Орфографиясы


 Біріккен сөз және бірге тұлғалаудың



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата12.03.2017
өлшемі0,69 Mb.
#9241
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2.3. Біріккен сөз және бірге тұлғалаудың 
семантикалық белгілері
Сонымен,   біз   бірге   таңбалаудың  формалды  белгісі   мазмұн
межесіндегі   семантикалық   тұтастық   негізінде   шығып   отыратынын,   ал
арнайы форманттар ұғымның универбтенуін тездететінін көрсеттік. Сөздің
берілу   формасы   тек  жазуда  ғана   таңбаланбайды,   алдымен   ол   ұғымда,
санада,   ауызша   тілдің   мазмұн   межесінде   таңбаланады.  Сондықтан   бұл
сипат   кейде   жазуда   бірден   көрініс   табады,   кейде   уақыт   өте   келе
бейнеленеді.   Соңғысы  формалды  белгісі   жоқ   түріне  қатысты.   КС-дер
орфографиясында   шешуін  т аппай   жүрген   мәселе   де   осы   қатармен
байланысты.   Расында   да,   негіздер   лексикаланып,   идиомаланып,   бір
дыбыстық жамылғыш астына жинақталуын қалай түсіндіруге болады?
“Тіл-тілде   семантикалық   тәсілмен   жасалған   күрделі   субстантивтердің
статусын анықтаудың едәуір қиындығы”  (28. 229), сөздерді бірге таңбалаудың
ғылыми   негізін   түсіндірудің   қиын   екені   (95.   276),   БС-ді   КС-ден   ажыратуда
семантикалық тұтастық белгісі  –  БС-дің басты белгісі бола алмайтыны, себебі
семантикалық тұтастық белгісін түсіндіруде әр түрлі көзқарастар барлығы, және
оның БС’- дің барлық түрінде бірдей емес екенін, сондықтан олардың түрліше
сипатта көрінетіні тілші ғалымдар тарапынан айтылып келді (22. 56).

Тілдің үш қызметі: номинация, предикация, локация жалпы семиотиканың
үш аспектісіне – семантика, синтактика, прагматикаға –сәйкес келеді (112. 249).
Мұндағы  номинация   семасиология,  семантикаға   тікелей   байланысты
екендігі айқын. Таңбаның тілдік жүйесінің типтері  –сөз,  граммема, морфема,
фразема болса, оның мазмұн межесінің бірлігі – семема, тұрпат межесінің бірлігі
-  лексема.  Сонда белгілі  болған  бір денотатқа,  я  болмаса кұбылысқа берілетін
атау,   яғни  лексема  референттің   бойындағы   бірнеше   белгінің,   семаның
сұрыпталып, қорытылуы нәтижесінде, немесе атауға негіз болатын бір белгіні
актуалдану нәтижесінде, немесе мәнді ғана белгілері жиынтығы нәтижесінде
(112.13) туады. Оның себебі  –  тілдік таңба мазмұн өресі тілдік таңбаның 1)
қоршаған   ортамен   қатынасы   (сигматика);   2)   қолданушымен   қатынасы
(прагматика); 3) мәтіндегі басқа таңбамен қатынасы  (синтактика); 4) жүйедегі
басқа таңбамен қатынасы (семантика аспектілерінде қаралуында (45. 330).
Жалпы,  атау референт-ұғым-атау үштік қатынасы немесе реалий-ұғым-
атау (113. 249) арқылы түсіндірілетіні белгілі. Атау үшін аса қажетті және ерекше
нәрсе оның ұғымдық және заттық жақтарының қатысы болып табылады. Осы
қатынастан   шығатын   сөздің   атауыштық   қызметі   оның   “барлық   басқа  да
мағыналары мен қолданылуынын қоғам таныған негізгі тірегі” (75.) болады.
Алайда атау мағынасы жан-жақты семантикалық  даму, ауысу үстінде болады.
“Значение  –  процесс, динамическая иерархия процессов” (114. 8). Олай болса,
КС-дердің жазудағы біріккен тұлғасының уәждемесін олардың мағынасындағы,
семантикасындағы өзгерістерден іздеу керек. Қазақ тілі окулықтарында БС-дерге
“семантикалық бір ұғымды білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі бола алатын, бір
фоноциямен айтылатын,  дыбыс үндесу зандарына  әсер  ететін сөздер” (17. 9);|
"компоненттері   мағына   жағынан  да,   форма  жағынан  да  елеулі   өзгерістерге
ұшырамай-ақ, өзара бірігіп, жинақталған  біртұтас лексика-семантикалық мағына
білдіретін   күрделі     сөздер”(   18.139);   “толық   мағыналы   екі   сөздің   тұтасып
жымдасу нәтижесінде әдепкі лексика-грамматикалық мағынасынан айырылып
(не  күңгірттеніп),   жаңа   лексика-грамматикалық   мағына   тудыратын   сөздер
бірлестігі” (20. 200), “кемінде толық мағыналы екі сөздің тұтасып жымдасуы
нәтижесінде,   әдепкі    лексика-грамматикалық   мағынасынан   айырылып,   жаңа
лексикалық,  соған   лайық   жаңа   лексика-грамматикалық   мағына   тудыратын
сөздер бірлестігі” (28. 209) деген анықтамалар  беріледі,  яғни БС-дің негізгі
белгісі делініп сыңарлар мағынасындағы  өзгеріс, арасындағы катынас айтылады.
Бірақ ол өзгерістер қандай процестер негізінде жүретіні тіпті жалпы тіл білімі
зерттеулеріңде де айтылмайды.
Осы  бағытта Н.Уәлиұлы фразеологиядағы коннотат-денотат теориясын
құрама   сөз   сыңарларының   бөлек,   бірге   жазылуы   негізін   ашуға   қолданады.
“Денотат   в   нашей  концепции  –  реалия   внешнего   мира,   отраженная   и
закрепленная  сознанием   в   значении   слова,   обозначенная   словом.  Реалии   не
имеющие языкого выражения, денотатами  не являются.  Итак, денотативные
семемы, это прежде всего  образы денотатов. А лексемы с коннотативными

семемами   являются   дополнительными   наименованиями   мысленных  образов
денотатов, уже имеющих первичное наименования” (115. 31-32).
Осы тұрғыда Н.Уәлиұлы  КС-дердің “экстралингвистикалық мәнге сәйкес
келетін атау сыңары Д
1
,-(денотат 1)-мен,экстралингвистикалық мәнмен тікелей
емес, жанама байланысы бар атау сыңарлар Д
2
 (денотат 2)-мен, “соларға ұқсас"
деген сыңарлар К
1
, (коннатат 1)-мен, ал синхрондық  тұрғыдан  мүлде белгісіз,
уәждемесі   жоқ   деген   атау  сыңарлар   К
2
-   мен   белгіленеді.   Мұндағы   семалар
экстралингвистилық мәннен (Д
2
,) алшақтап (Д
1
, K
2
) және одан қол үзген сайын
(K
2
) екі кұрамды күрделі есім сөздерді бірге  үрдісі күшейе түседі” дейді. Және
автор құрама сөздердің ішінде дұрыс жазылуы қиындық келтіріп жүрген Д


1
,
Д 
2
Д
1
 қатынастағы құрама сөздер екенін айтады (5. 40).
Расында  да,  компоненттері  экстралингвистикалық  мәнділіктен алшақтай
қоймаған  жалақы, уыққап, итаяқ  сөздері бірігіп, ал  жер ошақ, кәрі жілік,
мойын омыртқа сияқты сөздер неге бөлек жазылады?
Мәселені шешу мақсатында БС мағынасының уәжді- уәжсіз-идиомалану
сипатына қарай эндоцентрлі БС-дер  және экзоцентрлі БС-дер деп бөліп алу
жөн сияқты. Мұның біріншісінде БС мағыналарының сыңарлар мағынасынан
туынадауы нысанаға алынады, яғни универбті “жаймалағанда” оның сөйлем, сөз
тіркесі   мағынасына   сәйкес   сипаты   ескеріледі.   Мұндай   әдіс   тіл   білімінде
трансформация  деп  аталады  (бұны қазақ  тілінде  ж а й м а л а у   әдісі  деп
алуға болады). Осы әдіске сала отырып, қазақ тілінде эндоцентрлі БС-дерді
уәжсізденуіне қарай бірнеше топтарға бөлеміз.
Бірінші топқа  экстралингвистикалық мәнділікпен Д
2
Д
1
  қатынастағы БС-
дерді   жатқызамыз,   мысалы:  сарымай,   ақбөкен,   тарбақа,   көлбақа,   құрбақа,
айғыржуа,   ақбаттауық,     аққаңбақ,   ақсаңырауқұлақ,   көктал,   көккептер,
балқарағай,   сиырбұршақ,   бозбетеге,   түйежаңғақ,   укекіре,   өгізшағала,
тауқалақай, шайсаңырауқұлақ, қарақотыр, қаракөже, сарымия, бозарша, көк-
қарға, көкпияз т.б.
Байқап отырғанымыздай, бұл қатардағы атаулардың екінші  компоненті
тура   мағынасында  қолданылып  отырады.   Мысалы:  сарымай  –  “әбден
шайқалып, сүтінен мұқият ажыратылған, қойдың қарнына ұзақ уақыт сақтала
сары түсін сақтаған, басқа тағамдық майлардан құнарлылығы өте жоғары май”;
көкпияз  –“жаңадан көгеріп, өсіп келе   жатқан пияздың асқа қататын сабағы”;
балқарағай  –  “үнемі көгеріп тұратын, қылқанды қарағай” (ҚТТС, 2 т.  84-б.)
Мұндағы мағыналық жылжуға ұшырап, Д
1
,-ді емес, Д
2
-ні көрсетіп тұратын  –
бірінші   сыңар.   Әдетте   синтаксистік   сөз   тіркесі   деңгейіндегі   тілдік   бірліктер
экстралингвистилық     мәнділікпен   Д
1

1
,   қатынаста   болады.  Мысалы,  күміс
қасық деп “күмістен жасалған қасықты”, алтын сағат деп "алтын жалатылған
сағатты” атайды.
Ал лексикалық синтагмаларда Д
1

1  
қатынаспен  (am  қора)  бірге  Д
  2

1
,
қатынастағы  (кәрі   жілік)  бірліктердің  саны  молая   түседі.  Кейін   осы
қатынастағы   КС-дер   бір   денотаттың   атауы   болып,   жұмсалу   жиілігіне   түсіп,
терминдік мәнге ие болған сайын бірге таңбалану тұрпатын қабылдай бастайды.

Алайда бұлардың да үлгісі Д
2
Д
1
 қатынасты құрайды. Сөйтіп, КС бен БС
арасындағы бұл ұқсастық емледе біраз шатасулар әкеледі.
Негізінен, Д
2
Д

қатынастағы КС-дерді ҚТОС-інің үш басылымы да бөлек
тұлғалауды ұсынып келді. Ал проф. Р. Сыздықова алғашқы сыңары may, шөл,
дала, ақ, қара, түйе, сиыр, ит болып келетін аң-құс, өсімдік атауларының бірге
таңбалануы қажет екенін көрсетіп, ҚТОС-інің жаңа басылымына реестр сөз етіп
береді. 
Жалпы экстралингвистикалық мәнділікпен Д
2
Д
1
  қатынастағы  БC үлгісі
тілімізде жоқ емес, бар болатын. Мысалы:  сарымай, ақбөкен, тарбақа, көлбақа.
Алайда   бұл   сөздердің   бірге   жазылуы   біраз   уақыт   ала-құлалықта   байқалып,
тұрақталып еді. Оның себебі екінші компоненттің тура мағынада жұмсалуынан
болып отыр. Осы арада мынадай ой түйіндеуге болады: құрама сөз құрамындағы
екінші   компоненттің    мағыналық   жылжуға   түсуі   (Д
2
)   сөздерді  біріктіру
нәтижесіне жеткізеді.
Негізінен,  бұл   топтағы   БС-дерді   КС-дерден   ажырату   керек.   Әзірше
экстралингвистикалық   мәнділікпен   Д
2
Д
1  
қатынастағы   бұл   КС-дердің   бірге
жазылуы олардың терминдену сипатынан шығып отыратынын айтамыз.
2- топқа жертөле, құстөсек, қонақүй, асүй, жүкаяқ, ораманан, таскөмір,
жерқойма, қонақасы, қарашірік, қосағасы,  наурызкөже, өңіржиек, торқапшық,
түскиіз, есепшот,  елтаңба,  жолбике, көзәйнек, көкбауыр, көкжиек, қолбала,
қолөнер, шоқаяқ сияқты компоненттері экстралингвистилық мәнділікпен Д
  1

2
қатынастағы БС-дер жатады. Неміс тілінде мұндай БС-дерді синтаксистік сөздер
тіркесінің сырттай және іштей изоляциялануының нәтижесінде пайда болады
деп түсіндіріледі (116).
Алғашында   атау   сөйлем,   предикаттық   қатынас  формалары   түрінде
болатынын тілдік фактілер растайды. Қолданыста  қайталана келе, жайылған
ұғым белгілі бір қалыпқа, формаға түсуге ұмтыла бастайды. Бірақ ол форма –
бүкіл  сол ұғымның мағынасын бойына жинақтап тұруы шарт. Сондықтан кез
келген   сөзде   жалпылық   мағына   басым   болады.   Бірақ   “зат  пен   құбылыстың
танылмаған   жақтары   біртіндеп   танылып,   олардың   айырмашылықтары,
ерекшеліктері   де   айқындала   бастайды.   Осының   нәтижесінде   адам   ұғымы
жалпылықтан жалқылыкқа  карай  тарамдалып,   заттарды ажырата, айыра тани
бастауынан   танылған   заттарға   бөлек-бөлек   атаулар   бере   бастау”   (110.   55),
анықтайтын   анықталатын   қатынастағы   тіркестерді,   кейін   күрделі-құрама
атауларды   өмірге   әкеледі.   Ол   тіркестер   заттар   мен   құбылыстарды   анықтап
көрсету қызметінде жүре келе, келесі танылған  зат пен кұбылыстың атауға ие
болуына қарай жалпылануға көше  бастайды.  Сөйтіп, тіл үнемі ауысу, өзгеру,
даму динамикасы үстінде көрінеді. Үсті-үстіне пайда болып жататын танылған
заттар мен құбылыстарды тіл өзіне таңбалау үшін атау берудің түрлі тәсілдерін
қарастырады.   Алғашында   эксплицивті   ұғым   ретінде   құрылатын   атауды   тіл
ықшам   формаға   түсіру   үшін   үнемдеу   заңына   салып,   фонетикалық  элизия,
апакопа құбылысын “ерте жүріп” екі лексеманы морфологиялық бірігу, кірігу,
сіңісу   құбылысына,   болмаса,   синтаксистік  эллипсис,  болмаса   лексикалық

метонимия, синекдоха  құбылысына ұшыратады, яғни атауды беретін ұғымның
өзара ыңғайлас екі семасын білдіретін екі  лексема  бірігеді де, бір мағыналық
шоғыры жинақталады, не болмаса сол ұғымды беретін бір лексема қалады да,
қалғаны эллипсиске ұшырайды: орама нан  ораманан ораман, өре ағаш  өре,
дар ағаш    дар, читальный зал  –  читалка, брюки из вареного материала  –
варенка т.б.
Сөздің атауыштық қызметіне жету мақсатында пайда болған БС-дің бұл
типінің жасалуы мына сатылардан тұрады: сөйлем – сөз тіркесі – (тұрақты тіркес
– атаулық немесе лексикаланған немесе шектеулі тіркес) –күрделі сөз – біріккен
сөз – кіріккен сөз – сөз – сөйлем.
Бұндай жолмен біріккен атаулар  –  көбінде денотативтер, яғни қоршаған
ортада   реалийі   бар,   референтті  атаулар.  Тіпті   әдебиеттерде   денотативтердің
сөздікте   түсіндірілуінің   өзіне   қарсы   пікірлер  бой  көрсетіп   жатады:   деректі
атаулар сөздікте бірқатар дефиницияларынан айырылады, ол белгілер суретпен
ауыстырылуы керек дейді, бұл пікірді жақтаушылар (117. 98).
Сонымен   бірге,   бұл   қатар   сөздің  тура  және   нақты   мағынасымен
байланысты екен. Ал тура мағына дегеніміз – атауының экстралингвистикалық
мәнділікпен тікелей байланысты. Ал ол байланыстың қандай екені адамның
таным әрекеттері мен мүмкіндіктеріне негізделеді. Сондықтан көбінесе тұрмыс,
табиғат,   қоғам   семантикалық   аймағындағы  кұрама   сөздердің   жазылуы
уәжділікке   құрылады.  “Явления  аналогии   занимают   большое   место   в
номинативной деятельности человека” (118. 87).
Бұл тұрғыда сөзжасамда сөздердің бірігу тәсілі мазмұнына формасы сай
толыққанды тәсіл болмақ. Тіліміздегі жаңа қолданыстар мен атаулардың дені
аталған. Негізінен, бинарлы атау сипаттаушы элементін қосарлап атауды  керек
қылғандықтан  пайда  болады  (115.   85).   Мұндағы   сипаттаушы  элемент  оның
дифференциалды семасы екені белгілі.  Мысалы,  қолғап  БС-і қолды суықтан,
желден тағы басқа сыртқы әсерлерден қорғайтын “қап”, “чехол” деген мағынаны
береді,  яғни  қаптың  басқаны  емес,  тек  қолды  қорғайтын   семасы   өзін  тілде
таңбалауды талап етеді. Ал екінші компоненттің қап архисемасында емес, кейінгі
мағынасында  (чехол)  көрініс беруі, яғни Д
2  
қатынаста тұруы атаудың бірігуіне
әкеледі. Сонда БС-дің бұл қатары қашан да мазмұн межесін лексеманың бойына
сыйдырып тұрады.
Сөйтіп, бұл топтағы БС-дер кейде  дифференциалды семаның, кейде сол
семамен сол  мағыналық өрістегі жалпы атаудың тіркесімі негізінде жасалады.
Мұнда сөздердің ішкі, сыртқы валенттілігі маңызды роль атқарады. Ал сөздердің
тіркесімділігі денотативтік жиілікке ұласса, екі сыңарлы атаудың номинативтік
бірлік болуы аяқталады.
Ал осы кезеңдерді басынан кешірген кәрі жілік, мойын омыртқа сияқты
атаулар неге  бірге жазылу тұрпатына ие емес? Біздіңше, бұлар  –  Д
2
Д
1  
немесе
Д
1
Д
2
  қатынасына  жетпеген  сөздер, яғни екі сыңар  да  экстралингвистикалық
мәнділіктің өзін көрсетеді, екі сыңар да тура, нақта мағынасында тұр. Оған
“жаймалау”   тәсілін   қолдану   арқылы   көз   жеткізуге  болады.   Мысалы:  ортан

жілік – “жамбас пен асықты жілікті ұштастыратын аралық жілік” (Д
 1
Д
 1
); жер
ошақ – “ қазан асу үшін жерден кеулей қазылып жасалған ошақ” (Д
1

1
,); бөлке
нан  –“белгілі қалыпқа салып пісірілетін нан” (Д
1

1
). Байқап отырғанымыздай,
күрделі атау соңғы сыңары жайылма ұғымның құрамында қайталанады. Ал
универб  атауларды сөз тіркесіне трансформациялағанда соңғы сыңар ұғымды
түсіндіруде   басқа   кең   мағыналы   сөздермен   алмастырылады:  жертезек  –
“батпақты   жерлерде   болатын   отыңдық   зат,  торф”;  жертөле  –  “уақытша
мекендеу   үшін   жерден   қазылып,   төбесі   жабылған   баспана  немесе  ұрыс
даласыңдағы әскерлердің уақытша баспанасы”; жүкаяқ  – “жүк астына қоятын
төрт аяқты ағаштан жасалған бұйым”;  таскөмір  –  “жерден кеулей қазылып
алынатын отын”; ораманан – “ет, картоп, пияз, сәбіз салып, орап, буға пісіретін
тағам”.   Мұндағы  таскөмір  сөзінің   бөлек   таңбаланьш   жүруі  –  композит
мағынасын көмір сыңары да бере алу себебінен.
Сонымен,   біз   Д
1

2
,,   Д
2
Д
1
,   типтерінің   дені   денотативтер   екенін   және
олардың мағынасы композиттен “көрініп тұратынын” байқадық.
Эндоцентрлі   БС-дің   3-тобы  егеуқұйрық,   жарғанат,   қараөкпе  (ауру),
қоскіндік (мал ауруы), қосаяқ, кырықаяқ, қылқұйрық, сасықтабан (мал ауруы),
шілдекртыр  (ауру),  қаламұш, үрпексары, қарақаптал  (мал ауруы),  сартабан,
тоқалтіс,   тышқанқұйрық,   кезқұйрық,   көксары,   семсерқұйрық,   қосауыз,
сабауқұйрық,   ақиық,   бізқұйрық   (құс),   бізтұмсық,   дөңмаңдай   (балық),
ементұмсық, ескектұмсық (балық), көкжал, қалқантұмсық, қаракөз (балық),
қарақұлақ, сарбалақ, тараққұйрық (тышқан), балтатұмсық  сияқты бүтіннің
орнына  бөлшек,  жалпының  орнына  жалқы,  үлкеннің  орнына  кіші  аталатын
синекдохалық   қолданыстағы   БС-дерден   тұрады.   Бұларды   Д
2
Д
2  
қатынастағы
атаулар дей отырып, эндоцентрлі БС сыңарлары мағыналарының идиомалану
сипатының күшеюін аңғартамыз. Мұнда әр компоненттің экстралингвистикалық
мәнділікке   қатысы   жанама   десек  те,  бұлардың   бір   кезде   гипер-гипонимдік
қатынастағы   (қосауыз   мылтық,   сабауқұйрық   тышқан,   қосаяқ   тышқан,
бізқұйрық   құс,   кезқұйрық   құс,   шөгелтабан   бүркіт,   қаратамақ   құс)  атаулар
болып жұмсалып, дифференциалды семасының актуалдана, бүтін ұғымның маз-
мұнына теңесуі, сөйтіп, атаудың өзіне айналуын тіл өз ішінде басынан кешіруі
(гипоним  сыңардың эллилсистенуі) бұл топтың уәжін көрсетіп тұрады (Д
2
Д
2
).
Мұндағы гипонимдер, яғни бірігіп жазылған сыңары бүтіннің бөлшегі ретінде
жұмсалып,   біртұтас   мағынаға   ие   болады.  Мысалы,  “Ол  қосауыз  мылтықты
асынып, аңға кеттің деудің орнына, “ол қосауызды алыл аңға кеттің десе де, сол
мағына беріледі. Сөйтіп, бұл БС-дер сөз тіркесінің бір сыңары бола отырып,
гипероним сыңарының барын керексінбейді де, яғни тіркестің бүкіл мағынасын
бойына “сіңіріп”, сыңар дербес бой көрсетеді. ҚТОС-інде (1988) өсімдік (биебау,
бозбұға, биеқарын),  құс  (ақиық, аққұйрық),  балық  (ақмарқа, акқіс, көксерке)

