Орфографиясы



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата12.03.2017
өлшемі0,69 Mb.
#9241
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ
Құралай КҮДЕРИНОВА
БІРГЕ және  БӨЛЕК
ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕРДІҢ
ОРФОГРАФИЯСЫ
Алматы
2005

ББК 81.2 Каз.я7 
К 91
А.  Байтұрсынұлы   атындағы   Тіл   білімі  институтының  ғылыми   кеңесі
баспаға ұсынған
Жауапты редакторы  филология ғылымдарының
кандидаты Н.Уәлиұлы
Пікір жазғандар  филология ғылымдарының
докторы, ҚР ҰҒА-ның академигі Ш. Сарыбаев
филология ғылымдарының кандидаты В. Тамаева
КҮДЕРИНОВА Қ.
К 91 Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы.  Алматы: 2005. 
144 бет.
ISBN 9965-25-620-9
Монографияда қазақ тілі орфографиясының күрделі мәселелерінің бірі
сөздерді бірге, бөлек таңбалаудың теориялық негіздері көрсетіліп, бірге жазудың
формалды және семантикалық белгілері сараланады. Күрделі сөздердің бөлек
жазылуын айқындайтын әдіс-тәсілдер баяндалады.
Кітап ғылыми қызметкерлер мен аспиранттарға, студенттерге, жоғары оқу
орындарының оқытушыларына, сондай-ақ мектеп мұғалімдеріне арналған.
 4602020400
К
 0О(О5)-О5
 
ББК 81.2 Каз. я7
ISBN 9965-25 -620-9
© Күдеринова Қ., 2005

Бұл еңбегімді әкем 
Әміреұлы Бимолданың 
жарқын бейнесіне арнаймын.
Автор
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алып, қоғамдық өмірдің алуан
түрлі саласындағы қызметінің жандануы, алдымен оның нормалануына, әсіресе
жазу   нормасын   кодификациялауға   деген   талапты   күшейтіп   отыр.   Жазудың
ғарыш  заманында   коммуникация  қызметін   өз   монополиясына   айналдыруы
жалпы   жазуды   зерттейтін  грамматология  саласының   пайда   болып,   жазу
теориясының дамуына, жазуды бейнеграфиялық жүйе ретінде қарауға жол ашты.
Ал дәстүрлі  жазу  нормасы бар тіл қоғам мәдениетінің жоғары сатыда екенін
көрсетеді.   Жазудың   маңызы   туралы   грамматолог   А.А.   Волков   былай   дейді:
“Письменная  словесность-важнейший  предмет филологического исследования,
т.к. языковая культура сохраняется, воспроизводится и приумножается главным
образом в произведениях письменности. В условиях современности проблемы
письма   выходят   далеко   за   рамки   вспомогательных   исторических   и
филологических дисциплин, изучающих письменные памятники: палеографии,
дипломатики, эпиграфики, текстологии” (1. 3).
Жазуды  нормалаудың   бастапқы   кездерінде  интуитивтік  сипат   басым
болатыны  белгілі. Бастапқыда  орфографиялық сөздіктер  мен емле  ережелері
зерттеу нысанасына  айналмай-ақ, тәжірибе негізінде түзіле беретін. Орфогра-
фияның өзі емле, тасымал тәртібін белгілеу дегенді ғана білдіріп, кейін нысанасы
мен пәні бар тіл білімінің маңызды бір саласы екенін айғақтады.
Бұл   ретте   қазақ   орфографиясының   айтарлықтай   тарихы   бар.
С.   Аманжолов,   І.   Кеңесбаев   басшылығымен   1941   ж.,   М.   Балақаев
редакторлығымен 1946 ж. жарық көрген алғашқы емле сөздіктері,  әр он  жыл
сайын жаңаруы дәстүрге айналған қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері (ары
қарай ҚТОС) (1963,1978,1988), проф. Р.Сыздықованың екі дүркін өңделіп, үш рет
басылған “Емле және тыныс белгілері жайындағы анықтағышы”, ондағы емле
сөздігі орфография, қазақ грамматологиясы саласындағы маңызды еңбектер
болып   саналады.   Ал   ондағы   шешуі   қиын  да,  келелі   мәселе   қашан  да
сөздердің бөлек, бірге тұлғалануы болып келеді.
Жалпы, бірге, бөлек тұлғаланатын құрама сөздер ҚТОС- інің 30%
бөлігін   қамтиды.   Бұл   сандық   көрсеткіш   құрама   сөздердің   (қос   сөз,
қысқарған сөз, біріккен сөз, күрделі сөз) морфология саласында, сөздерді
таптастыру аясында барынша  зерттелуіне мүмкіндік берді.  Бұл тұрғыда
қазақ   тіл   білімінен   Қ.Жұбанов,   А.   Ысқақов,   М.Балақаев,   Н.Оралбаева
сынды   ғалымдардың   еңбектерін   айрықша   атауға   болады.   Ал
композиттердің   өзіндік   белгілері   мен   ерекшеліктері   туралы   неміс   тіл
білімінен   В.С.Вашунин,  А.   Л.   Кирсанов,   Г.   Пауль,  М.Д.  Степанова,

Р.Поленц,  француз  тілінен   А.П.Буянов,   ағылшын   тілінен   О.Д.Мешков,
А.В.Кунин,   А.М.Смирницкий,   орыс   тілінен   О.С.Ахманова,   Л.Н.Кома-
рова, М.М.Копыленко, А.А. Реформатский, В.И.Кодухов, Л.В.Щерба тағы
басқа көптеген ғалымның еңбектері бар.
Ал құрама сөз түрлері: қос сөз, біріккен сөз, күрделі сөздердің бір-
бірінен негізгі айырым белгісі компоненттердің арақатынасы, соған лайық
тұрпат межесі, яғни орфографиялануы жеке зерттеулерден бұрын орфогра-
фиялық   сөздік,   емле   ережелері   материалдарында   қамтылып,   арнайы
зерттеу   нысанасы   ретінде   қараған   ғалымдар   Ә.Ермековтің   (1949),
Г.Жәркешованың   (1950)   кандидаттық   диссертацияларында   біріккен
сөздердің (ары қарай БС), дәлірек айтсақ, кіріккен сөздердің этимология-
сына, лексикалық мағынасына көп көңіл бөлінді. Сөйтіп, орфографиялық
сөздіктер мен анықтағыштарды түзуде сөздердің бірге, бөлек жазылуының
ғылыми негіздерін іздеу мәселесі күн тәртібіне қойыла бастады. Ал жазу
қызметі   мейлінше   артып   отырған   бүгінгі   таңда   сөздердің   бөлек,   бірге
жазылуы   графикалық   шарттылық   қана   емес,   құрылымдық,   мағыналық
деңгейдегі өзгерістерді көрсететін негізгі белгі екенін танытып отыр.
Сондықтан тілдің даму иерархиясының үздіксіздігі, лингвистикалық
зерттеулердің тереңдеп, теориялардың ашылуы, тілдік универсалийлердің
әсері кұрама атаулардың жазылуын жаңа қырынан қарастыруды қажет етті.
Тіл   білімінің  семасиология,   ономасиология,   морфология,   фразеология,
лексикология  салаларындағы   зерттеулердің  теориялық   деңгейі,   жаңа
тұжырымдардың   пайда   болуы   аталған   мәселеге   басқа   қырынан   келуге
итермеледі.  Осыдан  келіп,   монографияның   негізгі   мақсаты   тіл   білімі
дамуының   жаңа   деңгейін   пайдалана   отырып,сөздердің   бөлек,   бірге
кодификациялануының   негізін,   уәжін,   теориялық   таянышын   іздеумен
сипатталады.
Еңбекте   А.   Байтұрсынұлы   атындағы   Тіл   білімі   институтының   Тіл
мәдениеті бөлімінде жүргізілген бірнеше жылғы зерттеу нәтижелері мен
қорытындылар   жинақталып,   тиісті   тілдік   материалдармен   дәйектеліп
берілді.   Ал   бұның   қазақ   тілі  орфография  мәселелерін,   оның   ішіңде
сөздердің бөлек, бірге жазылу проблемасын теориялық негіздеуде, жазба
тіл   нормалары   туралы   лингвистикалық   ұғымдарды   нақтылауда
айтарлықтай   жәрдем   ететіні   сөзсіз.   Сонымен   қатар   орфографиялық
сөздіктерді,   емле   ережелерін   түзуде,   мектепке,   жоғары   оқу   орындарына
арналған оқулықтардың  орфография  бөлімін жазуда, күнделікті баспасөз,
баспа  ісінің,   көпшілік   қауымның   жазу   мәдениетін   көтеруде   біршама
септігін тигізеді деген ойдамыз.
Бұл   еңбектің   жазылу   барысында   және   талқылау   кезінде   пайдалы
пікір   айтып,   кеңес   берген  Институт  ғалымдарына   үлкен   алғысымды
білдіремін.

