1. ҚҰРАМА СӨЗДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАЗБАША МАНИФЕСТАЦИЯСЫ Адамзат мәдениеті дамуының аса маңызды бір белесі жазудың
шығуымен байланысты. Адамдардың белгілі бір қашықтықта тұрып,
қарым-қатынас жасауына негізделген жазу өзінің филогенездік дамуында
алғашқы бейнелеуші, кескіндеме таңбаларынан символдық қызметі басым
идеограммаларға, одан фонемограммалар жүйесіне өтуінен өзінің басты
қызметін – коммуникативтік қызметін – жетілдіруге, оңайлатуға,
нормаландыруға ұмтылу үрдісін көреміз. Сондықтан жетілген жазу түрі –
фонемографиялық жазудың шығуымен байланысты қаралатын емленің тү
түп-тамыры, әріде, жазудың жалпы пайда болуында жатыр. Олай болса,
орфографияның “дыбыстарды (фонемаларды) қандай әріппен беруді,
сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас
әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейтін және емле ма-
ғынасында қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін көрсететін”
(2. 304.) тіл білімінің маңызды саласы болып қалыптасуына әбден негіз
бар.
Ал орфографияның жетілуі тіл білімінің фонетика, морфология,
синтаксис, лексикология, семасиология, ономасиология, сөзжасам,
фразеология, этнолингвистика салаларының дамуымен тығыз байланысты.
Сондықтан осы салаларда қол жеткен теориялар мен нәтижелерді жазу-
дың коммуникативтік қызметін жетілдіре беруге қолдану үздіксіз процесс
саналмақ. Процесс барысында әрқилы проблемалардың туып отыруы
заңды да.
Жалпы тіл білімінде бас әріптің қолданылуы, жеке дыбыстардың
таңбалануы, тасымал тәртібі, сөздерді бөлек, бірге, дефис арқылы тұлғалау
орфографияның негізгі мәселелері болып саналады. Бұның ішінде тіл-
тілдің қайсысында болмасын шешімін таппай келе жатқан маңызды
проблема – сөздердің бөлек, бірге тұлғалануы.
“Жұрнақтардың түбірге ұйқасу, жұрнақтардың тұтас жазылу мәселесі”
(3) фонологиялық жазудың алғашқы тәжірибелерінде айтыла бастаса, бұл
проблема жүйесі мен құрылымы жетілген бүгінгі орфографияның да өзекті
мәселесіне айналып отыр.
Әдетте сөздердің бірге, бөлек таңбалануы әдебиеттерде күрделі сөз,
құрама сөз, күрделі-құрама сөзден әр түрлі терминге ие болып жүрген,
кемінде екі сөзден тұратын лексикалық бірліктерге байланысты айтылады.
Сөздердің бұл тобы қазақ тіл білімінің морфология, сөзжасам салала-
рында едәуір зерттелді деп айтуымызға бүгінде толық негіз бар.
Сондықтан екі және одан да көп сөзден тұратын номинативтік бірліктерді
құрама сөз терминімен атай отырып, олардың қазақ тіл біліміндегі
зерттелу жайын қысқаша сөз етеміз.