атаулары -  гипероним  сыңарларын жасырып тұрған БС-дер. Олардың есімдік,
балық, құс, көде екендері  реестр  жанында жақшада берілген, яғни бүтіннен
шыкқан бөлшек қайтадан бүтінге айналады.
Мысалы,  ақиық  атауы  –  “түсі қара қоңыр,  басы мен  желкесі сарғыш,
топшасы (“иығы”) ақ, сұрғылт, құйрығының үстінде көлденең қара жолағы бар
бүркіт   тұқымдасына   жататын   жыртқыш   құс”   (ҚТТС,   I   т.  141-б.)   денотатын
белгілейді.  Атаулы  ақиықтардың  қиян тұрағы  да Алатау мен  Қаpamay  ғой
(Ә.Кекілбаев,   Екі   бүркіт.).   Мұнда   бірнеше   семаның   ішінен   айрықша   бір
дифференциалаушы сема - құстың қара қоңыр, басының сарғыш, құйрығының
қара жолақты белгілері емес, топшасының ақ түстілігі  –  таңдалып алынып,
тіркес құрамында қайталана, бұл гипоним сыңарының эллипсистенуі номинация
процесін   аяқтайды.   Және   белгінің   заттық   мәнділікті   жанама   атауы   (құстың
топшасын иық деп алу), тіркестің Д
1
 Д
2
 қатынаста тұруы, оларды универбтейді.
Мұнда  композит  сыңарлары   экстралингвистикалық   мәнділіктен   алшақтай
қоймайды.
Тілде,   сонымен   қатар,  ақсақал,   арамтамақ,   қандағаш,   айырқұйрық,
аюқұлақ сияқты композит мағынасы сыңарларының мағынасынан тумайтын БС-
дер бар. Біз оларды жалпы тіл біліміндегі таптастыруға сай экзоцентрлі БС-дер
деп алдық. Және оларды іштей мынадай топтарға бөлдік.
1-топ  мағына ауысуының метонимиялық түрінен келіп шығады. Тілдік
метонимияда   бір   сөздің   дифференциалды   семасы   келесі   сөздің   негізгі
семантикалық  компоненті  болып  қаланады.  Әдебиеттерде  метонимия  белгілі
заттар   мен   құбылыстардың   сыртқы   және   ішкі   мән-мағынасының  реалды
байланыстылығына   қарай   алмастыру   амалы   деп   сипатталады.   Осы   негізде
қарғатұяқ, атқұлақ, ботақұлақ, мысыққұйрық, бұзаубас, кемпірауыз, атқұлақ,
аютабан, биеемшек, биеқарын (өс.), ботакөз, ботатабан, ботақұлақ, бөріаяқ,
бөрікөз,   бөріқұлақ,   ешкіқұйрық,   итқұйрық,   итқұлақ,   итмұрын,   қазтабан,
қазтамақ,   қазтаңдай,   қозыбалақ,   қоянқұлақ,   үйректұмсық,   ескектұмсық,
жаманқұлақ   (өс.),   жылантіл,   итемшек,   кәріқыз,   күйсандық,   күйтабақ,
қазаншұңқыр,   сусуыр,   шілдеқоңыз,   қасқыртаңдай  (ауру),  қошқармүйіз   (ою),
кужауырын (ауру), куқұмалақ (ауру), кутұяқ, текесақал, түйетауық, екіқабат,
желжалақ,   кемпірқосақ,   қозыбалақ,   желтоқым,   шикізат,   қоянқұйрық,
тауықкөз,   тоқтыбалақ,  сияқты   БС-дерді   Д
2
К1   К1,Д
2
  қатынастағы   атаулар
дейміз.   Мұнда   қоршаған   ортадағы   реалды   құбылыс  (мысытың     құйрығы,
аттың   құлағы,   қарғаның   тұяғы)  танылған   денотаттарға   ұқсастығына,
ыңғайластығына   қарай   атаулық   таңба   болып   танылады.   Сөйтіп,   алмасу
дифференциалды   семадан   атауға  қарай   жүреді,   бөлшектің   бүтінге   айналу
процесі толық көрініс табады.

Мысалы, бұзаубас жануартануда екі денотаттың атауы болып жұмсалады
екен. Біріншісі – “үлкендігі 5-6 см-дей, басы жалпақ алдыңғы аяқтарымен жер
қазатын, түсі сары қоңыр жәндік” болса, екіншісі  –  “теңіздерде, ащы суларда
тіршілік ететін, дене тұрқы 50 см-ден аспайтын, басы жалпақ балық” (ҚТТС, 2-т,
485-6.). Қашан да қоршаған ортадағы танылған заттар мен құбылыстарды төрт
түлікке, олардың төлдеріне, дене мүшелеріне, қорегіне байланыстыра қарайтын
қазақ халқы, бұл жерде, жаңа туған бұзаудың дене тұрқына қарағанда басының
үлкендігі ерекшелігін жәндік пен балық белгілерінің біріне сәйкестендіріп,  әр
белгінің   өзара   ұқсастығын   сиыр   төлінің   атауына   қатыстырып   атаған,   яғни
ұғымда   бар   заттың   архисемасы   келесі   заттың   дифференциалаушы   семасына
айналып, әрі ол актуалдана атаулық дәрежеге көшеді.  Екі  лексемадан тұратын
дифференциалды  сема  референттер   арасында   алмаса   отырып,   бүтін   таңба
тұрпатын қабылдауды керек етеді. Мұнда  антропоцентризм  бағыты көрінеді.
Сонымен   қатар,  бұзаутіс   қамшы,   бұзаутіс   тігіс  мысалдарын   қарастыруға
болады. Бұл екеуі де  –  БС сыңарлы бинарлы атау. Бұзаутіс  қамшы - жалпақ
таспадан   8-12-16   өрім   етіп   өрілген   қамшы   болса,  бұзаутіс   тігіс  –  инемен
әсемдеп тігудің бір түрі. Алғашқы сыңардың БС нәтижесіне жетуі әсемдікті,
біркелкілікті   білдіру   мақсатында,   анологиялық   құбылысты   бір   диффе-
ренциалаушы белгісі негізінде салғастыра қарап, сол семаның атаулық сипатта
бірігіп жұмсалуын қажет етуден шығады. Алайда бұзаутіс  гипероним сыңары
бұзаутіс қамшы, бұзаутіс тігіс  гипер-гипонимдік атаудың мағынасын толық
беру  мүмкіндігіне   жеткен   жоқ.   Ал   кішірек   ақшыл   қызғылт  гүлді,   сопақша
жапырақты, тырбиып өсетін дәрілік шөпті  аюқұлақ,  тұмсығы қызыл, пішіні
балта  тәрізді, шекесі ақ айдарлы, қоңыр құсты балтатұмсық деп атау ұғымда
бар затқа ұқсату негізінде жасалғаны тілді қолданушыға түсінікті. Сондықтан
метонимия  тәсілімен   жасалған   БС-   дердің   бұл   тобы   экстралингвистикалық
мәнділікпен Д
2
К
1, 
 К
1

2
 қатынаста тұрғанын көрсетеміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет