін (жеке денсаулығына қауіп болмаған жағдайда) барлық шараларды қолдануға міндетті. Мектеп жанындағы лагерьдегі әр жазатайым оқиға туралы жәбірленуші, тәрбиеші, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, медицина қызметкері және басқалар білім беру ұйымының басшысына, ол болмаған кезде орынбасарына, мектеп жанындағы лагерь бастығына дереу хабарлайды. Бұл ретте білім беру ұйымының басшысы, мектеп жанындағы лагерь бастығы жазатайым оқиға кезінде:
Жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру және оны медициналық пунктке жіберуге тиіс;
балалармен болған оқиға туралы ата-аналарға (қамқоршыларға), қызметкер-туыстарына хабарлауы керек;
тергеуге дейін жазатайым оқиға болған жерде, оқиға болған кездегі жағдайды сақтауы (егер бұл басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе), қауіп төнген кезде куәгердің (- лердің) қатысуымен сызба жасауы, суретке түсіруі, бейнетүсірілім жасауы және т. б. керек;
белгіленген мерзімде бұйрық шығару, жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі комиссияның құрамын айқындау және тергеу тәртібіне сәйкес тергеуге кірісуі (комиссия оқу-тәрбие процесін жүргізу кезінде
балалармен болған және баланың денсаулығына бір күнге немесе одан да көп уақытқа нұқсан келтірген кез келген жазатайым оқиғаны тексереді) қажет.

    1. Білім беру ұйымының басшысы мектеп жанындағы лагерь ашылғанға дейін балаларға да, қызметкерлерге де арналған лауазымы бойынша еңбекті қорғау жөніндегі, жұмыс түрлері және лагерь іс-шаралары бойынша лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеуді, келісуді және бекітуді қамтамасыз етеді, «Оқушылардың қауіпсіздік жөніндегі нұсқаманы тіркеу журналы» (болмаған кезде) басталады.


    2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет