Орфографиясы



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата12.03.2017
өлшемі0,69 Mb.
#9241
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

2-топ  номинацияның   екінші   дәрежелі   атау   сипатынан   шығады,   ол  –
тілдерде   троптар  (метафора,   метонимия),  аффиксация   және   синтаксистік
кұрылымдар арқылы жүзеге асырылады (97. 243).  Диалектика  заңы бойынша
ортадағы   пайда   болуы   бар   зат   қозғалыста,   өсу,  кему,  өзгеру,  ауысу   үстінде
болады.   Сондықтан   орыс   лингвисі   Ю.С.Степанов  атауды   түсіндіретін   үштік
қатынастың дамуында сөздің  варианты  болып  синоним  (112. 14), мағынаның
варианты термин, ал зат немесе  денотаттың  варианты метафора болады  дейді
(112.   15).   Ал  метафораның   тілде   таңбасы  қалады.  Сөйтіп,   тілдік  метафора
арнайы сөз болуды кажет етеді. Тілдік метафора зат пен құбылысқа берілген атау
өзінің   негізін   бастау   тегінен   (референтінен)   үзбесе   ғана   пайда   болады.  “В
функции   номинации   метафорический   перенос  включается   в   том,   что
отождествление   с   человеком   становится   основой   для   всех   дальнейших

классификаций, и в далеко опосредованном виде этот признак доходит до таких
классификаций  как   грамматические   роды   и   суффиксальные   классы   имен   и
глаголов в индоевропейских языках” (112. 23).
Сонымен,  ұғымдық,   мағыналық   абстракциялардың   негізінде  метафора
жатады.  Ал  олардың   тілдегі   қызметі   затқа,     құбылысқа,   адамға   сипаттама
беруден басталса, нәтижесі сол құбылыс, я заттың атын атаумен аяқталады (119.
254).
Міне, осыдан келіп метафораның тілдік табиғатын, aтауыштық қызметін
зерттеу басталады. Сөйтіп, метафора атауыш сөздер қорын толтыратын кейінгі
атау (вторичная номинация) болып қалыптасады. Мұның өзі мағына өзгеруінің
логикалық түріне жатады  (113.  251). “Основанием  номинации в грамматике
служит сравнение внешнего мира с человеком, отождествление одних предметов
с  человеком и отрицание этого тождества за другими предметами. Мы видим,
что в основе классифицирующей абстракции лежит метафора  –  уподобление
предметов человеку, который в этом случае выступает не как “отдельная”, а как
представитель   человеческого   рода   —   актишкш,   действующее   в   мире   и
преобразующее   мир   существо”   (IІЯ  130).   Метафора   пайда  болғанда   сөздің
архисемасы   көмескіленеді   немесе   ауыстырылады
 да,
 керісінше
дифференциалды  сема  доминанттық сипат алып, ол жаңа атауға негіз болады.
“Метафорический   перенос   может   быть   интерпретирован   как   симметричное
отношение двух найменовании с заменой архисем” (120. 85).
Қазақ тіліндегі мағынасы дерексіз термин, атауын сөздердің біріккен түрі,
негізінен,  метафора  арқылы жасалған. Бұл қатар  ақсақал, ақсүйек, бойкүйез,
бақталас, төлтума, қолтаңба, дүниеқоңыз, аққөңіл сияқты атаулардан тұрады.
Олардың алғашқы көрінісі фразеологизмдерден бастау алады. Сөйтіп, айналада
пайда болып жатқан заттар мен құбылыстар тілдік таңбаны тек сөз тұлғасында
емес, сипаттама-бағалауыштық қызметтегі фразалық тіркестер тұлғасында  да
алады.   Фразеологизмдер   тілге  бұл  қызметінде   келгенімен,   олардың   негізгі
категориалды мағынасы атауыштық болады. Алғашында олардың бағалауыштық
–  модальдық мағынасы басымдық танытады да,   атауыштық мағынасы көзге
көрінбейді (121. 58). Және олардың лексикалық құрамы да тұрақсызданып, кейін
уақыт     өте   семантикалық-құрылымдық   өзгешеліктерге   ұшырай,   тұрақты
формаға  көше   бастауына   байланысты   енді   олардың   (фразеологизмдердің)
атауыштық   қабілеті   көріне
 бастайды.   Сөйтіп,   фразеологизмдердің
ономасиологиялық  жағы  арнайы   сөз   болуды   керек   етеді   (115.   9).