1. ҚҰРАМА СӨЗДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАЗБАША
МАНИФЕСТАЦИЯСЫ
Адамзат   мәдениеті   дамуының  аса  маңызды   бір   белесі   жазудың
шығуымен   байланысты.   Адамдардың   белгілі   бір   қашықтықта   тұрып,
қарым-қатынас жасауына негізделген жазу өзінің филогенездік дамуында
алғашқы бейнелеуші, кескіндеме таңбаларынан символдық қызметі басым
идеограммаларға, одан фонемограммалар жүйесіне өтуінен өзінің басты
қызметін   –   коммуникативтік   қызметін   –   жетілдіруге,   оңайлатуға,
нормаландыруға ұмтылу үрдісін көреміз. Сондықтан жетілген жазу түрі –
фонемографиялық жазудың шығуымен байланысты қаралатын емленің тү
түп-тамыры, әріде, жазудың жалпы пайда болуында жатыр. Олай болса,
орфографияның   “дыбыстарды   (фонемаларды)   қандай   әріппен   беруді,
сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас
әріптердің   қолданылуын,   тасымал   тәртібін   белгілейтін   және   емле   ма-
ғынасында қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін көрсететін”
(2. 304.) тіл білімінің маңызды саласы болып қалыптасуына әбден негіз
бар.
Ал   орфографияның   жетілуі   тіл   білімінің  фонетика,   морфология,
синтаксис,   лексикология,   семасиология,   ономасиология,  сөзжасам,
фразеология, этнолингвистика салаларының дамуымен тығыз байланысты.
Сондықтан  осы салаларда  қол  жеткен теориялар мен  нәтижелерді  жазу-
дың коммуникативтік қызметін жетілдіре беруге қолдану үздіксіз процесс
саналмақ.  Процесс  барысында   әрқилы   проблемалардың   туып   отыруы
заңды да. 
Жалпы   тіл   білімінде   бас   әріптің   қолданылуы,   жеке   дыбыстардың
таңбалануы, тасымал тәртібі, сөздерді бөлек, бірге, дефис арқылы тұлғалау
орфографияның   негізгі   мәселелері   болып   саналады.   Бұның   ішінде   тіл-
тілдің   қайсысында   болмасын   шешімін   таппай   келе   жатқан   маңызды
проблема – сөздердің бөлек, бірге тұлғалануы.
“Жұрнақтардың түбірге ұйқасу, жұрнақтардың тұтас жазылу мәселесі”
(3) фонологиялық жазудың алғашқы тәжірибелерінде айтыла бастаса, бұл
проблема жүйесі мен құрылымы жетілген бүгінгі орфографияның да өзекті
мәселесіне айналып отыр.
Әдетте   сөздердің   бірге,   бөлек   таңбалануы   әдебиеттерде   күрделі   сөз,
құрама сөз,   күрделі-құрама  сөзден   әр  түрлі  терминге ие   болып  жүрген,
кемінде екі сөзден тұратын лексикалық бірліктерге байланысты айтылады.
Сөздердің   бұл   тобы   қазақ   тіл   білімінің  морфология,  сөзжасам   салала-
рында   едәуір   зерттелді   деп   айтуымызға   бүгінде   толық   негіз   бар.
Сондықтан екі және одан да көп сөзден тұратын номинативтік бірліктерді
құрама   сөз   терминімен   атай   отырып,   олардың   қазақ   тіл   біліміндегі
зерттелу жайын қысқаша сөз етеміз.

1.1. Құрама сөздердің зерттелу жайы
Қолына қалам ұстағандардың дені қашан да құрама сөздердің бөлек,
бірге жазылуындағы қиындықтарға тап болып отырған. Ал оның қазақ тіл
білімі   қалыптасқанынан   бері   күн   тәртібінен   түспей   келе   жатқаны,   бұл
саладағы  басы  ашылмаған   мәселелердің   жиі   кездесетіні   –   жалпы
жұртшылыққа белгілі жайт. Сондықтан құрама сөздердің зерттелуі дегенде
біз құрама сөздер тобындағы БС бен күрделі сөздердің  (ары  қарай  КС)
зерделенуін ғана сөз етпекпіз.
Қазақ   тіл   білімінде   құрама   сөздерді   зерттеу,   оларды   ко-
дификациялауға дәлел, уәж іздеу тарихы жоқ емес. Сөздерді бөлек, бірге
тұлғалауға   қатысты   проблеманы   шешу   бір   мақала,  не   монография
көлемінде   емес,   жазу-сызуымыздың   онтогенездік  даму,  өркендеу
сатыларында сараланып, шешілетін болғандықтан, зерттелу тарихы азды-
көпті шолу жасауды керек етеді.
А.Байтұрсынұлы (4. 153) құрама сөзді қос сөз терминімен атайды да,
өзі түзген “бес дауыстың  деп  аталатын  фонология  жүйесі бойынша қазақ
тілі   дыбыс   үндестігіне   сәйкес   келгенін   бірге,   “ауытқитынын”   сызықша
арқылы жазуды ұсынады:
бала
басқұр
 
