Орфографиясы


  Құрама сөздерді бөлек, бірге тұлғалаудың



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата12.03.2017
өлшемі0,69 Mb.
#9241
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1.3.  Құрама сөздерді бөлек, бірге тұлғалаудың
теориялық негіздері
Адамзат сөйлеу тілінің пайда болғанына қырық мың жыл болса, жазу тілі
алғаш бұдан алты мың жылдай бұрын шыққан (45. 325).
Бодуэн  де  Куртенэ  терминімен   айтқанда   бұл   “жазу-көру”   (писанно-
зрительный) тілі абстракті ойлаудың пайда болуымен тығыз астасып жатыр. Осы
абстрактіліктің   шарықтау  шегіңде,   б.э.д.   VIII-VI   мыңжылдықта   қолданылған
пиктографиялық жазудың шыққан мерзімі – ең алғашқы сурет өнерінде әр түрлі
суреттерді   бейнелеу  қызметінен   бірдеме   жайында   хабарлау  қызметіне   ауысу
кезеңінен   бастау   алып,   ол   бейнелеуші   кескіндеме   таңбалар   б.э.д.  ІV
мыңжылдықтарда,   яғни   алғашқы   қауымдық   құрылыстан   құл   иеленуші
құрылысқа өтер кезде идеограммалық жазуға, қазірде логограмма (logos, грекше
сөз деген мағьшада) деп аталып жүрген, мағыналық белгісін ғана көрсететін
символдық   қызметі   басым   таңбаларға   ауыса   бастайды.   Мұнда   сөйлеудің
мазмұнын білдірумен бірге, оның бөлшектері – сөздерді, сөздердің синтаксистік
орын тәртібін, кейбір жағдайда сөйлеудің фонологиялық жағын  да  ажыратып
беру пайда бола бастады.
Сөйтіп, б.э.д. II мыңжылдықта енді адамзат графика, идеограммалардың
жүйесінен бірте-бірте құтылып, фонемограммалар жүйесіне, сөйтіп, өздерінің
салған  кескіндемелерін  түсініп,  талдап  қарауға  көшті. Жазудың  онтогенездік
даму  тарихындағы маңызды  бір бетбұрыс  та осы  болып табылады. “Тілдің
мазмұн   межесін   бөлшектеп   бейнелеуден   енді   тұрпат   межесін   бөлшектеп,
кескіндеу” (45. 327), расында да, ұлы жетістік еді. Сөйтіп, тілдің жазба формасы
немесе   жазба   тіл   (46.   12)   өзінің   тарихи   дамуында   бейнелеуші   таңбасынан
шартты, одан кейін тіптен уәжін жоғалтқан шарттылыққа ауысты (47. 241). Жазу
адамдардың белгілі бір уақыт пен кеңістік алшақтығында тұрып, белгілі бір
мазмұн мен мағына беріп (48. 7), қарым-қатынас  жасай  беру  қажеттілігінен
туындап, кейін өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауға
мүмкіндік беретін құралға айналды.
Әрине,  жазу  –  қарым-қатынастың ауызша сөйлеуден кейінгі құралы. Ол
сөз   саптаудағы   барлық   мүмкіндіктерді  ол   бсре   алмайтыны   өз   алдына,  өте
қарапайым деген тілдік қолданыстарды көрсете алмайды (49. 123).
Дегенмен   жазудың   саналы  қоғамдағы   қызмет   ауқымының   кеңейіп,
коммуникативтік қызметті бүгіндей өз қолына алып  бара  жатқаны соншалық,
енді   ол   өзіне   тұрақты   құрылымы   мен   жүйесі   бар   таңба   ретінде   қарауды
қажетсінетін   қарым-қатынас   құралына   айналып   отыр.  Белгілі   қашықтықта
тұрып   қатынас   жасаудың   хат,   жолдаухат,   сәлемхат   жолдары   бүгінде
компьютерленген,  автоматтандырылған  интернет,  пейджерлік   жүйесімен   іске
асырылады. Белгілі жазба дүниелерді тез, сапалы оқудың автоматтандырылған
әдістері пайда бола бастады. Тіпті компьютер өзінің жадындағы материалдарды
стильдік   жөндеу,  саралау  сияқты   бірқатар   жұмыстарды   алдын-ала   енгізілген

бағдарлама   арқылы   атқара   беруі  –  жазба   тілдің   жүйелі   кұбылыс   ретінде
қалыптасып   үлгергенінің   жемісі.   “Жазу   тілдік   бірліктерді   жеткізудің   тұрпат
межесін емес, мазмұн межесін көрсететін” (45. 327), соны айғақтайтын жүйелі
таңбаға айналып отыр. Сондықтан жазу қажет деген мазмұнға жетілген нормасы
бар форма болып қалануы тиіс дейміз.
