қоскіндік (мал ауруы), қосаяқ, кырықаяқ, қылқұйрық, сасықтабан (мал ауруы), шілдекртыр (ауру), қаламұш, үрпексары, қарақаптал (мал ауруы), сартабан, тоқалтіс, тышқанқұйрық, кезқұйрық, көксары, семсерқұйрық, қосауыз, сабауқұйрық, ақиық, бізқұйрық (құс), бізтұмсық, дөңмаңдай (балық), ементұмсық, ескектұмсық (балық), көкжал, қалқантұмсық, қаракөз (балық), қарақұлақ, сарбалақ, тараққұйрық (тышқан), балтатұмсық сияқты бүтіннің
орнына бөлшек, жалпының орнына жалқы, үлкеннің орнына кіші аталатын
синекдохалық қолданыстағы БС-дерден тұрады. Бұларды Д
2
Д
2
қатынастағы
атаулар дей отырып, эндоцентрлі БС сыңарлары мағыналарының идиомалану
сипатының күшеюін аңғартамыз. Мұнда әр компоненттің экстралингвистикалық
мәнділікке қатысы жанама десек те, бұлардың бір кезде гипер-гипонимдік
қатынастағы (қосауыз мылтық, сабауқұйрық тышқан, қосаяқ тышқан, бізқұйрық құс, кезқұйрық құс, шөгелтабан бүркіт, қаратамақ құс)атаулар
болып жұмсалып, дифференциалды семасының актуалдана, бүтін ұғымның маз-
мұнына теңесуі, сөйтіп, атаудың өзіне айналуын тіл өз ішінде басынан кешіруі
(гипоним сыңардың эллилсистенуі) бұл топтың уәжін көрсетіп тұрады (Д
2
Д
2
).
Мұндағы гипонимдер, яғни бірігіп жазылған сыңары бүтіннің бөлшегі ретінде
жұмсалып, біртұтас мағынаға ие болады. Мысалы, “Ол қосауыз мылтықты
асынып, аңға кеттің деудің орнына, “ол қосауызды алыл аңға кеттің десе де, сол
мағына беріледі. Сөйтіп, бұл БС-дер сөз тіркесінің бір сыңары бола отырып,
гипероним сыңарының барын керексінбейді де, яғни тіркестің бүкіл мағынасын
бойына “сіңіріп”, сыңар дербес бой көрсетеді. ҚТОС-інде (1988) өсімдік (биебау, бозбұға, биеқарын), құс (ақиық, аққұйрық), балық (ақмарқа, акқіс, көксерке)
атаулары - гипероним сыңарларын жасырып тұрған БС-дер. Олардың есімдік,
балық, құс, көде екендері реестр жанында жақшада берілген, яғни бүтіннен
шыкқан бөлшек қайтадан бүтінге айналады.
Мысалы, ақиық атауы – “түсі қара қоңыр, басы мен желкесі сарғыш,
топшасы (“иығы”) ақ, сұрғылт, құйрығының үстінде көлденең қара жолағы бар
бүркіт тұқымдасына жататын жыртқыш құс” (ҚТТС, I т. 141-б.) денотатын
белгілейді. Атаулы ақиықтардың қиян тұрағы да Алатау мен Қаpamay ғой (Ә.Кекілбаев, Екі бүркіт.). Мұнда бірнеше семаның ішінен айрықша бір
дифференциалаушы сема - құстың қара қоңыр, басының сарғыш, құйрығының
қара жолақты белгілері емес, топшасының ақ түстілігі – таңдалып алынып,
тіркес құрамында қайталана, бұл гипоним сыңарының эллипсистенуі номинация
процесін аяқтайды. Және белгінің заттық мәнділікті жанама атауы (құстың
топшасын иық деп алу), тіркестің Д
1
Д
2
қатынаста тұруы, оларды универбтейді.
Мұнда композит сыңарлары экстралингвистикалық мәнділіктен алшақтай
қоймайды.
Тілде, сонымен қатар, ақсақал, арамтамақ, қандағаш, айырқұйрық, аюқұлақ сияқты композит мағынасы сыңарларының мағынасынан тумайтын БС-
дер бар. Біз оларды жалпы тіл біліміндегі таптастыруға сай экзоцентрлі БС-дер деп алдық. Және оларды іштей мынадай топтарға бөлдік. 1-топ мағына ауысуының метонимиялық түрінен келіп шығады. Тілдік
метонимияда бір сөздің дифференциалды семасы келесі сөздің негізгі
семантикалық компоненті болып қаланады. Әдебиеттерде метонимия белгілі
заттар мен құбылыстардың сыртқы және ішкі мән-мағынасының реалды
байланыстылығына қарай алмастыру амалы деп сипатталады. Осы негізде
қарғатұяқ, атқұлақ, ботақұлақ, мысыққұйрық, бұзаубас, кемпірауыз, атқұлақ, аютабан, биеемшек, биеқарын (өс.), ботакөз, ботатабан, ботақұлақ, бөріаяқ, бөрікөз, бөріқұлақ, ешкіқұйрық, итқұйрық, итқұлақ, итмұрын, қазтабан,