жел-бау
қолқа
аққала
жүк-аяқ
қалта 
желкесер
Тілеу-бай.
Себебі “А.Байтұрсынұлы  бес инвариант  фонеманың әрқайсысын бір-бір
әріппен белгілейді. Сөйте отырып, әлгі әріптер арқылы әр фонеманың екі түрлі
әуезін (жуан, жіңішке) сол фонеманың  таңбасына  сыйғызып  береді.  Сөйтіп,
инварианттың варианттары үшін бас-басына өріп алмай-ақ, дәйекші арқылы
жуан немесе жіңішке (дәйекше болмауы жуан, дәйекші болуы жіңішке оқуды)
әуезде   оқылатыңдай   жазу   жүйесін”   (5.   14)   жасаған.   Сонда   көпшілік   қауым
дауыстылары синтагмалық қатынаста тұрған басқұр, қолқа т.б. сөздерін дәйекші
қоймай, біркелкі жуан оқиды да, желкесер сөзін дәйекші арқылы сөзсіз жіңішке
әуезде қабылдайды. Ал дауыстылары бейүндес құрама сөздерді (жүк-аяқ, жел-
бау, Тілеу-бай) сызықшамен бөліп, әрі бұлардың құрама сөз екенін, әрі дәйекші
арқылы бірінші сыңарлары жіңішке оқылатынын ескертеді. Бұл арқылы ұлы
лингвист  түркі   тілдеріндегі  сингармонизм  заңына   қайшы   келетін   күрделі
атаулардың   дискреттілікке   ие   болмайтынын   және   жазуда   сингармонизмнің
лингвалдық түрін таңбалау дұрыстыққа әкелетінін көрсетеді.
Ғалым кіріккен сөзді азған сөз терминімен атайды. “Сөздің азып өзгеруі
бар,   айнып   өзгеруі   бар.   Соңғысы   дыбысы   айнып   бірде   олай,   бірде   былай
айтылуынан болатын өзгеріс” дейді А. Байтұрсынұлы (6). Ал дефисті қосарлық
деп атайды. Кейін қосарлық қызметін кеңейтіп, “қосынды сөз бұрын қос сөз деп
аталып еді, енді қосынды деп аталынатын қосарлық болды, ... қосалқы, қос,
қосар, қосынды сөз бәрі қосарлық белгімен жазылсын” дейді. А.Байтұрсынұлы

сөздердің тұтас тұлғалануын өзі атаған қосарлық белгісімен ауыстырса, ол қазақ
емлесін оңайлату мақсатынан шығады деп түсінуіміз керек. “Қазақ тілінде екі,
үш,   бес   сөз   бірлесіп,   бір   ұғым,   бір   мағыналы   болып   келуі   жиі   ұшырайды.
Мәселен, кете берер, кете берер ме, кете берер ме екен, кете бере алар ма екен,
кете бере алмай отырғанымды-ау.  Осыларды бірге айтылғанына қарай, бір
мағына көрсетуіне қарай біріктіріп, тұтастырып айтып, естілуінше тұтастырып
жазу емлені оңайлатпайды” дейді ғалым (6).
Қазақ   тіл   білімінің   құрама   сөздерді   зерттеу   саласындағы   бірден-бір
толыққанды,  ғылыми  еңбек  профессор  Қ.Жұбановтың  қаламынан  туған  деп
айтуымызға бүгінде толық негіз бар. Ғалым БС-дерді кіріккен сөз терминімен
атап, оған белбеу, бүгін, биыл, келсап, таңертең, үйт, бүйт, кішкене т.б. сөздерді
жатқызады. Зерттеуші “Кіріккен сөз болған жердің бәрінің бірдей дыбыстық
өзгеруі шарт емес, бірақ дыбысында өзгеріс бар сөз тіркестерінің кіріккен сөз
болуы шарт” (7. 155) деп және “олардың бір екпінге бағынуы” кіріккен сөзді
танудың ең сенімді жолы дейді (7. 223). Ғалым  БС-ді қалыпқа түскен ортақ заңы
жоқ, заңсыз қосынды дей отырып, БС пайда болуының ұзақ сонарлы  процесс
екенін,  аралық  жағдайда  көбірек   өмір  сүріп,  жалған   көзқарас  қалыптастыру
мүмкіндігін ескертеді.  “Қарға  қара құс болғанмен де қара құс емес, ақ сары,
қарақұс, қара құс болмағанмен де, қарақұс” (7. 224) деген зерттеушінің сөзі –
кіріккен   сөз   жасалуының   семантикалық   жолының   тамаша   мысалы.   Деректі
мағынадан   дерексіз   мағынаға     көшу   кіріккен   сөз   жасаудың   тәсілі   екеніне
Қ.Жұбанов  қолғап  сөзін   мысалға   келтіреді.   Мұндағы  қап  сыңары  мешок
мағынасында  емес,   чехол  мағынасында   қолданылғандықтан,   тіркескен   сөз
бірігетінін айтады ғалым. Ал бөлек жазылатын сөздерді күрделі сөз терминімен
атайды да, ол бірліктердің жасалуының семантикалық жолын былай түсіндіреді.
Сары май, сары жапырақ   тіркестеріндегі сары сыңарының беретін мағынасы
әр  сатыда.  “Сары   майдың  ақ   көгілдір   түрлері   де   кездеседі”   (7.   225)   дейді
зерттеуші. Бұл пікірдің мәнісі  былай.  Сары май  –  әбден шайқалып, сүтінен
мұқият ажыратылған, қойдың қарнына ұзақ уақыт сақтала сары түсін сақтаған,
басқа тағамдық майлардан құнарлылығы өте жоғары май. Уақыт өте келе оның
түсінің   сап-сары,   сары,   ақшыл   сары,   ақ   сары,   көгілдір  болуы  емес,   оның
құнарлылығы, сапасының жоғары болуы мәнге ие болады. Бұл жерде "сары"
сыңары  май  сөзінің әуелдегі ерекше белгісін абстракциялап қана көрсетіп тұр
дейміз.  Сары   май  тіркесі  –  денотатив,   мұндағы  сары  –  сигнификаттық
компонент. "Сигнификат – денотат та емес, сондай-ақ ұғым да емес. Денотаттан
айырмашылығы  сол  –  ой  субъективті   қасиетке  ие.  Екінші  сөзбен  айтқанда,
сигнификат нақтылы заттың белгісі мен түрлі қасиеттерінен қол үзген идеалды
денотатқа   сүйенеді”   (8.   54).   “Денотаттық   мағына   сөзді  объектив  дүниемен,