Тілші ғалым Т. А. Амирова  жазба тіл  мен  ауызша тілге  былай деп
сипаттама береді: “ (l) в плане выражения: (а) субстанцией совершенно разной
природы; (б) формой во  многих отношениях различной и, по-видимому, обра-
зующей   вполне   специфические   системы;   (в)   парадигматическими   и
синтагматическими   отношениями,   во   многом   сходными   и   во   многом
различными; (2) в плане содержания: (а) субстанцией одной и той же природы,
но не совпадающей в разных участках своего спектра; (б) формой, во многих
отношениях сходной но не совпадающей и, по-видимому, так же образующей
вполне специфические системы; (в) парадигматическими и синтагматическими
отношениями, во многом сходными, но в ряде существенных черт отличными”
(46. 36.).
Сондықтан   ғалым  жазба  тіл   жүйесінің   құрылысы   дыбыстау   мен
таңбалаудан бастап, таңбалау және оны дыбыстаумен, әрі тіл тұтынушыларға
ортақ норманың қалыптасуымен аяқталатынын айтады (46. 117). Бұл сөзді дұрыс
жазу және дұрыс айту нормаларының жиынтығына бастайды. Орыс лингвисі
Л.В.Щерба бір сөзді әркім әр түрлі жазуына болады, өйткені беретіні бір мағына,
бірақ та біз оларды тұрақты бір формасы арқылы ғана танып отыруымыз керек
(50. 49) деген екен. Жазудың эволюциялық даму тарихы  идеограмма  типтері
фразограмма, логограммадан басталып, фонограмма типтері фонемограмма мен
силлабограммаға өтуінің өзінде тілдің белгілі бір қағидалы нормасы бар форма
іздеуі жатқанын көреміз. Фонологиялық жазуға дейінгі кезеңге С.М.Кузьмина
былай   деп   сипаттама   берген:  “оно  расматривалось  как   средство   передачи
произношения,   описывались   отношения   между   буквами   и   кратчайшими
единицами звучащей речи –звуками” (51. 7-8).
Сөйтіп,  келе-келе  жетілген  жазу теориясы  екі бөлікке: дұрыс  жазу мен
тыныс  белгілерді   дұрыс   қолдануға   бөлінді.  Пунктуация  жазудың   жетілген
кезінде пайда болды (52. 308).
Пиктографиялық  жазу  әр   тілде   сөйлейтін   халықтар   мен   ұлыстардың
бәріне ортақ тіл болғаны белгілі. Осы жазудан бізге математикалық таңбалар:
цифрлар, қосу, алу, көбейту, бөлу, теңдік, үлкен-кішілікті білдіретін таңбалар,
сондай- ақ, лексикалық, морфологиялық бірліктерді ажыратып, біріктіріп, дефис
арқылы беру, сонымен қатар, нүкте, үтір сияқты пунктуациялық белгілер жетіп
отыр. Л.B. Щерба бұларда жартылай дыбыстық, жартылай иероглифтік мағына
бар дейді (53. 194).
Сонымен   бірге   идеограммалық   немесе   логограммалық   жазудан   бізге
сөздердің,   яғни   логограммалардың   тіркесіп   қолданылуы   жеткен   сияқты.
Мысалы, қытай тілінде “от” дегенді білдіретін та деген логограмма “әйел” деген

мағынадағы айқындауышпен тіркескенде “ана, шеше” дегенді, “екі ауыз” деген
мағынадағы айқындаушымен тіркескенде “ұрсысу” дегенді білдіреді (54. 31-32).
Сонда қазіргі қытай тіліндегі көп буынды сөздер бір буынды сөздердің
бірігуінен шығады. Ол бірігу процесінің дамуы кіріккен түбірлерге, одан негізі
ажырағысыз түбірлерге және аффикстерге апарғанын тіл тарихы көрсетіп отыр.
Сондықтан сөздердің бірге тұлғалануының негізі логограммалық жазу типінде,
яғни   тілдің   ұғымдык   сипатында   жатқаны   байқалады.   Мысалы,“туу”   деген
мағынаны  құс  және  жұмыртқа,  “жеу” мағынасын  нан  және  ауыз,  “жауын”
мағынасын жұлдыз және су, “қарау” мағынасын көз және садақ, “ашулы” деген
мағынаны  көз  және  ит  логограммаларын   қатар   қою   арқылы   түсіндірген.
Сондықтан, біздің пайымдауымызша, бүгінгі тілімізде нақты атаулардан гөрі
дерексіз атаулардың аффиксация және бірігу немесе аналитикалық тәсіл арқылы
жасалуы басымырақ.
Орфографияның  иероглиф  немесе символдық принципінің  жазба тілдің
ақпаратты   беруші   мен   қабылдаушы   арақатынасын   жақындастырудағы   ролі
күшті. Ол дыбысталуы бірдей мағыналары басқа сөздерді жазуда ажырату үшін
қолданылады. Мысалы,  хал  сөзін  қал  атауымен шатастырмау үшін <х>, <қ>
әріптерімен   белгілейді.  Айжарық  жалқы   атауын  ай   жарық  предикаттық
қатынастағы   құрылымнан  ажырату  үшін,   біріншісін   бас   әріппен   және
сыңарларын   бірге   таңбалайды.   Сөйтіп,   сөздерді   бірге,   бөлек   таңбалауда
символдық принцип араласатынын көреміз. Ал символдың таңбалар жүйесімен
тікелей   қатынасы   бар   екені   белгілі.   Ендеше   жазу-сызуға   таңба   теориясы
тұрғысынан келу орынды болмақ.
Жалпы,  таңба ұғымының  ауқымы кең. Ол  –  әдебиет, тіл,  астрономия,
архитектура,   математика,   экономика   салаларында  еркін   қолданылады.   Бұған
ағылшын ғалымының мына сөзі дәлел:  “наука и знаки–неотделимы друг от
друга, поскольку наука дает в распоряжение людей все более надежные знаки и
представляет   свои   результаты   в   форме   знаковых   систем.   Человеческая
цивилизация невозможна без знаков и знаковых систем, человеческий разум
неотделим от функцирования знаков –а возможно, и вообще интеллект следует
отождестовить именно сфункционированием знаков” (55. 38).
Тіл   таңба   болған   соң,   оның   таңбалаушы   және   таңбаланушы   екіжағы
болады. Теориялық әдебиеттерде бұл туралы аз айтылып жүрген жоқ. Тіл өзінің
қызметін ауызша және жазба формада атқаратыны белгілі. Біздіңше, таңбаның
ассиметриялы екі жағы тілдің  тек ауызша  формасына ғана қатысты айтылып
жүр. Мұнда  мазмұн межесінің бірлігі  –  семема да,  тұрпат межесінің бірлігі  –
лексема. Ал лексеманы одан ары бөлшектесек, фонема - тілдің ауызша форма-
сының тұрпат межесі де, дыбыс – мазмұн межесінің бірлігі. Мұнда алғашқысы
белгілі бір ақиқат, ұғымды берсе, сонысы сол құбылыс, зат туралы ұғымды
атайды,   яғни   тілге   таңба   салады:   тіл   парадигмасындағы   фонемалар   тізбегі
арқылы лексема  ұйымдасады. Ауызша тіл тілдің өмір сүруінің бір формасы
болса,   жазба   тіл   (бүгінде   коммуникативтік   қызметі   қарқындау  үстіндегі   тіл)

екінші формасы ретінде таңбалар жүйесі болып қаралуы керек. Жазуға таңбалар
жүйесі ретінде қарау көп мәселенің басын ашатын сияқты.
Осы   тұрғыдан   зерттеуіміздің   нысанасы   құрама   сөздердің   бірге,   бөлек
таңбалануындағы тірек-таяныш таңбаның жоғарыда аталған асссимметриялы екі
жағы болуға тиіс деген тоқтамға келеміз. “Дыбысталған сөзді арнайы таңбалар
жүйесімен хатқа түсірудің” (56. 240) негізін Н.Уәлиұлы дыбыс-фонема-графема-
әріп   қатынасы   тұрғысынан   түсіндіреді.  “Инвариант-вариант  теориясы
тұрғысынан ауызша тілдің ең шағын дыбыстық тұлғасы фонема-инвариант, ал
оның сөздегі репрезентантары – тілдік дыбыстар – варианттар болып табылса,
жазба тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең шағын тұлғасы  –  графема-
инвариант, ал оның репрезентант варианттары әріптер болып табылады. Ауызша
тілдің дыбыс кұрылымыңдағы мағынаға әсер ететін ең кішкене тұлға – фонема
және осы тұлғаның (единицаның) субстанциясы (материализациялануы), яғни
сөз   дыбыстары   түрінде   өмір   сүруі,   фонемалардың   жазба   тілде   суб-
станциялануы,   яғни   таңбалануы  (графема),  ол   таңбалардың   билатериалдық
сипатта болуы (мазмұн жағынан фонеманы білдіруі, тұрпат жағынан белгілі бір
символ  (сурет)   түрінде  болуы)   ауызша  тіл  мен  жазба   тілдің   байланысып
анағұрлым   тереңде,   атап   айтқанда,   құрылымдық   элементтердің   деңгейінде
екендігін байқатады” (5. 14, 15).
Сонымен,  жазба   тілдің   таңбалық   сипаты,   біздіңше,   былай   болып
келеді. Мазмұн межесі    фонема  (“фонема  абстракті  единица  болғандықтан,
табан тірейтін негізгі дерек – дыбыс, дыбысталған сөз болуға тиіс, себебі фонема
алдымен сөз дыбыстарында көрінеді, сөйтіп, абстракті единица дыбыс арқылы
материалға айналады, олар белгілі бір дыбыстық құндақта өмір сүреді” (5. 15)),
екіншіден, морфема және олардың универб, предикаттық қатынас форма-
лары  болса, тұрпат межесі    әріп, әріптер, олардың кескінделуі  (бас әріп,
кіші әріп, сонымен қатар, арнаулы әдебиеттерде берілетін курсив, асты сызылған
немесе бояуын түрлендіріп,  не  қалыңдатып берген әріптер); және  әріптердің
босаралықпен,   қосаралықпен,   босаралықсыз   таңбалануы
 болып
табылады.
Бір қарағанда, әліпбиді білетін кез келген адам зат пен  құбылыс  атауын
таңбалағанда көп қиындыққа тап бола бермейді. Тілдің ішкі заңдылығы, норма,
ереже дегеннен  бейхабар  адам, мысалы,  орындық,  денотативін  тұлғалағанда
орындық>,   <орұндық>,   <орұндүқ>   бір  инвариант  фонеманың  тілде   көрініс
беретін әр түрлі манифестанттарын қолданса немесе  ақсақал  сигнификативін
универб   формасында  емес,  перифраза  түрінде   таңбаласа  да,  бұлардың
жеткізуші тарапынан мазмұн межесі бір. Бұл арада  айта  кететін жай  –  сөзді
айтушы мен сөзді естуші арақатынасы сияқты, сөзді жазушы мен сөзді естуші
арақатынасы туралы мәселенің мәні зор екендігі. Осы арақатынастағы  өзара
тепе-теңдік, өзара келісім сақталмаса тілдің коммуникативтік функциясының бір
қыры кемитіні аян. Сондықтан жазу-сызу өзінің  о баста пайда болған  күнінен
бастап тұрпат межесін оңайлатуға ұмтылып келеді, мазмұн межесінде болып
жатқан   өзгерістер   мен   өзгешеліктерді   барынша   қамтуға   ұмтылумен   келеді

дейміз. Сондықтан норма, емле, орфография, оның принциптері деген мәселелер
жазу-сызудың   жетілген   кезімен   қатар   шығып,   бүгінде   маңызын   жоғары
арттырып отыр.
Дегенмен   тілімізден  айналу//айлану,   ажым//әжім,   күнә//   күна,
күнәкар//күнақар  сияқты  метатеза,   эпентеза  құбылыстарына   түскен   әдеби
варианттардың   жарыса   қолданылып,   күрделі   атаулардың   бірге,   бөлек
тұлғалануының алуан түрлілігі көптеген жылдар бойы сақталып, тіпті кейде
маңызды мәселеге айнала қоймауын көреміз. Бұл орфографиядағы дәстүрлілік
принципімен   байланысты   сияқты.   Тілдік   таңба   қарым-қатынастың   бірнеше
жолдарына түсіп, денотативтік және сигнификативтік жиілікке  (денотативная
частотность)  ұшыраса,   таңбаның   тұрақтылығы   артады.   Мысалы,  кіна
сигнификативін 1988 жылғы орфографиялық сөздік  деп  осы формамен беруді
қадағаласа  да,  тілді  тұтынушы  кінә,  кінәнің,  кінәге  формасымен   таңбалауды
“тастамайтыны”   тіліміздегі   жазу-сызудың   жетілуінің   бастапқы   кезеңдеріндегі
дәстүрлілікке  байланысты. Сол  сияқты  қолғап  денотативін жазу-сызуда бірден
осы   формада,   яғни  морфема  жөніндегі   дауыссыздардың   ассимиляцияға
ұшыраған, біріккен формасында көрінуі, осы үлгідегі басқа тіркестердің жазуда
бөлек таңбалануына кедергі болмады (киіз қап, кесе қап, аяқ қап, уық қап). Тек
орфографиялық   сөздіктің   соңғы   басылымында   ғана   бұларды  универб
тұрпатымен беру ұсынылды.
Сонымен,  жазу-сызудың   зерттеу   нысанымызға   қатысы   тұрғысынан
келгенде  форма мен  мазмұнның маңызы ерекше екенін байқаймыз. Жазудың
тұрпат межесі жазудың мазмұн межесін дәл ашып көрсете алмаса, тілдің комму-
никативтік қызметі әлсіреп, адамдардың ойлау қабілеті тоқырауға ұшырайды.
Тұрпат   межесі   таңбаның   мазмұн   межесін   қашан  да  дәл   бейнелеп,
қанағаттандырып   отыру   керек.   Бұл  –  әсіресе   морфемалардың   бөлек,   бірге
таңбалануына   байланысты.   Ал   морфемалардың   бөлек,   бірге   таңбалануы
ұғымдық деңгейден көрініс беретіндіктен, бұны орфография көлемінде шешіле
қоятын   шарттылық   деп   түсіну   өзін   жоққа   шығарды.   Мысалы,   емлеміз
қалыптасуының алғашқы кезендерінде “бір зат не ұғымның атауы” болған, “бір
деммен   айтылатын”   КС-дердің   бәрін   біріктіру   жөн   деп   саналынды.   Бірақ
ауылшаруашылығы, атойсалды, бойұрды  сияқты біріктіріліп жазылған  форма
мазмұн межесіне жауап бере алмады.  Кейін  мазмұн межесін  толық ашатын
біріккен күрделі атаулар қалдырылып, бірігуі күмәнді деген басқа күрделі атаулар
бөлек жазылатын формаға көшті. Одан барып емледе бірізділік болу керек деген
қағидамен, барлық күрделі атаулар бөлек таңбаланса, КС- ге қатысты мәселелер
шешілетін сияқты болды. Бірақ бұл тұрпат мазмұн межесіне тіпті қайшылық
әкелгендей  болды.  Сөйтіп,  форма  мазмұн   деңгейіне   бойлауға   әкелді:   сөздің
мағыналық жақтарына назар аудару басталды. Мысалы, бір кездері ажыратыла
беріліп келген қосауыз денотаттық атауы бүгінде бірге жазылады, яғни жазудағы

тұрпат   межесі  –  босаралықсыз   жазу.   Тұтас   интенсионалдық   ұғым   болған
қосауыз  сөзі өзінің тіркес  түріндегі тұрпат межесін “қанағат қылмай”, жаңа
форма іздейді: қос ауыз болып бөлек жазылу мазмұн межесін дәл бере алмайды.
Сөйлем түріңдегі (“оқ шығатын екі тесігі бар қару”) ұғым қос ауызды мылтық,
тіркесі   түрінде  формаға  түсті,   кейін   дифференциалды  сема  атау  дәрежесіне
жетіп,  қосауыз  универбке   айналды:   сөз   босаралықсыз   жазыла   бастады.
Сонымен, тілдің  даму  жүйесінде БС- дер, алдымен семантикалық тұтастыққа
жетуі шарт болады. Бұған диахрония тұрғысынан да көз жеткізуге болады.
Бүгінде негіздері кірігу процесіне жан-жақты ұшыраған  сексен,  тоқсан
сан есімдері Орхон-Енисей ескерткіштері мәтінінде  сегіз он, тоғыз  он  тіркесі
түрінде (57. 143), күндіз үстеуі  күнтүз формасында беріледі (40. 273). Ал армян
жазуы қыпшақ ескерткіштер тілінен  бұл күн, ол тур, білек жүзік, белдің бағы
тіркестерінен біріккен бүгін, отыр, біләзүк, белбағ универбтерін көруге болады
(58. 10, 89).
Аталған ескерткіштерден, сонымен қатар,  Ұлухатун, Ұлуходжа,  Махмуд
Қашқаридың “Китаб Диуани-лұғат ат- түрк” еңбегінен  Жанбалық, Бешбалық,
Семізкенд  сияқты   бірігіп   жазылған   топонимикалық   атауларды   кездестіреміз
(57. 83,143). Орта түркі жазба мұралары М.Қашқаридың "Диуан-лүғат-ат-түрк”,
Жүсіп   Баласағұнның   “Құтадғу   біліг”,   Рабғузидың   “Қисса   ул-анбия”,   Саиф
Сараидың “Гу- листан-бит-турки” туындыларында енді адам аттарының біріккен
тұлғасы жиі кездесе бастайды (Күлбаршын, Бекбулат) және сегіз он, тоғыз он
сандарының   дыбыстық   коннотацияға   жан-жақты   ұшыраған  сексен,   тоқсан
формалары еркін қолданысқа түседі (57. 185,194). “Қазақ әдеби тілінің тарихи
көздері” атты монография авторлары “жаңа атты көргенде берілетін сый-сияпат”
мағынасындағы  байғазы  атауын   БС   деп   тапқан.  Бақ  сөзі   Орхон-Енисей
сскерткіштері   мен   М.Қашқари   мен   Ж.Баласағұнидың   жоғарыда   аталған
еңбегінде “қарау, көз салу” мағынасында жұмсалған екен. Осыдан келіп,  бақ,
қазысы, байғазы  формасы шығады деп көрсетіледі (57. 188). Бүгінде БС қата-
рынан табылып жүрген ышқыр, қызғыш сөздері XIII-XV ғ. жазба нұсқаларында
іч құр, қыз құш тұлғасында жүр. Қат негізі қазіргі казақ әдеби тілінде қарақат,
қызылқат атауларының бір сыңары қызметінде ғана жүргені болмаса, жеке сөз
формасында кездеспейді. Ал орта ғасыр ескерткіштерінде қаm, қатланды, яғни
жеміс,   жемістенді  сөздері   кең   қолданыс   тапқан   (57.   192).   Л.В.Будаговтың
“Сравнительный  словарь турецко-татарских наречий”  еңбегінде  кара  ғат,  саб
қар ғam (смородинник), қазр қат (смородина с зелеными ягодами), қызыл ғат,
жыр қызыл ғam (костяника), cap ғam (песчаный щипь) сияқты түрлері кездеседі
(59. 150).
XVІII-XIX  ғасырлардағы ресми іс-қағаздар стилінде  ақсақал,  ғарызнама
сөздері универб формасын қабылдай бастайды (60. 141).
Сөйтіп, толық мағыналы лексикалық тұлғалардың бірігу үрдісі қарқынды
түрде   жүрді     дей   алмасақ  та,  процестің   басталуы   нәтижелі   еді.   Осы   тұста
ескеруді   керек   ететін   бір   жай  бар.  Ол  –  орта   ғасыр   ескерткіштеріндегі
қосымшаның негізден бөлек берілу үрдісі (61. 118). Алайда проф. Р.Сыздықова

бұл үрдістің бірізді емес екенін айтады, яғни қосымша бірде негізге қосылып
жазылса, бірде бөлек таңбаланған. Алғашқы қазақ газеттерінің тілінде де жалғау,
шылау, қосымшалардың бөлек, бірге жазылуында заңдылық байқалмайды. Ілік,
көмектес септігі бөлек берілсе, керісінше соң, ғой, ма, ме тағы басқа жалғаулық,
демеулік шылаулар бірге жазылған. Көп жағдайда көмекші етістік пен негізгі
етістіктің арасы ажыратылмаған (айтбаучеді, жүредекен) (62. 59-60).
Ал орта ғасыр жазбаларында БС-ге айналған бүгін, биыл композиттері –
бұл   жыл,   бұл   күн  деп   бөлек   тұлғаланған   (62.   60).   Және  атшабар,   қолғаб,
айырбас, ағайын (62. 100) қонағасы, дәріхана, мектепхана, кітапхана, атхана,
басмахана сияқты біріккен атауларын көруге болады.
Қадырғали Жалаиридің “Жами ат-тауарих” туындысында есімдіктер мен
сан есімдердің біріккен түрі көп кездеседі екен (63. 101), мұндағы қачан, қайсы
сөздері –қай шақ, қай сол тіркестерінен пайда болтан біріккен сөздер.
Бір   жағынан,   жазба   тіл   дамуында   сөздердің   әр   түрлі   таңбалануы
көпшілікке ортақ жазу нормасының қалыптаспағанына байланысты екені анық.
Бұған сауат ашқан көпшіліктің ресми- іс қағаздар,  публицистика,  көркем әде-
биет саласына  қалам  тартуы себеп болды. Орыс графикасы  да  бұл мерзімде
нормативті сипатта болғаны бар, әркім, жазумен айналысқан кез-келген көпшілік,
өзінше  орфография  жасап алды. Сөйте тұрғанмен, күрделі-құрама сөздердің
жазылуында   белгілі  принцип  сақталып   келгенін   байқауға   болады:   бірге
жазылатын атау сөз сыңарлары ортақ мағына берсе және олар өзара үндесу
заңына бағынса құрама сөздер бірге таңбаланған. Проф. К.Ш.Хұсайынов “шын
мәніндегі күрделі сөз дербес элементгердің дауыс үндестігіне түсіп, өзара кірігуі,
бір бүтінге айналуынан туады. Сондықтан түркі тілдерінде күрделі сөз сирек кез-
деседі.   Оның   себебі   түбірдегі   дауыстылардың   көп   өзгеріске   ұшырай
бермейтіндігі, тұрақтылығынан” (64. 172) дейді.
Қазақ тілінің дауыс үндестігі заңына бағынып, дыбыстық контаминацияға
жан-жақты ұшыраған құрама сөздер ғана сондықтан бірге тұлғаланатын еді:
қарлығаш,   ағайын,   жомарт,   жүгірмек   (62.  60).   К.Ш.Хұсайынов   негіздер
қосылуының   фонетикалық   үш   тәсілін   көрсетеді   (64.   107):   1.  Үндесу   заңы
алғашқы сыңар ықпалымен  болады.  Мысалы  сексен, тоқсан.  2. Үндесу заңы
екінші  сыңар ықпалымен  болады.  Бұл  процесс  екінші сыңар  мағынасының
үстемдік   алу   жағдайында   жүреді   (64.   109).     3.   Жалпы   фонетикплық
контаминация  негізінде пайда  болады:  солай етіп >сөйтіп, білектің жүзігі >
білезік.  Бұл   бағытта   проф.   Ә.Жүнісбек:   “эксперименттік   бақылау   дауысты
дыбыстардың көп өзгеріске ұшырай бермейтінін, өзгеріске түссе де, әр сипатта
келіп, буын түрінен, интонация мен фонетикалық қоршауға тәуелді болатынын,
ашық дауыстыларға қарағанда қысаң дауыстылар өзгеріске көп ұшырайтынын
көрсетті; екі- үш негізден тұратын күрделі сөздердің фонетикалық ерекшелігін
тексергенде   өзгеріске  тек   дауыстылар  ғана   емес,   барлық   дыбыстар   түсетіні
белгілі болды” (65. 60-65) дейді.

Ал жазба тіл өркендеп, функционалдық стиль тармақталған сайын құрама
атаулардың   бірігуі   фонетикалық   фактор  араласуынсыз   жүре   берді.   Мұнда
таңбаның билатериалдық сипаты жатқанын көру қиын емес.
Проф. С.М.Исаев бұл бағытта “Қазақ тілі лексикасының дамуы, баюы
әртүрлі жолдармен болып отырды. Соның бірі тіліміздің ішкі мүмкіндіктерінің
негізінде дамуы” дейді (66. 183).
Сонымен,   түркі   жазба   ескерткіштер   мәтінінде   болсын,   жазу
нормаларының алғашкы тәжірибелерінде болсын, жалпы, сөздердің бөлек, бірге
таңбалануы тілдің ішкі мүмкіндіктерінен, ішкі құрылымынан шығып жататынын
көруге  болады.  Ол таңбаның екі жақты сипатына сәйкес келеді. Ал таңбаның
ассиметриялы екі жағы адам миының сол жақ жарты шары хабар қабылдаушы,
оң жақ жарты шары хабар беруші қызметінен келіп туындайды (45. 154- 173).
Сондықтан жазуда тілдік таңбалардың белгіленуі, фонеманың графемалануы, екі
жақты сипаттың  –  мазмұн межесі мен тұрпат межесінің  –  өзара үйлесуінен
шығады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет