сымақ, жай, хана, ақы, нама, хат, тас, бас сыңарлы БС-дердің қатарын
жүйелеуі (25. 55). Ғалым аталған форманттар мағынасының жалпылану, өзгеру
процестерін көрсету арқылы толық мағыналы сөздің жартылай мағыналы сөзге
ауысуын дәлелдейді. Проф. Р.Сыздықованың ғылыми жетекшілігімен жарық
көрген ҚТОС-інің соңғы басылымында сөздердің бөлек, бірге жазылуы ғылыми
негізде жүйелілік пен бірізділікке құрылғанын көруге болады.
“Күрделі сөздің біртұтас мағынасының қалыптасуында оның
құрамындағы сыңарлардың атқаратын қызметін анықтау мәселесі қазір өте
үлкен қиындық туғызып жүрген теориялық мәселеге жатады. Біріккен сөздер
емлесінің дұрыс шешілуімен байланысты басқа да бірсыпыра мәселелер өз
шешімін табатыны күмәнсіз” (26. 39). Бұл бағытта тілші-ғалым Н.Уәлиұлының
еңбектерінен сөздерді орфограммалаудың ғылыми негіздерін ұсынатын алғашқы
грамматологиялық ізденістерді көруге болады. Автор БС- дердің бір заттың
атауы болуы, бір мағынаны білдіруі сыңарларының бірігіп жазылуына таяныш
бола алмайтынын, мәселеге сондықтан жаңа қырынан, құрылымдық элемент-
тер деңгейінен келу керектігін айтады. БС сыңарларының мағыналық қатынасын
проф. М.М.Копыленконың фраза тіркес теориясымен анықтауды ұсынады. “Ол
теория бойынша, экстралингвистикалық мәнге сәйкес келетін атау сыңары Д,
(денотат1)-мен, экстралингвистикалық мәнмен тікелей емес, жанама байланысы
бар атау сыңарлар Д
2
(денотат 2)-мен, “соларға ұқсас” деген сыңарлар К,
(коннатат)-мен, ал синхрондық тұрғыдан мүлде белгісіз, уәждемесі жоқ деген
атау сыңарлар К,-мен белгіленеді. Мұндағы семалар экстралингвистикалық
мәннен (Д,) алшақтап (Д
2
К
2
) және одан қол үзген сайын (K
2
) екі құрамды
күрделі есім сөздерді бірге жазу үрдісі күшейе түседі” дейді автор. Сөйтіп, ақ аю
мен ақбөкен сияқты бір үлгідегі сөздердің әр түрлі жазылу себебін іздейді (5.
148).
Автор БС-дердің жеке белгілері ретінде сыңарларының мағына
көмескіленуін (сайгүлік, ашудас), екі сыңардың лексика-семантикалық
контаминацияға түсіп, біртұтас мағына беруін (өнеркәсіп, тауқұдірет),
сыңарлардың бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалып барып, бүтінге айналуын
(қосаяқ, бөрігүл, бозтікен), бір сыңардың жалпы мағынаға көшуін (әулиеағаш,
ауданаралық), екінші сыңардың әр түрлі грамматикалық тұлғада келуін
(тамыратпалылар, батысгерманиялық, көріпкел, жатыпатар) көрсетеді (27.
67).
1989 жылы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі” атты монография
жарық көрді. БС проблемасына қатысты қордаланған жайттарды тезге салып,
зерттеу нысанасын жаңа қырынан ашатын өзіндік ерекшелігі бар бұл еңбек
Қ.Жұбанов, К.Аханов, М.Балақаев сынды ғалымдардың БС-ге берген
анықтамаларын қорытындылап, “БС дегеніміз – о бастағы кемінде толық
мағыналы екі сөздің тұтасып жымдасуы нәтижесінде, әдепкі лексика-грамма-
тикалық мағынасынан айырылып, жаңа лексикалық, соған лайық жаңа лексика-
грамматикалық мағына тудыратын сөздер бірлестігі” деп анықтама береді (28.
209).
БС- ге айналу процесін түсіндіруде зерттеушілердің мына схеманы
басшылыққа алғанын көруге болады (28. 213, 215): сөз – сөз тіркесі –
лексикаланған тіркес – БС – кіріккен сөз. Мысалы: ағайын – алыс ағайын,
жақын ағайын, араз ағайын, тату ағайын, ара ағайын, жамағайын. Мұнда бір
деңгейде тұрған лексикалық тіркестердің арасынан жам(а) сыңарының
лексикалық мағынасы күңгірттеніп, жеке қолданыстан шығып қалғандықтан,
жамағайын тіркесі БС-ге айналған. Зерттеушілер сөздің бір буынды болуы да
БС тууына жағдай жасайды дейді (28.214). Аталған монографияның БС- ді
сөзайналым деңгейіңде қарастыруын жалпы теориялық мәселелерге қатысты
қосқан үлес деуге болады.
Қазақ тіліндегі өсімдік атауларының құрамы мен құрылысын,
семантикасын зерттеген проф. Б.Қалиевтің көп құрамды өсімдік атауларының
жазылуы, сөздікте берілуі, әсіресе сөздердің бірігу тәсілі жайлы айтқан құнды
пікірлері бар. Мысалы, біз зерттеуімізде БС-ді типтерге бөлуде, автордың
біріккен атау ауыспалы мағынысының қолданылуы арқылы пайда болады
дегенін - метафора, қызмет ұқсастығына байланысты дегенін – метонимия,
негізгі белгісінің атауға ауысуы дегенін – синекдоха тәсілі деп қарастыра
отырып, басшылыққа алдық (29. 45).
Сондай-ақ автор аюдәрі, еркек, зәйтүн, мыңбас, сарбас, майқара
атауларының аюдың ақ дәрісі, еркек шөп, зәйтүн шиты, мыңбас шырмауық,
сарбас қурай, майқара жусан сияқты көп құрамды атаудан ықшамдалғанын
көрсетеді. Б.Қалиевтің өсімдік атауларының лексикалық және тер- минологиялық
мағынасы туралы айтқан дәлелді көзқарастары өз кезегінде басшылыққа алатын
кұнды пікірлер дейміз. Мысалы, ақбас жусан, көкбек жусандар жусан түрлері
емес, біреуі алабота туысына, біреуі шөптесін өсімдіктер туысына жататын
өсімдіктер, сондықтан олар біріктіріліп реестрге шығарылуы керек дейді (30.
108) автор.
Сөйтіп, сөздерді бірге, бөлек тұлғалаудың уәждемесін іздеген қазақ тіл
біліміндегі зерттеулерге азды-көпті шолу жасап, авторлардың кейбір
тұжырымдарын таратып, саралауға тырыстық. Осы мақсатта бірқатар
мәселелердің басы ашылғаны айқындалды. Олар – сөздер бірігуінің фонетика-
лық (Қ. Жұбанов), семантикалық факторы (Ә. Ермеков, М. Балақаев); сөздер
бірігуінің арнайы форманттар арқылы және сөз тудырушы қосымшалар арқылы
жүруі (Р.Сыздықова, Н.Уәлиев, Б. Қалиев); бөлек, бірге тұлғалауды коннотат-де-
нотат теорияларын қолдану арқылы анықтау (Н.Уәлиев).
1.2.
Құрама сөздердің таптастырылуы
Әдетте сөз өзінің құрамына карай жалаң және кұрама болып екіге бөлінеді.
Жалаң сөз бір негізгі немесе бір туынды түбірден тұрады. Ал құрама сөз –
кемінде екі түбірден құралып, бір ғана зат пен кұбылыстың атауы болатын,
номинативтік бірлік ретінде қаралатын сөз. Номинативтік бірлік сөздердің сөйлеу
кезінде емес, дайын, тұрақты тілдік таңба ретінде жұмсала алуымен
түсіндіріледі. Аталған топ А.Байтұрсынұлында қос сөз деп аталса (4. 183),
Қ. Жұбановтың күрделі сөз деп алуы морфология оқулықтарында бұл терминнің
қолданылу тұрақтылығын күшейтті (7., 18. 139, 22. 76). Алайда “кемінде екі я
одан да көп дара сөзден құралып, ритм ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-
семантикалық жағынан бір тұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін
тұлға болып бірлескен құрама сөздер” (18. 120) өз ішінде біріккен сөз, қос сөз,
қысқарған сөз және күрделі сөз деп (18. 130), төртінші типінде терминнің қай-
талануы біраз шатасулар әкелді. Осыны шешу мақсатында К. Аханов тіркескен
сөздерге құрама сөз терминін еншілеп береді (22. 86) де, оларды сөз таптары
аясында сипаттағанда қайтадан күрделі сан есім, күрделі сын есім атауларын
пайдаланады. Сөйтіп, әдебиеттерде күрделі сөз термині тұрақталды деуге
болады. Ал Н.Уәлиұлы К. Ахановтың құрама сөз терминін біріккен сөз, қос сөз,
қысқарған сөз, күрделі сөз басын құрап тұрған топтың ортақ атауы етеді (27. 56)
Сөйтіп, біз де бір ғана зат пен кұбылыстың атау бірлігі болып, екі сөзден
құралған өнеркәсіп, асқабақ, кемпір-шал, сары ала, алып кел сияқты сөздерді
құрама сөз терминімен атаймыз.
80-жылдарға дейінгі қазақ грамматикаларында (31. 53) проф. А.Ысқақовтың
“Қазіргі қазақ тілі
(морфология)”
оқулығын қоспағанда, БС-дер
компоненттерінің бірігіп жазылуына орай дара сөз қатарында қарастырылған. Ал
профессорлар А.Ысқақов пен К. Аханов қазақ тіліне қатысты өздерінің айтулы
еңбектерінде құрама сөз қатарына біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз және
сыңарлары бөлек жазылатын күрделі сын, сан, зат есімдерді, етістіктерді
қарастырады (18.,22). Тек А. ЬІсқақовтың ұсынған классификациясында құрама
сөз арасынан фразеологиялық тіркестер де орын алады (18). Сонымен,
А.Ысқақовтың “Қазақ тілі морфологиясы” мен К.Ахановтың “Тіл білімі
негіздері” және “Грамматика теориясы негіздері” атты тілшілер қауымына әбден
таныс еңбектерінен кейін, құрама сөздер жасалу тәсіліне, мағынасы мен құрамы-
на, компоненттерінің арақатынасына және орфографиялануына қарай 1)
біріккен сөз, 2) қос сөз, 3) қысқарған сөз, 4) тіркескен сөз болып бөлінеді (32.
189).
Мұндағы әр түрлі терминге ие болып жүрген – бөлек жазылатын кұрама
сөздер. Мұны А.Ысқақов (18. 129), Ә.Ахабаев тіркескен күрделі сөз десе,
Р.Сыздықова лексикаланған тіркес деп атаған (34. 42). Бүгінде ортан жілік,
асықты жілік, кәрі жілік, жамбас жілік, т.б. тіркесімділігі шектеулі сөздер деп
аталынып жүр (35. 107).
Ө.Айтбайұлы терминология пәні тұрғысынан “сөз тіркесі түріндегі
терминдерді еркін тіркесті терминдер (қызыл бұрыш, қара топырақ), еркін емес
тіркесті терминдер (көне тіл, азамат соғысы) және фразеологиялық терминдер”
деп бөледі (36. 20-21).
С. Исаев әуелде оларды атаулы тіркес (көр тышқан, жарыс сөз, Арал теңіз)
деп атап, фразеологиялық және еркін тіркестен бөліп қарау керектігін ескертеді
(37. 71-74). Кейін тіркесті түбір деген тың термин ұсынады (38. 21).
Ал профессор М. Балақаев бұларды түйдекті тіркестер (20. 193.) (бұларға
күрделі етістік, күрделі есім, идиома, көмекші сөз бен негізгі сөздерді
жатқызады) десе, түйдекті тіркес деп соңғы кездері тек негізгі сөз бен көмекші
сөздің тіркесі аталынып жүр (39. 19).
Н.Уәлиұлы күрделі сөз терминімен атайды (27. 56).
Терминдерді аталған авторлар бекер ұсынбайды. Синтаксистік сөз тіркесі
шекарасынан шығып, БС ұясына ене алмай жүрген аралықтағы сөздердің
номинациялану, абстрактілену дәрежесі алуан түрлі. Проф. К. Аханов, А. Ыс-
қақов, М.Балақаев сынды ғалымдардың ауыл шаруашылығы, қалбағай омыртқа,
аса таяқ, ауыз әдебиеті (18. 129-133, 20.,22. 81-95) сияқты әр түрлі топқа
жатқызылып жүрген тіркестерді күрделі зат есімге жатқызуы күрделі сөз сипа-
тын одан ары айқындауға жол ашты.
Қолданылуы тұрақталған күрделі сөз атауы осы типтегі сөздерге лайық деп
ойлаймыз: біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, күрделі сөз. Егер тіркесті түбір
десек, осы қатардың бір ыңғай, үйлесімін бұзатын сияқтымыз, бұл – бір,
екіншіден, мұндағы түбір атауы сөздердің түбір және туынды болып бөлінуіндегі
түбір терминімен ассоциация болып, екіұштылық тудыруы мүмкін, үшіншіден,
бөлек жазылатын бұл кұрама сөздер тек түбірлерден тұрмайды. Ал тіркескен сөз
десек, әсіресе күрделі тіркескен сөз десек, синтаксистік сөз тіркесі терминдерінен
айырмашылығы болмай қалар еді. Проф. М.Балақаевтың түйдекті тіркестер
термині де құрама сөз деген ұғымға сәйкес келмей ме дейміз: біріккен сөз, қос
сөз, қысқарған сөз, түйдекті тіркестер. Түйдекті сөз деп тағы ауыстыруға
болмайды: фразеологияда тұрақты тіркесті түйін тіркес, түйінді тіркес деп
бөледі.
Сонымен, біз осы дәлелдерді келтіре отырып, бөлек жазылатын құрама
сөздерді күрделі сөз атауымен атаймыз. Бұл құрама сөз типтерінің біреуінің
бірігіп, екіншісінің дефиспен, үшіншісінің әріп, не буын қиюлы бірігуі,
төртіншісінің бөлек жазылуына да байланысты, яғни құрама сөз термині күрделі
сөздердің орфографиялық кескінделуі тұрғысынан ұсынылады. Сонда күрделі-
құрама сөзге синтаксист: сөз тіркесі шеңберінен шыққан лексикаланған немесе
шектеулі тіркес (ортан жілік, бет күрделі орамал, қол орамал, асықты жілік),
күрделі етістік, күрделі сын есім, күрделі сан ссім енеді. Сөйтіп, бұл қатар
синтаксистік сөз тіркесі мен БС аралығындағы сөзжасам процесі болып
қалыптасады.
Тілімізде кіріккен сөз терминіне ие, құрамындағы сыңарлары жылысу,
жұтылу, элизия құбылыстарына ұшырап барып, негізі сіңіскен, семантикалық
контаминацияға ұшыраған, этимологиялық талдау жасалмаса, сыңарлары
танылмайтын сөздер бар. Әдебиеттерде бұлар құрама сөздің, оның ішінде БС-дің
бір түрі ретінде қарастырылады. Әрине, биыл, бүгін, тоқсан, сексен сияқты
сөздер бір кездері морфемдік жігі айқын БС болғанмен, бүгінде негіздері се-
мантикалық, фонетикалық будандасуға (контаминацияға) ұшыраған,
этимологиясы мүлде күңгірттенген кіріккен сөздер тобын құрайды. Кіріккен сөз
терминін алғаш ұсынып, анықтаған – Қ. Жұбанов.
Сонда сөзайналым сатыларын былай көрсетуге болады: түбір сөз – сөз
тіркесі – (фразеологиялық, атаулық тіркес) – күрделі сөз – қос болмаса
біріккен сөз – кіріккен сөз – туынды сөз – түбір сөз.
Біз, проф. К. Ахановтың пікірін (22. 82) қоштай отырып, кіріккен сөзді кұрама
сөз қатарында қарастыру мейлінше шартты екенін ескертеміз. Сондықтан
құрамына қарай бөлінген жалаң және құрама сөздердің жалаң сөздері түбір,
туынды, кіріккен болып үшке бөлінеді.
Этимологиясы барынша айқын деген қазақ тіліндегі кіріккен сөздердің
қатары мынадай: биыл (бұл жыл), былтыр (бір жыл дүр), бүгін (бұл күн), әкел
(алып кел), әкет (алып кет), сүйт (солай ет), тоқсан (тоғыз он), табалдырык,
(табанға іл тұрық), сағалдырық (сағаққа іл тұрық) күндіз (Күлтегін
ескерткіштерінде күнтүз формасында келеді (40. 6) және Ә. Ермековтің көрсетуі
бойынша, мына сөздер кіріккен сөздер: тапжылмау (табанын жылжытпау),
айпарадай (айға барабар), айдын (ай түн), қарлығаш » (қара ала құс), көзайым
(көз айдындық), айгөлек, албасты, алаңғасар, алабұрт, алдыңгүні, алмұрт,
ашқарақ, тілемсектену (тіленіп, еміну), жантаю (жанына таю), жәрдем
(жар дем беру), кесапат (кесел апат), жиеншар (шар із деген сөз, сонда
қыздан туған баланың баласы), сөзуар (сөзді қуар ), кемтар (кемдік, тарлық),
жалмауыз (жалмайтын ауыз), күнелту (күнді жөнелту), әттеген-ай (әттең
ғана-ай), ендігәрі (ендігіден ары), мәселенки (мәселен яки), әгәра- ки (егер яки),
бертінде (бері таманда), әртінде (әрі таман- да), елтірі (өлі тірі), кәдуілгі
(кәдімгі әуелгі), ынтызар (ынтықзар), ойбай (ой пәле ай), талтаяқ (талтаң
аяқ), кимешек (киме желек), әлденедей (алда нендей), бертін кел (бері таман кел)
(15. 4); және есерсоқ, жедеғабыл, жексұрын, мойнақ, сонікі, сүлесоқ, жарғанат,
құлагер, бегзат, есуас, түрегел, әпер, жегжат, көгал (28. 211). БС жайындағы
үлкен еңбектің иесі Г.Жәркешова Э.В. Севортянның “Соотношение грамматики
и лексики в тюркских языках” еңбегі негізінде біраз БС-дің құрамын қарап,
мағынасын анықтайды. Мысалы: абжылан (аб-моңғолша сиқырлау, арбау),
ағайын (аға йүгүн), қарақат (қат алтай тілінде “жидек”), жамағайын (жам
көне түркіше “тұсақ”, “алыс” (41. 175), шалап (аб парсыша “су”), абырой (аб,
рой парсыша “су”, “бет”), қамқөңіл (қам арабша “қайғы”).
Кіріккен сөз дегеніміз – екі негізден құралып, дыбыстық, семантикалық
контаминацияға түсіп, бір түбірлі сөз болып танылып кеткен, негізгі
сіңіскен жалаң сөздер.
Ендігі сөз құрама сөздердің орфографиялық кескінделуі туралы. Емледе
кұрама сөз бөлек, бірге, дефис арқылы таңбаланады. Қазақ тілінің бір ерекшелігі
құрама сөз компоненттері арасындағы мағыналық құрылымдық қатынас тұрпат
межесінде (план выражения) мүмкіндігінше көрініс тауып отырады. Осы себепті
құрама сөздерді морфологиялық таптастыру мен кескінделуі жағынан
таптастыру сай келіп жатады. Сонда бөлек, бірге, дефис арқылы таңбалау кұрама
сөздердің визуалды белгілері болып та табылады.
Мұндағы бірге тұлғалауды грамматикалық бірліктердің бүгін тұлға екенін
білдіретін тілдік құрылымның ерекшелігі деп алсақ, онда бірге тұлғалаудың
мынадай деңгейлерін көрсетуге болады:
1. Дыбыстық деңгейдегі бірліктердің бірге тұлғалануы (түбір сөз ([т][а][с] –
mac, туынды сөз ([ж][а][з][у][ш][ы] – жазушы), шылау сөздер).
2. Морфем деңгейіндегі бірліктердің бірге тұлғалануы (негізгі сөз бен
қосымшалардың бірге тұлғалануы: [а] [у] [ы] [л] [д] [ы] [ң] [ ауылдың; кіріккен
сөздің бірге тұлғалануы: [б][и][ы][л] [ биыл; қысқарған сөздің бірге түлғалануы:
[Т][М][Д] [ТМД, біріккен сөздің бірге тұлғалануы: [а] [с] [қ] [а] [з] [а] [н] –
асқазан).
Мұнда соңғы деңгейдегілердің бірге тұлғалануы жазуда кодификацияланды
деуге болады. Рас, түбір мен қосымшаның, сөз бен жалғаудың бөлек берілу
үрдісі XIX ғасырдың жартысына дейінгі жазба мұраларда сақталып келгені бар,
кіріккен сөздің де бірге жазылуында ала-құлалық байқалып отырды. Әйтсе де
бұл қатардың бірге таңбалануы жазуды нормалаудың алғашқы тәжірибелерінде-
ақ қалыпқа түсе бастағанын көруге болады.
“Азған сөз азған күйінде жазылсын”(6) деп, А. Байтұрсынұлы кіріккен сөздің
орфограммасын ретке салса, “жұрнақтардың түбірге ұйқасуы..
.жұрнақтардың.. .тұтас жазылу мәселесі” (3) М.Чобанзаде мақаласында
қойылады. Қысқарған сөздің қиюлы кіріккен, аралас кіріккен, буын кіріккен
болып бөлініп, кіріккен сөздің бір түрі ретінде қаралуы олардың бірге жазылуына
таяныш болды.
Ал біріккен сөздердің тұрпат межесі туралы, Қ. Жұбанов терминімен
айтқанда кіріккен сөздің жаңа түрінің жазылуы туралы айтсақ, мәселе қашан да
қиындықсыз шешілмегенін көреміз. А.Байтұрсынұлының өзі “бұрын бір өңкей
болса, бірігіп жазылып, бір өңкей болмаса, қосарлық(-) пен жазылатын еді, енді
бәрі де қосарлықпен жазылатын болды” (6) дейді. Бөлек жазылатын құрама
сөздерді Ахаң үйір айтылатын сөз бен қосындыға айналған сөздер деп, арасына
тәртіп жасау керектігін ескертеді (6). Сөйтіп, “сөздердің мағына жағдайына қарай
бірге, бөлек жазылуы” (3), оның ішінде “бір екпінді, бір сынды (гармония), бір
мағыналы қос сөздердің тұтас жазылуы”(3) айқындалды.
Ал бөлек тұлғалануды сөздің дербес тілдік бірлік екенін көрсететін
синтаксистік құрылымның ерекшелігі (42. 52) десек, онда бөлек тұлғаланудың
өзін мынадай бес сатыға бөлуге болады:
1. сөйлем мүшелерінің бөлек тұлғалануы;
2. сөз тіркесі деңгейіндегі синтаксистік бірліктердің бөлек тұлғалануы
(алтын сағат, күміс қасық, кеңсе құралы, сабақ үлгерімі);
3. түйдекті тіркестердің бөлек тұлғалануы (келе жатыр, сабақтан кейін,
үйдің алды, егер де);
4. фразеологиялық тіркестердің бөлек тұлғалануы (ит әуре, мысық
тілеу);
5. лексикалық синтагмалардың, яғни КС-дердің бөлек тұлғалануы
(тандыр нан, am қора).
Біздің пайымдауымызша, дефис - (дефис терминін косаралық сөзімен
ауыстыруға болатын сияқты) теңдік белгісі. Сондықтан салалас құралған, мағына
беру дәрежесі бір- бірімен парапар қос сөздер дефиспен жазылады. Шыңды-
ғында, математикалық тендік белгісі қойылуы қажет. Бұл кейінгі кездері
баспасөзден, көркем, ғылыми әдебиет беттерінен бой көрсетіп те жүр. Дефистің
теңдік белгісіне ойысуы, бір жағынан, дефистің сөзді ажырататын тасымал,
сызықша белгілерінен шатастырылмауынан туса, екінші жағынан, қос сөз
құрамындағы сыңарлардың, жоғарыда айтылғандай, сөзжасам қабілеттерінің тең
дәрежеде болуынан келіп шығады. “Термин “дефис” – парадоксален. Он возник
как знак разъединения, а стал, по преимуществу, знаком соединения” (43. 288).
Дефистің сөзді ажырататын мағынасын тире (сызықша) атқарады. Ал
дефис сөзді жақындастыратын мағынасында қалды. Мысалы, бір кездерде
мерзімді баспасөз бетгерінде ой-тамызық, айдарымен мақалалар шығып жүрді.
Кейін қос сөз БС-ге айнала бастады. Қоражай, мекенжай сөздерінің де осы
жолдан өтуі дефистің сөзді жақындастырып, біріктіруге бейімдейтінін көрсетеді.
Дегенмен, қазақ тілінде бұл жиі құбылыс емес. Орфографияда сөз тіркестерінің
универбтелу сатылары, негізінен
босаралық, қосаралық
және
босаралықсыз графемаларымен көрінуі тиіс. Ал ағылшын тілінде құрама
сөздердің тұтас тұлғалануы қосаралықпен және босаралықсыз таңбалана береді
(honeymoon, blood-vessel, arm-chair). Ағылшын тілінің американдық
вариантында бірге жазу басым болса, британдық вариантында дефиспен көп
таңбаланады. Алайда дефис кейде тілдің эстетикалық қызметін де атқарады (44.
132-133).
Қазақ тіліндегі құрама сөздердің тұрпат межесі (план выражения) мен
мазмұн межесінің (план содержания) өзара үйлесім табуын кесте арқылы да
көрсетуге болады (1-сурет). Сонда, орфографиялық кескінделуі тұрғысынан
құрама сөздердің біріккен сөз, қос сөз, қысқарған және күрделі сөз болып бөлінуі
ұғымдық, мағыналық деңгейлерден шығып, жазба тілдің таңбалық сипатына сай
келеді.
Ал сөздерді бірге, бөлек тұлғалаудың негізі неде? Оның емледе принципті
мәселеге айналып, дау туғызуы неліктен?
Тілдің коммуникативтік, когнитивтік кызметтеріндегі бұл проблеманың
салмағы қандай? Енді осы сұрақтар төңірегіндегі пікірлерімізді таратып көрейік.
1-сурет
Құрама сөздер
Тұрпат межесі
Мазмұн межесі
Тілдің графикалық бірлігі
Тілдің мағыналық бірлігі
біріккен жалқы есімдер:
Гүлнәр, Қойгелді
Бас әріппен
таңб- дар
әріп қиынды қысқарған
сөздер: АҚШ, ТМД, ҚР
Босаралықсыз
таңб-дар
Кіші
әріппен
таңб-дар
құрама жалпы атаулар:
Ғылыми-зерттеу мекемесі
демеуліктің постпозициясы
сен-ақ, деймін-ау
қос сөз бен косар-ған
сөздер
құрама жалқы атаулар:
Ғылым-Білім министрлігі
Бас әріппен
таңб- дар
Қосаралықпен
таңб-дар
негізгі сөз бен шылау
сөздер: үйге дейін, сабақтан
соң
фразеологиялық бірліктер
негізгі сөз бен көмекші
сөздер: келе жатыр
күрделі сөздер (күрделі
есім-р мен етістіктер)
Кіші әріппен
таңб-дар
күрделі жалқы есімдер:
Қазақстан Республикасы
Бас әріппен
таңб- дар
Босаралықпен
таңб-дар
буын қиынды қысқарған
сөздер: ұжымшар, кеңшар,
кәсіподақ
біріккен жалпы есімдер:
асқазан, жүзбасы
Кіші
әріппен
|