заттармен   байланыстырса,   сигнификаттық   мағына   оны   ұғыммен,   ой
элементтерімен байланыстырады” (9. 30). “Мағынада бұл  компонент  денотат-
тық  компонентен  қатар жүреді,  тек  оны ерекшелейтін нәрсе, бұл  компонент
денотаттың   ерекше   белгілерін   абстракциялап   бейнелейді”   (10.   13).   Бұл
макрокомпонент   мынадай   жолдар   арқылы   сөз   мағынасының   бір   бөлігіне
айналады дейді М. Оразов, яғни идеалды немесе жалпы денотат арқылы, екінші
гаосеологиялық бейне арқылы, үшінші қайта атау, төртінші ғылыми абстракция
арқылы (10. 13). Сонымен,  Қ. Жұбановтың  айтуынша, сары май тіркесі – бүгін
бір атау.
Ғалым мұрасында КС мына құрамнан тұрады (7. 227):
1) өзгерістерге түскен атау түбірлердің бірігуінен тұрған күрделі сөздер; 2)
табыс жалғаулы сөз бен сабақты етістік негізінде пайда болатын күрделі сөздер;
3) анықтаушы мен аныкталушылық қатынастағы күрделі сөз; 4) заттанған сын
есім мен зат есім тіркесінен туған күрделі сөз; 5) күрделі жалқы есімдер; 6)
қысқарған   сөздер.   Бір   өкініштісі,   ғалымның   бұл   айтқандарына   келтірген
мысалдары табылмаған.
Біріккен жалқы есімдердегі атрибуттық сөз тіркестерінің кері орналасу
тәртібіне назар аударған Қ.Жұбанов оны сын есімнің заттану қасиетімен және
мұндай жағдайлар  тек сын  есімдердің кісі аттарымен  (Айжарық, Таңжарық,
Еділбай,   Айсұлу,   Күнсұлу)  ғана   тіркесіп,   оның   белгісін,   қасиетін,   кәсібін,
қоғамдық   орнын   білдіріп,   әрі   анықталушы   мүшелер   қызметінде   жұмсалу
қабілетімен  байланыстырады  (11.   20).   Әрине,   мұндағы  Айжарық,   Күнсұлу
сөздерін оңай төркіндетуге болады: айдай жарық, күндей сұлу.
Қысқарған сөздерді де ғалым кіріккен сөздің бір түрі деп алып, оларды
әріп   қиюлы  (ССРО,   МТС   т.б.),  буын   қиюлы  (ҚазТаг),  аралас   қиюлы
(КазПИ, КазГУ) деп бөледі.
Сонымен, проф. Қ.Жұбанов КС-дердің өзіндік өлшемдері деп мыналарды
көрсетті: 1. Сыңарлардың фонетикалық өзгеріске түсуі, алайда “кіріккен сөз
болған жердің бәрінің бірдей дыбыстық өзгеруі шарт емес, бірақ дыбысьінда
өзгеріс бар сөз тіркестерінің кіріккен сөз болуы шарты. 2. Бір мағынаны білдіруі,
дегенмен де, “жалғыз мағынаны өлшеу қылумен анықтық таныла қоймайды. 3.
Бір екпінге бағынуы.
Сөйтіп, БС-дердің өзіндік белгілері ғылыми негізде сараланады.
1938-1960   жылдары,   яғни   негізгі   орфографиялық   ереженің   қалыптасу
жылдары аралығындағы кұрама сөздердің бірге- бөлек таңбалануына қатысты
жарияланымдарға зер сала қарасақ, мынадай екі үрдісті байқауға болады.
1. Бір деммен, бір үйлесіммен айтылатын еркін, тұрақты сөз тіркестерін,
күрделі   атау,   лексикаланған   тіркестерді   жаппай   біріктіру   (12).   Бұған
Қ. Жұбановтың БС-ді өзіне  ұқсас басқа тілдік бірліктерден ажырататын негізгі
белгісі  деп екпінді атауы бірден-бір себеп болды.  Ақ көңіл,  mac  бауыр, жат
бауыр, дем алу, қол қою, бас салу, бой ұру, am салысу, am қою, am үсті қарау

сияқты фразеологизмдер бір екпінге бағына айтылу себепті бірге тұлғалануы
ұсынылды (13).
2. Емледегі бір ізділік қағидасын арқау еткен форма қуу үрдісі. Мұнда ішкі
мағыналық   сәйкестік,   компоненттердің  лексика-семантикалық   арақатынасы,
үйлесім сияқты сөздің ішкі формасына, мағыналық жылжуға назар аударудан
гөрі, мысалы, мал шаруашылығы күрделі атауы бір екпінмен айтылмағандықтан
бірге   жазылатын   болса  (малшаруашылығы),  онда   осыған   ұқсас  ауыл
шаруашылығы,   халық   шаруашылығы,   егін   шаруашылығы  сияқты   құрама
атауларды  да  қосып жазу;  баспасөз  тәрізді сөздің қатарына  жарыс сөз, соңғы
сөз, жаңа сөз, ескі сөз, кіріспе сөз, жазба сөз сияқты лексикаланған тіркестерін
қою; ар, -ер жұрнағының БС жасамдық қабілетіне регламент қоймай, бір киер,
бір  тартар,  бір қырқар  сияқты формасы бір сөздерді жаппай біріктіру; бір
заттың атауы болған лексикаланған атаулардың  (іш киім, бас киім, аяқ киім,
аққұман, қара  құман, іш қалта, жер үй,  mac  қалта, жер төсек) біреуі бірге
жазылуына орай қалғандарын да бірге тұлғалау ұсынылды (14).
Ә.   Ермеков   өзінің   “Қазақ   лексикасындағы   біріккен   сөздердің
семантикасы” атты кандидаттық  диссертациясында   құрамдары кірігіп кеткен,
қазақ тілінің  төл  сөздерінің  этимологиясын  ашады. Автордың пайымдауынша,
мына сөз сыңарлары  сөйлемде қатар айтыла келе сөз тіркесіне, одан атаулық
тіркестерге өтіп, БС-ге айналған. Мысалы:  қоян  –  “қой сияқты аң”,  жылан  
“жылжымайтын аң, жамбас – “жанына бас”, итмұрын – “иттің мұрны тәріздес
жеміс”, жануар – “жаны ару”, жантаю –“жанына таю", есіру –“есі іріп кету”
т.б. Ізденушінің пікірінше, БС- дердің компоненттері универбтенбей тұрғанда
көбінесе жалпы қолданыста жүреді де, процесс өткен соң, тіркес мағынасы бір
нүктеге   шоғырланып,   жалқыланады.   Осы   жалқылану   біртұтас   тұлғаланатын
сөздердің пайда болуына  себепші болып отыр дейді ғалым. Және кейбір БС-
дердің мағынасын ашады:  алтынкүрек  –“көктемде оңтүстіктен соғатын жел”,
қанатжуар  –  “көктемнің алғашқы жылы жаңбыры”,  көгентүп  –  “көгендегі
қозылардың   ең   кенжесі”,  қымызмұрындық  –  “алғашқы   қымыз   сауымының
ішілуі”, желбұйда – “мұрындық пен бұйданың арасына желі болып тартылатын
жіп”, қырықжілік – “мал етінен сыбаға” т.б. (15. 2-6).
Сонымен   қатар  автор  БС-дердің   ұқсату   арқылы   (төстабан,   қоян,
текесақал,   итмұрын),  және   қызмет   түрінің   ұқсастығына   қарай  (қолжуғыш,
алжапқыш) пайда болатынын көрсетеді (15).
“Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі біріккен сөздер” тақырыбынан диссертация
қорғаған Г.Жәркешова тілімізде  түбір деп танылып кеткен бірқатар сөздерді
Э.В.Севортянның  "Соотношение   грамматики   и  лексики  в   тюркских   языках”
еңбегі негізінде құрамын қарап, жалпы мағынасын анықтайды. БС-дердің көбі
араб, парсы, алтай, қырғыз, монғол тілдеріндегі мағыналас сөздермен қосарлана

біріккенін көрсетіп, қазақ тілі сөзжасам процестерімен байланыстырады (16. 10-
11).
Автор  БС-ге:   “семантикалық   бір   ұғымды   білдіретін,   бір   ғана   сөйлем
мүшесі бола алатын, бір фоноциямен айтылатын, дыбыс үндесу зандарына әсер
ететін сөздер біріккен сөздер деп аталады” деп анықтама береді (17. 2).
Бұл зерттеулерді қазақ тіл біліміндегі құрама сөз зерттелуінің I кезеңі деп
тануға болады.
II кезең проф. А. Ысқақов зерттеулерімен жалғасады. Автор алғаш рет КС-
дердің   фонетикалық,   морфологиялық,   лексика-семантикалық   факторларына
бойлап, принципті мәселелерді алға тартады. “Күрделі сөз деп кемінде екі я одан
да  көп  дара  сөзден   құралып,  ритм  ырғақ   жағынан   бір   ұдай,   лексика-
семантикалық жағынан бір тұтас, лексика- грамматикалық жағынан бір бүтін
тұлға болып бірлескен құрама сөзді” танимыз дей отырып, олар “практикалық
тұрғыдан қарағанда жалаң сөздердің өресі жетпейтін қызмет аатқарады, олардың
олқылықтарын толтырады, ал теориялық тұрғыдан, дара сөздермен жарыса өмір
сүріп, сол дара сөздердің тууына негіз болып қызмет етеді” дейді (18. 120).
Ғалым БС-дер идиомалану, лексикалану (“сөздердің логика-семантикалық,
грамматикалық байланыстары көмескіленбей, жеке тұрып  та  мағына білдіруі”
(18.   122)),   делексикалану   (“күрделі   сөз   сыңарының   дыбыстық   өзгеріс
нәтижесінде,  я  жиі   қолданылу   себебінен   бастапқы   мағынасынан   ада-күде
айырылу”   (18.   122))   құбылыстары   нәтижесінде   жүзеге   асатынын   айтып,
сондықтан да БС- дің кездейсоқ шыға бермейтінін орынды ескертеді. БС- дерге
“компоненттері   мағына   жағынан  да,   форма  жағынан  да  елеулі   өзгерістерге
ұшырамай-ақ, өзара бірігіп, жинақталған біртұтас лексика-семантикалық мағына
білдіретін күрделі сөздер” (18.139) деп анықтама береді. Ал қара ала, он сегіз,
кемпір-шал  сияқты   тіркескен   сөздер   мен   қос,   қосарланған   сөздерде   топтау
грамматикалық мағынасы бар дейді.
Жалпы   КС-дерді   типке   бөлуде   компоненттерінің   арақатынасы   назарға
алыну керектігін айтады. Компоненттердің арақатынасы деп “бірігу, қосарлану,
тіркесу арқасында туған күрделі сөздің сыртқы фонетикалық тұр-тұрпаты мен
ішкі семантикалық құрылымында, олардың араларында заң ретіңде орнығып
қалыптасқан қарым-қатынастардың нәтижесін,   я  оның жиынтығын айтамыз”
(18. 129) деп анықтайды. Сөйтіп, проф. А.Ысқақов зерттеулерінде КС-дердің
таптастырылуы, белгілерінің айқындалуы біршама сараланады.
Проф.   М.Балақаев   еңбектерінің   қомақты  да  маңызды   саласы  –  қазақ
тілінің емле, орфография, тіл мәдениеті мәселелері (19). Әсіресе, ғалымның БС,
оның белгілері, жасалу жолдары туралы айтқан көзқарастары  –  бүгінде осы
төңіректегі   зерттеу   барысында   басшылыққа   алынатын   құнды   пікірлер
қатарында. Автор қазақ тіліңдегі БС-дердің негізгі белгісі  деп, КС-дердің мағына
тұтастығын атайды. “Біріккен сөздің бұрынғы мағыналары сақталады десек,
бірікпегені, сақталмайды десек қаншалықты екенін айқындауға тиіспіз” (20. 203)

деп,   сыңарларына   талдау  жасауды   ұсынады.   “Қазіргі   білдіретін   мағыналары
ауыс, мүлде басқа ұғымға ие болып” (20. 204) кеткен ақсақал, алаяқ, жанталас,
нақсүйер, маубас, әңгіртаяқ, кәріқыз (өс.), соқыртеке (ойын), қубас, құралақан
сөздерін   бірге   таңбалайды.   “Толық   мағыналы   екі   сөздің   тұтасып   жымдасу
нәтижесінде   әдепкі   лексика-грамматикалық   мағынасынан   айырылып  (не
күңгірттеніп),   жаңа   лексикалық,   соған   лайық   жаңа   лексика-грамматикалық
мағына тудыратын сөздер бірлестігінің.... сөз тіркесінің бір сыңары болуы олар-
дың негізгі белгісі” (21. 50) дейді автор.
Ғалымның көзқарасы, бойынша БС-дер табиғи эволюциялық диалектика
негізінде   пайда   болуы   керек,   яғни   БС   жасалу   үшін   “оның   компоненттері
алғашында   белгілі   мағыналық,   синтаксистік   байланыста   жұмсалуы   тиіс”
(20.204) .  “Қабысқан сөз тіркестері түйдекті топқа, одан біріккен сөзге айналу
процесінде, бір сөзге айналғанда олардың біртіңдеп синтаксистік байланысы
ыдырап   кетеді.   Сол   процестің   ұзактығынан,   бірігу   дәрежелерінің   әр   түрлі
болатындығынан біріккен сөзді айырып тану қиын” (20. 205) дей отырып, ғалым
БС-дің валенттік номинация болатынын айтады.
Қорыта айтқанда, проф. М.Балақаевтың БС-дің өзіндік белгілері, емлесі
жайлы   зерттеулері   қазақ   тіл   білімінде   өзіндік   үлес   салмағы   бар   қомақты
зерттеулер болып табылады. Ғалымның: “Біріктіру  –  жинақылықтың белгісі.
Жинақылық  –  мәдениетіліктің нышаны. Мәдениетті елдің жазуы тілдегі сөз
тұтастығын бұзбай, адамдардың психологиялық ойлау қабілетіне сәйкес болуға
тиіс. Адамның жазу әрекеті мен көру әрекеті үйлесіп, қалыптасқан сайын тілдік
сана-сезім   күшейе   түседі”   (20.   207)   деуі  –  жазудың   психологиямен,
физиологиямен тікелей байланыстылығын көрсетуі.
Проф.   К.Аханов   КС-дерді   күрделі-біріккен   сөз,   күрделі-   қос   сөз,   күрделі-
қысқарған   сөз,   күрделі-құрама   сөз   деп   таптастырып,   КС-ді   сөйлеу   кезінде
жасалмайтын, дайын тұрған тілдік тұлға деп таниды. Сөйтіп,  автор КС  бен
синтаксистік сөз тіркестерді ажырататын өлшемдерді алға тартады. Бозторғай,
кәрі жілік  сөздерінде алдыңғы сыңар соңғы сыңардың сынын  да,  сапасын  да,
белгісін де білдірмейді дейді (22. 76). БС-ге “компоненттері мағына жағынан да,
форма жағынан да елеулі өзгерістерге ұшырамай-ақ, өзара бірігіп, жинақталған
біртұтас   лексика-семантикалық   мағына  білдіретін  күрделі   сөздер”   деген
анықтама береді (22. 83).  Торы ала,   қызыл ала,  сары  ала  сияқты тіркестерді
ортақ компонентті КС-дер деп атайды (22. 86).
Проф. Р.Сыздықова қазақ тілі орфографиясының негізгі мәселелері емле,
тыныс белгілері проблемаларымен ұзақ жылдар ден қоя айналысып, осы саладан
бірнеше ғылыми мақалалар мен анықтағыштар жариялады. Ғалымның, әcipece,
бірге, бөлек жазылатын құрама атаулардың емлесіне қатысты ұстанған қағида,
көзқарастары, білдірген пікірлері жылдар бойы басшылыққа алынып, құнын
арттырған ұстанымдар. 50-жылдардың аяғына дейін орфографияда орын алған

бір зат  не  құбылысты білдіретін күрделі атауларды жаппай біріктіріп жазуға
алғашқылардың   бірі   болып,   негізді   қарсылығын   білдірген  автор  1957  ж.
фразалық   «таулар   мен   лексикаланған   атаулардың   типін   анықтап,   бұларды
біріккен заттық атаулармен қатар қоюға болмайтынын айтады (23). Автордың
осы уәжді пікірінен кейін күрделі атаулардың жазылуы біршама бір ізге түсе
бастағанын көреміз. 1960 жылы баспа бетін көрген “Қазақ тілі орфографиясы
мен пунктуациясы жайында анықтағышында” ғалым екі сыңары бірігіп, басқа
зат, аң, құс, өсімдік, ағаш, құбылыс атаулары болып кеткен  кәріқыз, ақиық,
бұзаубас, танатағар, алақоржын,  өнеркәсіп, көзқарас, арасалмақ, көкжиек,
кемпірқосақ,   ешбір,   бірнеше  сияқты   күрделі   атаулардың   бірге   жазылуын
жүйелейді (24. 31). Аталған анықтағыш өңделіп, толықтырылып, 1974, 1996
жылдары тағы екі рет басылғаны белгілі. Соңғысында автордың БС қатарын
молайту бағытында екенін көруге болады. Әсіресе, терминдік мәнге ие болған
сөз   тіркестерінің   бірігуі  баса  көрсетілді.   Фразеологиялық   тіркестердің   әр
сыңарын қашан  да  бірге таңбалауды ұсынатын  автор,  енді саяси- қоғамдық
терминге   айналған  алауыздықтар,   көзбояушылық,   сөзбұйда,   шығарыпсалма,
алыпсатар,   мұзойнақ,   қағазбастылық,   жұмысбастылық,  сияқты   тіркестерді
біріктіруді қостайды (25. 46).
Анықтағыштың   үшінші   басылымының   тағы   бір   өзгешелігі  –  бірінші
сыңары мал, аң, құс жалпы атаулары (қой, сиыр, аю, қоян), болмаса may, шөл,
құм, дала  сияқты сөздер, екінші сыңары нақты өсімдік, аң-құс аты болса бірге
жазылатынын   көрсетуі:  құмбетеге,   сиыржоңышқа,  қойқарақат,   итошаған,
итбүлдірген (25. 50). Бұл атаудың лексикалық және терминологиялық мағынасы
дегенге сая- ды. Анықтағыштың тағы бір қол жеткен нәтижесі – аралық, тану,


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет