Орфографиясы



Pdf көрінісі
бет30/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
Стандарт құрастыруыштар. ҚТОС-індегі 2800-дей БС-дің ішінде басы,
хат, гүл, от(ы), жегі, ақы, балық, қап, ауру, той компонент БС-дер жүйелі
түрде бірігіп жазылған. Бұл қатардың сандық та, сапалық сипаты – тіркескен
сөзге ортақ белгілі бір стандарт мағына үстейтін, бір денотативке байлаусыз,
көп денотативке ортақ, бір семантикалық аймақтағы лексемаларды құрайтын,
жекеде қолданыла алатын сипаты – оларды формалды белгінің стандарт
құрастыруыштарына топтайды.
Хат сыңарлы біріккен сөздерХат сөзі өзінің “адамдардың бір-біріне
жазысқан хаты” деген тура мағынасынан айырылып, белгілі бір құжаттың ресми
атын білдіруге жұмсалса, стандарт мағыналы БС жасайды: сенімхат, қолхат,
түсінікхат, келісімхат, үндеухат, жолдаухат, тілхат, қатынасхат, кұснихат,
талақхат. “Сірә, алғашқы кезде бұл қызметте хат пен кағаз сөздері жарыса
қолданылған болуы керек, өйткені кейде сенімқағаз деген тіркес те кездесіп
қалады. Кейін келе сөз жасаушылық жүк хат сөзіне ауысып, тұрақтала бастаған
тәрізді” дейді проф. Р.Сыздықова (25. 55). Расында да, мұнда хат сыңарының
“біреуге немесе, бір мекемеге хабар жіберу үшін жазылып қойылған, не
жөнелтілген мәтін” ретінде емес, “сөз ретінде қағаз бетіне түсірілген графикалық
таңбалардың жүйесі, жазу” (ҚТТС, 10т.) (Ертегі болмаса да хатта қалған
аузында шежіренің қартта қалған (С.Сейфулин.).) мағынасы ресми іс-қағаз
құжат семантикалық аймақ лексемаларымен мағыналық будандасуға
(контаминацияға) түсуіне, сөйтіп сыңарлардың бірге тұлғалануына негіз болған.
Ал хат сөзі “жалқы жазылған дүние мағынасында келіп, алдыңғы сөз сол
жазылғанның сипатын білдіріп тұрса, бөлек жазылады: ашық хат, жасырын
хат,жабық хат, заказды хат (25. 56).
Қап сыңарлы біріккен сөздер. Лексикалық мағынасы кеңейіп,
жалпылану, яғни грамматикалану үстінде тұрған, бір денотативке байлаусыз, көп
денотативке ортақ стандарт құрастыруыштың енді біреуі – қап сөзі. Бұл сыңарлы


құрама сөздерді ҚТОС-і бірге тұлғалауды ұсынады. Атап айтқанда: аяққап,
шашқап, шынықап, кебежеқап, буынқап, кесеқап, сандыққап, көрпеқап,
талысқап, жүрекқап, орындыққап, тозаңқап, желінқап, керегеқап, қазанқап,
бүршаққап, теңқап. Бүлардың бірқатары құрал-жабдық бұйымның атауы болса,
бір қатары өсімдіктану терминдерін құрайды. Қап сөзі тілімізде “қанар”,
“мешок” мағынасында жеке дара тұрып, актив қолданыла да алады. Ал “бір
нәрсені қаптап қоятын қорғаушы зат; бір заттың сыртқы жамылғышы деген
архисемасының актуалдануы анықтаушы сөздерге селбесуіне апарады.
“Психологическая структура значения определяется системой соотнесенности
слов в процессе их употребления в деятельности, а не в процессе их
сопоставления как единиц лексикона” (108. 11).
“Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі” атты монография авторлары сөз
мағынасының жалпылануын “күрделі сөздің тірек компонентінің мағынасы ол
арқылы жасалған бірнеше күрделі сөзге ортақ болады да, олардың мағыналық
байланыстылығын туғызудан” басталып, “тірек комноненттің жиі қолданылуы
нәтижесінде мағынасының абстрактанып, қосымша қатарына өтуімен”
түсіндіреді (28. 97) Расында да, қолғап, керегеқап, тозаңқап денотативтерін
лексикалық бір топқа жатқыза алмаймыз. Олардың әрқайсысы әр түрлі
мағыналық топтарға жатады. Бірақ олардың бір қатарға топтастырылуы қап
сыңарының делексикаланып, бәріне ортақ “заттың сыртқы қабығы, қорғанышы”
деген мағынасынан туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет