Орфографиясы


От(ы) сыңарлы біріккен сөздер



Pdf көрінісі
бет32/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
От(ы) сыңарлы біріккен сөздер. БС құрастыратын келесі бір стандарт
тұлға – “мал жейтін қоректік шөп” мағынасындағы от сөзі. Ол ақот, аюоты,
бақаоты, балықоты, бұлдырықоты, доңызоты, киізоты, киікоты, көкекоты,
кереңот, қазоты, қараот, қойоты, қоянот, қыранот, маралот, мысықот,
орайот, сабынот, семізот, суыроты, тартарот, тоғайот, шаянот сияқты 23
өсімдік атауының құрамында кездеседі. Мұнда әр сипаттағы сөз жалпы
мағынадағы от компонентінің сүйемелімен ғана белгілі бір шөп атауына
айналады.
Жегі сыңарлы біріккен сөздер. “Жеп құртатын кұрт, микроб”
мағынасындағы жегі сөзі ағашжегі, алмажегі, балықжегі, мамықжегі, тісжегі,
тұқымжегі, шыбынжегі сияқты атаулардың құрамында кездесіп, өсімдіктану,
тәнтану терминдерінің жүйелі қатарын жасайды. Жегі сияқты стандарт
кұрастыруыштардың бір ерекшелігі – сөзжасамның дайын үлгісі бола алуында.
Балық сыңарлы біріккен сөздер. Тілде “суда өмір сүретін, желбезекпен
дем алатын, омыртқалылар тобындағы су жануары” атауы – балық, – өзінің
сүйемелімен ғана балықтың түр атауын жасайтын стандарт тұлға болып
қалыптасқан. Олар: айбалық, ақбалық, арабалық, балғабалық, бұзаубалық,
жыланбалық, итбалық, кекіребалық, күнбалық кірпібалық, қойбалық,
қызылбалық, қылышбалық, майбалық, мұзбалық, семсербалық, табанбалық,
теңгебалық, түнбабалық, тікенбалық, шегірбалық, шөмішбалық. Жалпы, балық
сөзінің жалпылама мәнге көшіп, ортақ сипат алуы танылған денотаттардың
көбеюі, соған сай денотативтердің пайда болуынан шығады. Балық жалпы
атауының сүйемелімен денотаттың “суда жүретін жануар” екені анықталады.
Ауру сьңарлы біріккен сөздер. “Ағзаның физиологиялық әрекеті мен
құрылысының бұзылуы, науқас, дерт, сырқат” мағынасының жалпы атауы ауру
сөзімен жұп құрап, белгілі бір аурудың атын білдіретін ортақ мағынасы бар
сарауру, жіңішкеауру, тамақауру, құртауру, суауру, ішауру, итауру, үйекауру


сияқты сөздердің де стандарт тұлға сыңарлы БС -дер тобына кіруіне мүмкіндік
бар сияқты. Бұл үлгі бойынша жаңа сөз жасау қажеттілігін де өтеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет