Орфографиясы



Pdf көрінісі
бет24/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72
Байланысты:
46774b23911507b22245ade7fa6a4289

Сөз құрастыруыш тұлғалар. Лексикалық бірліктердің бір емес, бірнеше
денотатив құрамында қайталанып, мағыналық, дамуға түсуі, сөйтіп БС жасаудың
бір элементіне айналу нәтижесі теориялық әдебиеттерде әр түрлі терминге ие
болып келгені бар: “морфемдік сатыдағы жұрнақ”, "жұрнақ дәрежесіндегі сөз”,
“маманданған” формант, " грамматикалық тұлға”, “комбинирлеуші тұлға”,
“аффиксоид” т.б. Және кейінгі кездерде бұл сипатты бірліктерді атауда
аффиксоид термині тұрақтала бастағанын көруге болады (104. 13).
Қазақ тіліндегі мұндай сипатты сөздердің өзіндік ерекшелігі оларды
құрастыруыштар деген топ аясына жинақтап, мағыналарының дерексіз –жалпы
– нақты бүтіннің бөлшегі) сипатына қарай: аффиксоидтар, стандарт тұлғалар
және жинақтаушы тұлғалар деп үшке бөлуге мүмкіндік беретін сияқты.
Мұндағы аффиксоид дегеніміз нақты мағынасынан дерексізденіп, қол үзе
бастаған, кей реттерде дербес те қолданыла алатын, бірақ көбінесе
тіркескен сөзіне селбесіп, БС жасайтын делексикаланған бірліктер болып
табылады. Неміс тілінде мұндай функциядағы сөздердің сөзжасамдағы орны
ерекше. Қазір неміс тілінде 20-дан аса аффиксоид бар делінеді (81. 78). Ал
ағылшын тілінде морфемдік дәрежедегі жұрнақтарды мойындаған біржақты


көзқарас аз. 1200 сөз жасаған “man” сөзін аффиксоид қатарында енді-енді қарай
бастады (105. 65).
Француз, қытай тілдерінде де бұл құбылыстың сөзжасамдық ролі артып
отыр. Қазақ тіліндегі морфемдік сатыдағы жұрнақтар туралы ең алғаш айтқан
автор М.Балақаев (20.207). Жалпы бір денотативке байлаусыз, көп денотативке
ортақ лексикалық тұлғалардың морфемдік дәрежеге өту құбылысы түркі
тілдеріңде жоғары екендігі мойындалған құбылыс. Ал аффиксоид сыңарлы БС-
дерді құрама сөз қатарында қарастыру уақыт өте келе өзін қайта таптастыруды
қажет ететіні күмәнсіз. Себебі олардың қосымша дәрежесіне өтіп, туынды түбір
жасаудың тәсіліне айналуы мүмкін.
Сонымен, қазақ тіліндегі БС жасайтын аффиксоид құрастыруыштардың
қатары мыналар: maнy, құмар, жай, жанды, хана, аралық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет