қызыл, ал қара көк, жасыл ала, сары ала, қоңыр ала, ақ ала, ақ сары, қызыл
қоңыр, қара көк, қара қоңыр т.б.
Біздіңше, күрделі сын есімдер компоненттері ажыратыла таңбалануы
уәжді болмақ. Біріншіден, күрделі
сын
есім компоненттері
экстралингвистикалық мәнділікпен тура байланыста тұрады. Мысалы,
сары –
“піскен егіннің немесе жұмыртқаның сарысындай түсті” берсе,
ала – “ақ пен
басқа түстің араласуы негізінде жасалған түсті” білдіреді, сонда
сары ала –
“сары мен ақ араласқан түсті” тура атайды. Көріп отырғанымыздай, күрделі сын
есімдердің тұрпат межесін негіздеуде де “жаймалау” (трансформация) әдісін
қолдана аламыз.
Күрделі сын есімдердің босаралықпен таңбалануының екінші себебінде
адам санасының көру-бейнелеу, көру-жазу әрекеті алға тартылады, яғни әр түрлі
түр-түс реңқтерін көзбен көріп, оның суретін бейнелейтін суретшіде, сөзбен
сипаттайтын, жеткізетін жазушы да, ақын да, я болмаса, қалың көпшілік те
нысандағы түстің реңктерін көзбен ажырата алады. Сондықтан оны сөзбен
атағанда лексемалар өзара мағыналық контаминацияға түсіп кетпеуін қалайды.
Мысалы,
сары ала көйлектің сарысы мен аласы өзара комбинаторлы араласа
орналасуын,
сарала көйлек деп тұлғаласақ, түстің реңкін ашып көрсету
мүмкіндігі төмендейді.
Күрделі сын есімдердің босаралықпен таңбалануының үшінші себебі
лингвистикалық негіздерден туындайды. “Спектр жүйесінде хроматты және
ахроматты негізгі түр- түстерден басқа да сан алуан реңктердің және әртекті,
қосалқы, күрделі түстердің көп болуына байланысты” (144. 45-47) тілімізде бір
сөзден тұратын түс атауларына қарағанда, екі, үш сөзден тұратын түр-түс
атаулары көп. Сондықтан түс атауының дара тұлғасы
(ақ, қара, сары, ала) әр
текті тіркесімділіктерде жиі қолданылады да, тұрпаты да тұрақты форма ала
алмайды:
сарала сөзіңде босаралықсыз,
қоңыр ала сөзінде босаралықпен
таңбалау жүйелілік әкелмейді. Бір түстің екі-үш түрлі реңкін немесе әр түрлі үш
түсті бірден сипаттағанда олардың компоненттерін жалғастыра, ұластыра,
үстемелей айтса (
сарғыш қоңыр ала) түстің керекті сипаты көрінеді. Мұндағы әр
сыңар өзін дербес лексикалық бірлік екенін көрсетіп тұруды “қалайды”.
Сондықтан дербес мағыналы түр-түс атаулары
(ақ, қара) құрама есім сыңары
(қара көк, сары қызыл) болып жұмсалса, бөлек жазылуы орынды.
Достарыңызбен бөлісу: