Орфографиясы



Pdf көрінісі
бет28/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72
Ара, аралық, сыңарлы біріккен сөздер. “Аударматану: лингвистикалық
және лингвомәдени мәселелер” тақырыбындағы диссертацияның авторы
А.Алдашева: “аударманың имплицитті-эксплицитті ролі сөз біріктіруге әсері бар
формалдық белгі; ..аралық, тану сөздерімен жасалған күрделі сөздердің біріктіре
жазылуы - аударманың эксплицитті әсері” (107. 33,107) дейді. Осы бағытта орыс
тіліндегі меж, между арнайы форманттарының сөзжасамдық қабілеті, қазақ
тілінде де тілдік аналогиялық құбылыстардың қалыптасуына түрткі болғаны
анық. “Терминологиялық материал қазақ тілі терминологиясының ең негізгі екі
жолға сүйене отырып жасалғанын көрсетеді. Оның бірі – тілімізде бұрыннан бар
сөздерді терминдік мәнде қолдану болса, екіншісі жаңа терминдерді қазақ тілінің
сөзжасам мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасау” (36. 125). Сөйтіп, ара сөзінің
терминқұрастыруыш қатарына өтуі препозицияда да, постпозицияда да екінші
сыңармен бірге таңбалану формасына ие болуымен көрінеді. Мысалы,


арақатынас, арақашықтық, аражік, арасалмақ, арагідік, арақатыс; екеуара,
өлара, өзара, ішінара т.б. Аралық, сөзінің арнайы формантқа айналуы
халықаралық сөзінен бастау алып, ауыларалық, буынаралық, жоларалық,
еларалық, сыныпаралық, колхозаралық, континентаралық, клеткааралық,
қабатаралық, қалааралық, мекемеаралық, мемлекетаралык,облысаралық,
салааралық, пәнаралық, мектепаралық сияқты атаулармен жалғасады. Аралық,
сөзі –“екі зат, не құбылыстың арасындағы орталық жер, екі орта” (ҚТТС, Іт.)
тура мағынасында жұмсала отырып, сол екі затгың, не құбылыстың бір-біріне
байланысына, қатынасына, ыңғайластығына, ұқсастығына меңзейді. Аралықтың
сөзжасамдық қабілеті сол, ол кез келген сөзге жалғана бермейді. Сондықтан
әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси кешенді нысандар (мектеп, ауыл,
мемлекет, сала) төңірегіндегі жалпы атаулар осы формантты постпозицияда
алуға бейім. -лық жұрнағының сөз ұластырушылық қызметі де соңғы
позициядағы аралық сыңарын біріктіруге әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет