Орфографиясы


тұратын, әр компонент өзінің дербес лексикалық, лексика-грамматикалық



Pdf көрінісі
бет61/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72
тұратын, әр компонент өзінің дербес лексикалық, лексика-грамматикалық
мағыналарынан айырылмаған, алайда компоненттері бір ғана зат пен
құбылыстың атау бірлігі болатын, сөйлемнің бір ғана мүшесі болатын,
жазуда бөлек тұлғаланатын құрама сөздер.


Бұл анықтамадан екі нәрсе айқын. 1. Әр компонент өзінің дербес
лексикалық, лексика-грамматикалық мағынасынан айырылмауы дегенде КС-дің
БС-ден арасы ажыратылады; 2. КС-дің өз сипаты дараланады: екі сыңар ортақ
мағына беріп, номинативтік бірлік ретінде жұмсалады. Мысалы, қалың мал,
пәтір нан, саз бет, көк ала, қызыл қоңыр, он бір, он тоғыз, барып кел, am қора
т.б.
“Күрделі сөздер барлық басқа туынды сөздер сияқты сөзжасам әрекетінің
нәтижесіне жатады. Күрделі сөз мағынасы оның сыңарларының мағынасынан
шығады” (26).
Қорыта айтқанда, КС-дер  БС сатысының алдында тұрған кұрама сөздер,
орфографиялық создікте дау туғызып жүрген бөлек жазылатын БС-дер,
М.Балақаевтың БС классификациясындағы “жайыла БС-дер”.
3.2.
Күрделі сан есімдер
Бүгінде күрделі сан есімдердің компоненттері бір бірінен бөлек
таңбаланады деген қағида емлемізде берік орнықты. Ал аналитикалық тәсіл сан
есім сөзжасамында басты қызмет атқаратыны белгілі. Н.Оралбаеваның
есептеуінше, “миллионға дейінгі күрделі сандар 999980 екені анықталып отыр”
(160. 20). Мысалы, он бір, он екі, тоқсан бір, жүз екі, бір мың алты жүз қырық
бес, бес миллион сегіз жүз қырық тоғыз мың алты жүз жетпіс екі т.с.с. Бір
ұғымды білдіріп, бір санның атауы болатын, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін
атқаратын осындай лексикалық бірліктердің бөлек жазылу тұрпатын тұрақты
иемдену себебі неде?
Кезінде проф. М.Балақаев бұларды “бөлек жазылып жүрген біріккен
сөздер” деп сипаттаған. Ғалымның айтуынша, “компоненттері өзара мүшелік
қатынаста айтылмай, мағыналык, тұтастығы болып, біріне-бірі көмекші, лек-
сика-грамматикалық мағыналарын толықтаушы, айқындаушы сөздер болып,
олар сол түйдегін жазбай, белгілі кұрамда бірінсіз-бірінің дербестігі
болмағандықтан бірге жазылуы тиіс”. Зерттеуші бір жүз, он мың дегенде ғана
бір – жүзді, он – мыңды анықтайтынын, сол себепті бөлек жазылуы заңды
екенін айтады. Ал енді он бір, он тоғыз, жиырма бес деген күрделі сан
есімдерде екі сыңар “тұтас күйінде түйдегін жазбай” тұр дейді (20. 198).
Негізінен, түркі тілдерінің ішінде татар тілі орфографиясы жиырма санына
дейінгі күрделі есімдерді БС деп таниды (161. 66).
Біздіңше, күрделі сан есімдердің бөлек тұлғалануы орныққан қағидаға
айналуы тиіс. Жалпы орфографиялық сөздік, емле ережелерін түзуде, баспасөз,
көркем әдебиет беттерінде, іс-қағаз құжаттарын толтыруда күрделі сан
есімдердің орфограммасы көп қиындық тудыра бермейтінін айта кеткен жөн.
Ендеше, күрделі сан есімдердің босаралықпен таңбалануының негізді
уәждемесі болуы мүмкін. Біздіңше, олар төмендегідей.


“Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі” атты монография авторлары: “егер
тірек компоненттің доминанттылығы (мағына үстемділігі) берік болса, күрделі
сан есім бөлек жазылуы қажет”, деген кұнды пікір айтады (28. 97).
Күрделі сан есімдердің тірек компоненті, әдетте олардың ондық, жүздік,
мындық бөлшектері болып келеді. Бір емес, бірнеше тіркесімділікте
қайталанатын он, жиырма, отыз, қырық, жүз сөздерінің мағына үстемділігінің
болуы оның алғашқы сыңар болуында деп ойлаймыз. Әйтпесе күрделі атаудың
алғашқы сыңары бүтіннің мағынасын бере алатын болса, постпозициядағы
қайталана беретін сыңар дерексізденіп, стандарт тұлғадан аффиксоидталатынын
(аяққап, балақұмар), немесе эллипсиске ұшырайтынын (қарақұйрық (тышқан),
бұзаутіс (қамшы)) білеміз. Мұнда, сөйтіп, санның ондық мәні де актуалданады,
әрі бірлік бөлшегі де маңызға ие болып тұрғандықтан, құрамы қатар көрсетіледі:
он бір, он екі, тоқсан бір, жүз екі, бір мың алты жүз қырық, бес. Бұл бағытта
Н.Оралбаеваның мына сөзін келтіруіміз жөн: “ондық атаулар ондық + бірлік
моделімен жасалады да, мағына компоненттердің мағынасының қосындысынан
тұрады. Ал жүздік атаулар бірлік жүздік моделімен жасалады да, мағына
компоненттердің мағынасының көбейтіндісінен туады”(160. 22). Бұл күрделі
сан есімдердің экстралинтвистикалық мәнділікпен Д
1
Д
1
қатынаста тұрғанының
дәлелі. Мысалы, он үш сөзі санның ондық бөлшегімен де, бірлік бөлшегімен де
тура байланыс жасай атайды. “Бірлік пен ондық аралас күрделі сандардың
бәрінде тірек компоненттің мағынасы сақталып, олардың мағыналастығын
туғызып отырады” (160. 42).
Күрделі сан есімдердің босаралықпен таңбалануының енді бір себебі
олардың иероглифтермен берілу тұрпатынан (11,12; I, V) туындайтын сияқты.
Мысалы, 11, 12, 13, 14, 109, 245 иероглифтерін дыбыстық жазуда белгілегенде,
олардың ондық, бірлік бөлшектерінің тұтас таңбаланып кетуі (жиырмаүш,
қырықалты) таңбаның мазмұн межесін дәл бере алмайды, сөйтіп, жазу-көру
тілінің таңбалық сипаты айқын байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет