2.3. Біріккен сөз және бірге тұлғалаудың
семантикалық белгілері
Сонымен, біз бірге таңбалаудың формалды белгісі мазмұн
межесіндегі семантикалық тұтастық негізінде шығып отыратынын, ал
арнайы форманттар ұғымның универбтенуін тездететінін көрсеттік. Сөздің
берілу формасы тек жазуда ғана таңбаланбайды, алдымен ол ұғымда,
санада, ауызша тілдің мазмұн межесінде таңбаланады. Сондықтан бұл
сипат кейде жазуда бірден көрініс табады, кейде уақыт өте келе
бейнеленеді. Соңғысы формалды белгісі жоқ түріне қатысты. КС-дер
орфографиясында шешуін т аппай жүрген мәселе де осы қатармен
байланысты. Расында да, негіздер лексикаланып, идиомаланып, бір
дыбыстық жамылғыш астына жинақталуын қалай түсіндіруге болады?
“Тіл-тілде семантикалық тәсілмен жасалған күрделі субстантивтердің
статусын анықтаудың едәуір қиындығы” (28. 229), сөздерді бірге таңбалаудың
ғылыми негізін түсіндірудің қиын екені (95. 276), БС-ді КС-ден ажыратуда
семантикалық тұтастық белгісі – БС-дің басты белгісі бола алмайтыны, себебі
семантикалық тұтастық белгісін түсіндіруде әр түрлі көзқарастар барлығы, және
оның БС’- дің барлық түрінде бірдей емес екенін, сондықтан олардың түрліше
сипатта көрінетіні тілші ғалымдар тарапынан айтылып келді (22. 56).
Тілдің үш қызметі: номинация, предикация, локация жалпы семиотиканың
үш аспектісіне – семантика, синтактика, прагматикаға –сәйкес келеді (112. 249).
Мұндағы номинация семасиология, семантикаға тікелей байланысты
екендігі айқын. Таңбаның тілдік жүйесінің типтері –сөз, граммема, морфема,
фразема болса, оның мазмұн межесінің бірлігі – семема, тұрпат межесінің бірлігі
- лексема. Сонда белгілі болған бір денотатқа, я болмаса кұбылысқа берілетін
атау, яғни лексема референттің бойындағы бірнеше белгінің, семаның
сұрыпталып, қорытылуы нәтижесінде, немесе атауға негіз болатын бір белгіні
актуалдану нәтижесінде, немесе мәнді ғана белгілері жиынтығы нәтижесінде
(112.13) туады. Оның себебі – тілдік таңба мазмұн өресі тілдік таңбаның 1)
қоршаған ортамен қатынасы (сигматика); 2) қолданушымен қатынасы
(прагматика); 3) мәтіндегі басқа таңбамен қатынасы (синтактика); 4) жүйедегі
басқа таңбамен қатынасы (семантика аспектілерінде қаралуында (45. 330).
Жалпы, атау референт-ұғым-атау үштік қатынасы немесе реалий-ұғым-
атау (113. 249) арқылы түсіндірілетіні белгілі. Атау үшін аса қажетті және ерекше
нәрсе оның ұғымдық және заттық жақтарының қатысы болып табылады. Осы
қатынастан шығатын сөздің атауыштық қызметі оның “барлық басқа да
мағыналары мен қолданылуынын қоғам таныған негізгі тірегі” (75.) болады.
Алайда атау мағынасы жан-жақты семантикалық даму, ауысу үстінде болады.
“Значение – процесс, динамическая иерархия процессов” (114. 8). Олай болса,
КС-дердің жазудағы біріккен тұлғасының уәждемесін олардың мағынасындағы,
семантикасындағы өзгерістерден іздеу керек. Қазақ тілі окулықтарында БС-дерге
“семантикалық бір ұғымды білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі бола алатын, бір
фоноциямен айтылатын, дыбыс үндесу зандарына әсер ететін сөздер” (17. 9);|
"компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгерістерге
ұшырамай-ақ, өзара бірігіп, жинақталған біртұтас лексика-семантикалық мағына
білдіретін күрделі сөздер”( 18.139); “толық мағыналы екі сөздің тұтасып
жымдасу нәтижесінде әдепкі лексика-грамматикалық мағынасынан айырылып
(не күңгірттеніп), жаңа лексика-грамматикалық мағына тудыратын сөздер
бірлестігі” (20. 200), “кемінде толық мағыналы екі сөздің тұтасып жымдасуы
нәтижесінде, әдепкі лексика-грамматикалық мағынасынан айырылып, жаңа
лексикалық, соған лайық жаңа лексика-грамматикалық мағына тудыратын
сөздер бірлестігі” (28. 209) деген анықтамалар беріледі, яғни БС-дің негізгі
белгісі делініп сыңарлар мағынасындағы өзгеріс, арасындағы катынас айтылады.
Бірақ ол өзгерістер қандай процестер негізінде жүретіні тіпті жалпы тіл білімі
зерттеулеріңде де айтылмайды.
Осы бағытта Н.Уәлиұлы фразеологиядағы коннотат-денотат теориясын
құрама сөз сыңарларының бөлек, бірге жазылуы негізін ашуға қолданады.
“Денотат в нашей концепции – реалия внешнего мира, отраженная и
закрепленная сознанием в значении слова, обозначенная словом. Реалии не
имеющие языкого выражения, денотатами не являются. Итак, денотативные
семемы, это прежде всего образы денотатов. А лексемы с коннотативными
семемами являются дополнительными наименованиями мысленных образов
денотатов, уже имеющих первичное наименования” (115. 31-32).
Осы тұрғыда Н.Уәлиұлы КС-дердің “экстралингвистикалық мәнге сәйкес
келетін атау сыңары Д
1
,-(денотат 1)-мен,экстралингвистикалық мәнмен тікелей
емес, жанама байланысы бар атау сыңарлар Д
2
(денотат 2)-мен, “соларға ұқсас"
деген сыңарлар К
1
, (коннатат 1)-мен, ал синхрондық тұрғыдан мүлде белгісіз,
уәждемесі жоқ деген атау сыңарлар К
2
- мен белгіленеді. Мұндағы семалар
экстралингвистилық мәннен (Д
2
,) алшақтап (Д
1
, K
2
) және одан қол үзген сайын
(K
2
) екі кұрамды күрделі есім сөздерді бірге үрдісі күшейе түседі” дейді. Және
автор құрама сөздердің ішінде дұрыс жазылуы қиындық келтіріп жүрген Д
1
,Д
1
,
Д
2
Д
1
қатынастағы құрама сөздер екенін айтады (5. 40).
Расында да, компоненттері экстралингвистикалық мәнділіктен алшақтай
қоймаған жалақы, уыққап, итаяқ сөздері бірігіп, ал жер ошақ, кәрі жілік,
мойын омыртқа сияқты сөздер неге бөлек жазылады?
Мәселені шешу мақсатында БС мағынасының уәжді- уәжсіз-идиомалану
сипатына қарай эндоцентрлі БС-дер және экзоцентрлі БС-дер деп бөліп алу
жөн сияқты. Мұның біріншісінде БС мағыналарының сыңарлар мағынасынан
туынадауы нысанаға алынады, яғни универбті “жаймалағанда” оның сөйлем, сөз
тіркесі мағынасына сәйкес сипаты ескеріледі. Мұндай әдіс тіл білімінде
Достарыңызбен бөлісу: |