Ал қазақ тіл білімінде соңғы жылдарға дейін құрамы мен құрылысы
жағынан ұқсас етістік тіркестері бір категория ретінде қаралып, күрделі етістік
терминімен аталып келуі, аналитикалық етістік те ұзақ уақыт күрделі етістік
саналып келу себебін тілші-ғалым Б. Қасым, негізінен, түркі тілдеріндегі бұл сөз
табының морфологиялық және синтаксистік белгісі жағынан ғана жіктеліп,
компоненттердің лексика-семантикалық байланыстары назардан тыс қалып
отыруынан көреді (162. 101). Автор аналитикалық
тәсіл арқылы жасалған
етістіктерді күрделі етістік
(еріп шықты), етістікті сөз тіркесі (
наздана қарады),
аналитикалық формантты етістік
(еніп алды) және кұранды етістік болып бөлініп
жүргенін айтады. “Жұрнақ арқылы етістік тудыруға негіз болатын есімдер
қатынасса, құранды етістік жасалады:
құрметте – құрмет қыл, үлкейт –үлкен
ет....Құранды етістіктің ауыспалы сыңары көбінесе зат есімдер болып,
морфологиялық табиғаты жағынан әр түрлі формада болады....Құранды
етістіктің бәрі де етістіктің түрлену жүйесі бойынша формасын өзгертеді,
мысалы,
жәрдем еткен, жәрдем етіп, жәрдем еткелі, жәрдем ете алады,
жәрдем етпей, жәрдем етті, жәрдем етер емес” (163. 49- 50) деп кұранды
етістіктің сипатын анықтайды.
Ал күрделі етістік жасауға тек қана толық мағыналы сыңарлар қатысады.
“Күрделі етістіктегі біртұтас лексикалық мағына оның құрамындағы алғашқы
дербес мағыналы етістіктердің мағынасының кірігіп, жымдасуынан, абстрак-
цияланып, біртұтас лексикалық мағынаға көшуінен жасалады.
Алып бар деген
күрделі етістіктің мағынасы алудың да, барудың да мағынасын қамтитын
біртұтас күрделі қимылдың аты...олардың әрқайсысынан кең мағына” (162. 106)
дейді Б.Қасым.
Ал етістіктің аналитикалық форманттары құрамындағы морфемалар бір-
бірімен жымдасып кетпей, қосымша негізгі етістікке қосылып, көмекші етістік
бөлек жазылатынын айтқан Н.Оралбаева “бірақ сыңардың тұтастығы
– мағына-
сында, құрамының тұрақтылығында,
орындарының беріктігіңде, сыңарларының
үнемі қатар қолданылуында" (164. 8) дейді. “Көсемше мен көмекші етістігінің
мағынасы кіріккенімен, тұлға жағынан жымдаспай және морфемалардың
арасына
сөз ене алмауы, күрделенген аналитикалық формант құрамының толық
сақталып, кірігуі сирек кездесуі
– етістік сыңарларының көсемше жұрнағы
арқылы байланысуына қатысты” екенін атап көрсетеді (164. 28).
Сөйтіп, бұл пікірлерден күрделі етістік орфограммасының негіздерін
көруге болады.
Кезінде А.Байтұрсынұлы күрделі етістік
компоненттерінің бөлек
жазылуын былай деп уәждеген: “онан басқа тағы бір байқалып жүрген нәрсе
–
сөздерді қосып жазуға құмарлық,
бара алмайды дегенді
баралмайды деп жазу
керек дейтін бар. Бұл
– қосылып айтылып тұрған сөздердің біреуі көсемше
етістік, екіншісі көмекші етістік. Бұл екі түрлі етістіктің бірлесіп айтылуы ылғи
бір көсемше, бір көмекшіден болып отырмайды. Онан көбірек болып бірлесетін
орындары бар” (6). Сонда аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістік
сыңарларының бөлек тұлғалануы әр компоненттің дербес түрлене алуынан
шығады екен. “Түркі тілдеріндегі атауыш сөздердің ішінде тек етістікке жататын
түбір сөздер сөз тіркесін жасай алмайды, яғни түбір күйінде басқа сөздермен
байланысқа түспейді” (149. 8) деген Ы.Маманов.
Екі морфемадан тұратын етістіктердің бөлек таңбалануының тағы бір
себебін бір көмекші етістіктен бірнеше аналитикалық формант жасалуынан да
іздеуге болады. Проф. Н.Оралбаева “аналитикалық форманттар құрамында не
бәрі 70 көмекші етістік қолданылатынын” (164. 77) айтады. Б. Қасым күрделі
етістік құрамында қайталанатын 20 шақты тірек компонент 2000-ға жуық
күрделі етістік жасайтынын, оның ішінде
кел, кет, қайт, ал, бер етістіктері 230-
80 аралығында күрделі етістік туғызатынын көрсеткен. Мысалы:
алып келді,
айдап келді, айтып келді, байқап келді, беріп келді, керіп келді, еріп келді, көшіп
келді, қайтып келді, біліп келді т.б. Етістік сыңарының өте көп тіркесімділікте
қайталанып, грамматикалық мағына тудыруы
оларды шылау қызметіне
теңестіріп, бөлек жазылуын уәжді ететін сияқты.
Сонымен катар проф. Н.Оралбаеваның мына пікірін күрделі етістік
сыңарларының бөлек жазылуының жалпы негіздерін ашуға тірек етіп алуға
болатынын айтамыз: “Көмекші создер аналитикалық формантқа қатысты, сон-
дықтан аналитикалық форманттың сөзге тіркесуі де жалғамалылыққа қатысты.
Түркі туыстас тілдердің грамматикалық құрылысы бойынша грамматикалық
элементтің сөзде жігі анық көрініп тұрады.
Осы ерекшелік грамматикалық
элементтің сөз құрамындағы өзіндік дербестігі деп саналады” (164. 93).
Негізінен, етістік түрлерінің ішінде құранды етістіктердің бірге тұлғалану
құбылысына ұшырайтындары бар. Мысалы:
ержету, демалу, бойжету, бойұру.
Мұнда есім сыңардың түбір күйінде жұмсалуы және осы тіркестер беретін
ұғымды тіл өзіне таңбалау қажеттілігі, алғашқы атау болып қалыптасуы тіркестің
универбтелуіне әкелген.
Құрама сөздердің ішінде етістіктің босаралықсыз таңбалануы сирек
құбылыс десек те, тіл тарихы
алып кел, алып бар, алып кет сияқты күрделі
етістіктерінің (
алу және бару, апару және беру, алу және кету) әкел, апар, әкет
болып қысқарып, кірігуінің куәсі болып отыр. Ал шындығында күрделі етістікке
қарағанда аналитикалық формантты етістіктердің, мысалы,
келе жатыр –
келатыр, бара жатыр – баратыр, ұйықтап жатыр – ұйықтабатыр болып
кірігуі уәжді еді: мұнда екінші компонент тура мағынасында жұмсалып тұрған
жоқ. Бір сөзден тұратын күрделі қимыл атауы енді басқа күрделі етістік жасауға
қатынасады. Мысалы:
әкеліп бер, апарып таста, апарып жаз т.б.
Сөйтіп, жазба тіл нормаланып, кодификацияланғанға дейін құрамы
кіріккен етістіктер ғана бірігіп жазылатын болды да, қалған жағдайда
аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістік сыңарларының бөлек жазылуы
дәстүрге айналды.
* * *
Қорыта айтқанда, қазақ тіліндегі бөлек жазылатын құрама сөз күрделі сөз
терминімен аталып, олар номинативтік атау тұрғысында қаралады, сондықтан