“Ономасиологический подход выдвигает перед фразеологии задачи глубокого и
тщательного изучения номинативной специфики (фразеологических единиц всех
разновидностей, установления роли и места фразеологических единиц каждого
типа в иерахии лингвистических знаков” (122. 13). Фразеологическая номинация
связана со стремлением человека обозначать объекты и отношение к ним при по-

мнит  выразительных   языковых   средств,   расширяющих  возможности
коммуникации путем заполнения лексических лакун” (115. 78.).
Сөйтіп,  сөз мағынасын  ауыс  қолдану нәтижесінде  адам  түйсігіне әсер
ететін көркемдеуіштік, бейнелеуіштік қызметтегі  фразеологизмдер тіл дамуында
сигнификативтік   жиілікке  (сигнификативная   частотность)  түсіп,   лексикалық
құрамының тұрақтылығына ғана ие болып қоймай, сонымен бірге, бір қатарлары
сын есім – зат есім типіндегі стандарт формасын қабылдай бастайды (115. 16).
Тілдегі   фразеологизмдердің   бағалауыштық,   атауыштық-бағалауыштық,
атауыштық деп бөлінуі де сондықтан. Бұл рет бір жағынан тіл тұлғаларының
бүтіндікке, фразеологизмдердің сөз формасын қабылдауға ұмтылу сатыларын
көрсетеді. Әрине, бұл сатыда тілдік құрылымдардың өту процесі әр  текті, әр
сипатты, әр қилы болуы мүмкін. “План выражения развивается медленнее, чем
план   содержания,   он  нередко  отражает   предпонятийное   содержания,   хотя  в
сознании  носителей   языка,   возможно,   уже   вырисовывается  целостный
концептуальный   образ.   А   усиление   концептуальной   природы   означаемого
выражается   в   образовании  из   сочетания    либо   сложных   слов,   либо
аффиксальных построенийй (115. 85-86).
Сонымен,  атауыштық сөз  сипатына жеткен фразеологизмдер сөзжасам
процесіне араласып, сөз түрлендіру жұрнақтарымен түрленіп, көптеліп, септеліп,
жіктелу мүмкіндіктеріне ие болады. Қоршаған  ортаны  тұтас тілдік таңбалар
арқылы тану ой тұтастығын, сананың абстрактенуін көрсетеді. Бұл ойымызға
дәйек ету үшін проф. М.М.Копыленконың мына сөзін келтіруіміз жөн:  “мы
полагаем,   что   можно   определить  меру  целостности   понятия   по   мере
целостности   языковой  формы,  по  ее  нерасчлененности/расчлененности,
семантической  полноценности/неполноценности   компонентов.   Чем  цельнее
языковая форма, тем цельнее “понятийное”, выражаемый ею смысловой образ,
чем   больше   компонентов  в  плане   выражения,   тем   менее   целостный,   менее
“понятийч ный” смысловой образ они выражают” (115. 79,).
Біз   тілдегі   атауыштық   фразеологизмдерді   олардың  бағалауыштық,
бейнелеуіштік сынды негізгі кызметіне көбірек назар аударып, бөлек таңбалауды
ұсынып келдік. Алайда тілдік фактілер, емле сөздіктері бұл қағиданы бірізді
ұстана  алмады.   ҚТОС-інің   соңғы   басылымында   бірқатар   фразеологизмдер
біріктіріліп берілген. Олардың ішінде терминдік мән алғандары да (сөзбұйдалық,
алауыздық),  атаулық   қызметте   тұрғандары  да   бар.  Фразеологизмдердің   сөз
баламасы   ретінде   емес,   алғашқы   атау   болып   қалыптасатын   сипатын   тілдік
фактілердің өзі де растайды (123. 234).
Кейінгі   кезде  ер   қашты  болу,  етек   басты   болу,  am  салысты   (124),
арамтамақ, алабөтен, күн көру, жан ашу, бой ұру, тіс қаққан, бел шешу сияқты
тұрақты тіркестерді біріктіруді ұсынған пікірлер де бар, ал мерзімді баспасөзде
бұл кұбылыс жаппай дағдыға айналған. “Фразосочетания  –  важное средство
формирования   новых   понятий,   предшествующее   созданию   однолексемных
средств   их   выражения!   (115.   82).  “Фразеологиялық   бірліктер  кейде

көркемдеуіштік, бағалауыштық белгілерінен айырылып, күрделі сөзге айналып
жатады (саршұнақ, сартоқаш)” (125. 29).
Сөйтіп,   бөлек   тұлғалану   үрдісіндегі   фразеологизмдердің   бүтіндікке
жетуіне, сөздің эквиваленті  емес, синоним  сыңары болуына нендей факторлар
әсер   етті?   Бұл   сұраққа   жауап   іздеу   мақсатында  компоненттік   талдау  мен
компоненттік қорыту (синтез) әдісін қолданамыз.
Компоненттік талдау әдісінің пайда болуы,  семантика  мәселесіне деген
қызығушылық   ғылыми   ойлаудың  жалпы  дамуымен   тікелей   байланысты.
Компоненттік талдау зерттеу әдісі ретінде алғаш 60-жылдары пайда болып (126),
бұл саладан көптеген еңбектердің жарық көруіне мүмкіндік туды (127).
Кейде компоненттік талдауды тіл біліміңдегі субъективизмнің басы дейтін
көзқарас та көрініп қалады (128. 96). '
Ал оның әдістемесі Г.С.Кузнецов, Э.В.Кузнецова,  В.Г.Гак, Д.Н.Шмелев,
О.С.Ахманова мен Л.Н.Васильев, Н. А. Стернин монографияларында жан-жақты
көрсетіледі.  "   Компонентный   анализ  –  это   сугубо   научная   процедура,
насчитанная   в   конечном   итоге   на   полное   представление   семантики   слова,
которое   осуществляется   через   семантические   признаки,   отграничивающие
данное значении данного слова от всех сходных значений в лексико-семанти-
ческой системе языка” (117. 110).
Сонымен,  компоненттік  талдау   лексеманың  ұғымдық  сатысына
дендеп,  оның  бойынадағы   семалардың  атауға  катысын,   семалардың
жиынтық мағынасын айқындау  екен. Сондықтан  ол  семдік  талдау деп те
аталады. “Семдік талдау – сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кішкентай
бөлшегі  –  семаларды  –  қарастыратын семантикалық зерттеудің айрықша бір
түрі” (129. 158).
Сема  мазмұн   межесінің   ең   кішкентай   бөлшегі   болса,   бірнеше  сема
семеманы құрайды. Басқаша айтқанда, “семема – сөздің элементар мағынасы”
(97. 437). Ғылыми әдебиеттерде семалардың бірнеше түрі көрсетіледі: 1)  ар-  
хисема  кейде бұл категориалды-лексикалық  сема  деп аталады (130. 34). Оның
себебі – архисема мағынаны берудегі ең маңызды сема болып табылады. Ол –
лексемаларды белгілі бір топтарға жіктей алады және ол топтарды бір- бірінен
ажырата алады. Бір топтағы лексемалар осы архисема арқылы өзара байланысып
жатады, яғни  архисема  семалардың басын кұрап тұратын жалпы  сема болып
табылады.  Мысалы,  қайнаға  атауының   архисемасы  –  некелік   туысқан;   2)
дифференциалды  
 
 сема  ұғымның барлық айырма белгілерін көрсетіп, жүйедегі
орнын белгілейді.  “Каждый  дифференциальный  признак мыслится бинарным,
состоящим из утверждения и отрицания” (112. 42); 3) интегралды сема  –семе-
маға   іштей   толықтырулар  жасайтын,  ұғымды   беруді   “аяқтайтын”  сема.
Сондыктан   дифференциалды   семалардың   жиынтығы   құрылым   жасаса,
дифференциалды  семалар   мен   интгералды  семалардың  жиынтығы   жүйені
құрайды.

Және потенциалды, контекстік 
 
 семалар бар. Бұлар – тілдің “алыс” және
“жақын”   мағыналарына   қатысты.   “Лингвистикалық   зерттеуде   сөздің   жақын
мағынасын ғана негізге алу семантикалық талдаудың өрісін тарылтады” (131.
51).
Ал тіл семантикасын ашуда тілдік емес ұғымдарды зерделеп қарап, әрі
тілдік   пен   тілдік   емес   факторларды   ажыратып   алудың   мәні   зор   (117.   62).
Компоненттік талдау жасауда, сонымен қатар, семантикалық өріс ұғымы да қол-
данылады.   Семантикалық   өріс   сол   топқа   енетін   лексикалық   бірліктердің
барлығына  ортақ  қандай  да  бір семантикалық  белгінің  болуына  негізделеді.
Кейде   ол  –  лексика-   семантикалық   парадигмдер   деп  те  аталады   (117.   15).
Сондай-ақ,   сөздің   ішкі   формасы   ұғымы  да  компоненттік  талдау  жасауға
қатысады. Сөздің ішкі формасы дегеніміз  –  сөз құрамындағы морфемалардың
семантикалық және кұрылымдық байланысын басқа сөздің бойындағы қасиет-
тер арқылы уәждеу (132. 66).
Ал  номинация  -1)   шындықтың   белгілі   бір   фрагментін   атауға   және
белгілеуге қабілетті тілдік бірліктердің құралу процесі, 2) осы процестің нәтижесі
(132. 243) ретінде ұғынылуы тиіс.  Ономасиология  - 1)  номинация  теориясы,
номинативті функцияны жүзеге асыру тұрғысынан тілдің барлық бірліктерін
зерттейтін ғылым; 2) тілдің лексикалық құралдары арқылы заттарды белгілеудің
және   ұғымдарды   білдірудің   принциптері   мен   заңдылықтарын   зерттейтін
семантиканың  бір   саласы   (132.  255);  негіз  –сөздің   өзектік   бөлігі,   ол  сөздің
лексикалық   мағынасымен  байланысты,   сөздің   сөз   түрлендіру  морфемаларын
алып тастағандағы қалған бөлігі; морфемдік күрделілігін айқындау үшін сөздің
құрылымын талдауға кажетті мағыналық деңгей бірлігі (132. 258); композита –
бірігу,   құрастыру;  контаминация  –  ассоциациялық,   кұрылымдық   немесе
функциялық қатарда өзара жанасқан, тілдік бірліктердің ықпалдасу нәтижесінде
олардың   семантикалық   немесе   формалдық   өзгерістерге   түсуі   және   тілдік
бірліктердің   жасалуы   (132   189),   будандасу;  лексикалану  –  тіл   элементінің
(морфеманың, сөз формасының)  немесе  элементтер тіркесінің  (сөз  тіркесінің)
жеке   атауыш   сөзге,  не  соған   ұқсас   басқа   бір  сөз  бірлігіне   айналып   кетуі
ұғымында жұмсалады.
Сонымен,   семдік  талдау  біздің   қарастыруымызда   мына   сатылардан
тұрады: 1) кұрама сөздің алғашқы компонентінің семаларын анықтау; 2) соңғы
компоненттің семаларын анықтау; 3) ортақ семаны немесе семаларды белгілеу;
4)   БС-дің   жалпы   мағынасын  көрсету;  5)   ортақ   семаның   жалпы   мағынаға
қатысын белгілеу.
“Егер  толық мағыналы екі сөз бір тіркесімділікте жиі қайталанып және
осы жұбымен әр түрлі морфологиялық түрленімдерге түссе, онда екі сөздің
лексикалық мағынасының жүйесінде өзара байланысатын кем дегенде ортақ бір
семантикалық   компоненттің   болғаны”   деген   бұл   бағытта   орыс   лингвисі
Г.С.Кузнецов.   Және   компоненттік  талдаудың   сипатын   былай   көрсетеді:  “В

компонентном анализе действует модель вычленения и отбора единиц, то на II
стадии в действие вступает модель синтаксических связей  таких  отношений,
которая соединяет отдельные абстракции в единое целое, доводя этот процесс до
полного  их  слияния   и   устраняя   т.о.   структурную   расчлененность   языкого
содержания и внеположность компонентов по отношению  друг к другу” (117.
64.).
Мысалы,  ақсақал  сөзі “бұрынғы кездегі қазақ ауылының ру  басы,  билік
иесі, жасы үлкен құрметті ер адам” мағынасында жұмсалатын тұрақты тіркес
негізінде біріккен тұлға  болып табылады.
Ақ  сөзі   “қар,   сүт   тәрізді   нәрсенің   түріндей,   қараға   қарама-қарсы   түс”
мағынасын   береді.   Мұндағы   “түс”   лексеманың   архисемасы   болса,   “қар,   сүт
тәрізді нәрсенің түріндей” дифференциалды семасы болып табылады да, “қараға
қарама-қарсы   түс”   интегралды  семасы  болып   саналады.   Универбтің   екінші
сыңары сақал сөзінде “түк” архисеманы, “иекке шығатын түк” дифференциалды
семаны,   ал   “ер  адам”  семалары  интегралды  семаны   құрайды.   Сөйтіп,   бұл
аталған семалар лексеманың денотатив семаларын құрайды, яғни сөздің  тура
мағынасын білдіреді.Мағына қашан да даму үстінде болатыны белгілі. Ақ сөзінің
де,  сақал  сөзінің де  денотат мағыналарымен қатар  коннотат  мағыналары бар.
Мысалы,  ақ  сөзі “асыл,  таза,  әділ"  және “жасы ұлғайған кезде сақал, мұртқа
енген ақ тал  ” деген ауыспалы мағыналарында жиі қолданылады. Ал сақал сөзі
“егде   тартқан,   көпті   көрген   ер   адам”   мағынасында   бірнеше   тұрақты   тіркес
құрастыруға негіз болған. Мысалы: сақалды басымен, сақалын бұлдады, сақалы
сапсиғанша, сақал шықты, сақалын сыйлады, аппақ сақалымен. Сонда ақ және
сақал сөздерінде “егде тартқан ер адам", “түк” деген ортақ коннотат семалардың
болуы  біреуінің   жұтылуы,   сөйтіп,   семалардың   будандасуы   қатар
қолданылатын  екі лексеманың  мазмұн өресінде  универбтенуіне,  жеткізу
өресінде босаралықсыз таңбалануына әкеледі (1-кесте).
1-кесте
Ақсақал сөзіне семдік талдау
І лексема
денотатив
семема Д
1
конотатив
семема К
1
денотатив
семема Д
1
ІІ лексема
ақ
[қар]
[сүт] тәрізді
[нәрсе]нің
[түр]індей
[түс]
[асыл]
[таза]
[егде]
[тарт]қан
[адам]ның
[шаш]ына
[сақал]ына
[мұрт]ына
[ен]етін
[тал]
[егде]
[тарт]қан
[ер]
[адам]ның
[иег]іне
[шығ]атын
[түк]
сақал

Сөйтіп,  ақсақал  сөзі   сөзжасам   процесіне   араласып,  ақсақалдай  –
“көпті   көрген   қарт   адамдай”;  ақсақалды  –   “жасы   үлкен  қарты   бар”;
ақсақалдық,  – “көпті көрген, көп жасаған адамға лайық үлкендік немесе
ескі рушылдық, феодалдық” мағынасындағы сөзформаларын жасайды.
Болмаса,  бойкүйез  сөзін алайық. Бұл атау – “мойны  жар  бермейтін
енжар,   селқос,   еріншек,   жалқау”   мағынасын   беретін   фразеологиялық
қолданыстан   біріккен   сөз.   Оның  бойкүйездік,   бойкүйезден,   бойкүйездену,
бойкүйездеу туынды қатары бар. Мұндағы бой сөзінің архисемасы – “дене
тұрқы”,   ал   дифференциалды   семасы   –   “адамның   төбесі   мен   табаны
аралығын   қамтитын   дене   тұрқы”;   ол  күйез  сөзінің   “бұлшық   ет
тканьдарының   қабынуынан   болатын,   мойынды   бұрғызбай   денені
ауыртатын  ауру"  семасымен   бір   нүктеде   қиысуына   орай,   сыңарлардың
бірігу   процесі   жүргенін   көреміз.   Сөйтіп,   “адамның  мойнын   бұрғызбай
ауыртатын   ауру”  (күйез)  бой  сыңарымен   бірігіп,   адамның   абстракті
мәндегі қасиетін атауға жұмсалады (2-кесте).
“Құдаласқан  адамның  калың  малдан  бұрын   беретін  ырымы”
карғыбау біріккен универбімен аталады. Мысалы: Қоқыш, Сәрсен, Жарасбай
болып ақылдасып, Бәйтен ауылына қарғыбау мен к,алыңмалды бірге қосып
қарбытып бір-ақ беріп жіберген (Әуезов. М. Қараш-қараш.). Мұндағы қарғы
сыңарының   архисемасы   –   “бау”,   дифференциалды   семасы   –   "иттің
мойнына   тағатын   кайыс”.   Ал   бір   семантикалық   өрістегі  бау  сөзінің
архисемасы  –   “жіп”,   дифференциалды   семасы   “киімнің,   үй   мүлкінің,
заттардың ұшына байланатын жіп” болып табылады. Қарғы сөзінің денотат
мағыналары дами келе, “бұғау, құрсау, байлау” коннотат мағына- ларында
көріне бастайды. Сонда  “байлау”  деген бір коннотат сема  бау  сөзінің дәл
осындай семасымен жұтылып, тіркес универбтенеді.
Сөйтіп,   ортақ   бір   коннотатив   семаның   болуы   қатар   айтылған
лексемалардың дербестігін әлсірететінін байқаймыз (2-кесте). Сол сияқты,
қолтаңба  сигнификативі   де   «экстралингвистикалық   мәнділікпен  K
1
,K
1
қатынаста тұрған БС болады. Мұндағы қол сөзі адамның “дене мүшесі” –
архисемасынан, “ұстайтын, көтеретін, жазатын саусағы, алақаны бар дене
мүшесі” деген дифференциалды семаларынан “адам, жазу, жұмыс күші”
ауыспалы мағыналарында көрініс береді. Ол “ен, дақ, белгі,  мер”  деген
архисемасы   мағыналық   дамуға   түсіп   “адамның   жазуы”   деген   ауыс
мағынасы   бар   таңба   атауымен   тіркескен.  “В   более   широком   контексте
любая из отмеченных сем может акции пироваться, выйти на первый план,
включиться в рему высказывания, тогда как другие семы, отражающие уже
известные   или   безразличные   для   говорящих   аспекты   кипения,   теряют
коммуникативную   значимость,   отходят  на   второй   план   и   могут   совсем
исчезнуть   из   семантической   структуры   слова”   (42.   162).   Сонда  бір
семантикалық   өрістегі     екі   атаудың   қосарлануы   ортақ   семаларының
буындасуына, сөйтіп, олардың ортақ мағыналық шоғырға жинақталуына

әкеледі,   “автордың   өз   туындысына   жазған   жазуы,   қалдырған   қолы”
мағынасындағы қолтаңба атауын  жасайды (2-кесте).
2-кесте
Бойкүйез, қолтаңба, қарғыбау сөздеріне
семдік талдау
І лексема
денотатив
семема Д
1
конотатив
семема К
1
денотатив
семема Д
1
ІІ лексема
Бой
[адамның]
[төбе]сі мен
[табан]ына
дейінгі
аралықты
қамтитын
[дене]
[тұрқы]
тұла бой
[бұлшық
[ет]
[ткань]дерінің
[қабынуы]нан
болатын
[мойын]ды
[бұрғызба]й
тұла бой
денені
[ауыртатын]
[ауру]
күйез
Қарғы 
[ит] тің
[мойны]на
[тағ]атын
[қайыс]
[бау]
[бұғау]
[байла]у
[құрса]у
[киім]нің
[үй]
[мүлкі]нің
[зат]тардың
[ұшы]на
[байла]у
[үшін]
[тағылатын]
[ызба]
[жіп]
бау
Қол
[адам]ның
[ұста]йтын
[шаруа]
[істе]йтін
[жаз]атын
[он] [саусағ]ы
[екі]
[алақан]ы
[бар]
[дене]
[адам]
[жазу]
[жұмыс]
[күші]
[дақ]
[ен]
[белгі]
[мөр]
таңба

[мүше]сі
Сонымен,   экзоцентрлі   БС-дердің   бұл   тобын  K
  1
K
  1
  қатынасында
көрсетуге болады.
Экзоцентрлі   БС-дердің   3-тобына  аққұс,   ақлақ,   ақжүрек,  ақбикеш,
далантопшы, күлдәрі  (үлбіреген жібек мата),  итсабын (өс), итсандық, (өс.),
иттүйнек, келтешаш (өс ), кереңқұлақ (өс.), кермексабынкөрсары, қазтаңдай,
қарақұс (шүйде сүйек), қоянаяқ, қызылбояу, найзақара, елтірі, саңырауқұлақ,
соқырішек,   соқыртеке,   сүтемшек,   томарбояу,     томардәрі,   бірқазан,
шолпаншаш (әс.), жезайыр (қару),  жержастық, (өс.), көкжаулық (өс ), көктеке
(құс), дарқоңыр, жаңақызыл, жасбуын, жаубүйрек, кірпікшешен,  соражөке,
тауықсоқыр  (ауру),  тау-құдірет (құс)  сияқты қатынастағы БС-дер жатады.
Мұнда  аққұстың  “тары  илейтін тас”,  ақлақтың  “ақ ірімшіктен жасалған
ыстық тағам”, ақбикештің “ақталған тары”, ақжүректің “емдік қасиеті бар
шөп”   экстралингвистикалық   мәнділіктеріне   қандай   қатысы   бар   екені
белгісіз.   Бірақ   дербес   мағыналы   екі   сөздің   бірігуі   бір   денотатқа   атау
болады.
Сонда, байқап отырғанымыздай, бірге жазылатын сөздер  Д
2
Д
1
  Д
2
Д
1
қатынасынан   бастап,   К
  2
К
  2
,   қатынасына   дейінгі   аралықтағы   құрама
сөздерді қамтиды екен.
Сонымен,   қазақ   тіліндегі   БС-дердің   семантикалық   белгілеріне   БС
сыңарларының экстралингвистикалық мәнділікпен жанама байланысы; екі
сыңардың   бір  семантикалық   өрісте   жатуы,   ортақ   семаларының   болуы,
сөйтіп,   ортақ   мағынаның   пайда   болуы,   оның   атауыштық,   терминдік
мәнінің артуы; бір сыңардың мағына жалпылануы; бір сыңардың дербес
мағынасынан айырылуы, бөлшектің бүтін орнына жұмсалуы т.б. жатады.
Бұл   қатардағы   БС-дердің   орфографиялық   сөздіктерде
кодификациялануына байланысты мынаны айтуға болады. Егер ҚТОС-інің
алғашқы   басылымында   негізінен   сыңарлары   экстралингвистикалық
мәнділікпен   КЖ,   қатынастағы   сөздер   біріктіріліп   берілген   болса,   1978
жылғы шығарылымында Д
2
К
1
 қатынастағы сөздер біріктіріле бастады. Ал
1988   жылы   шыққан   сөздіктің   соңғы   басылымында  Д
1
Д
2
  қатынастағы
құрама   сөздер   бірге   таңбалану   тұрпатына   ие  болады   да,  бүгінде   қайта
құрастырылу   үстіндегі   сөздіктің   жаңа  басылымында  қатынастағы
лексикалық бірліктер біріктіріліп, реестрге шығарылатын болады.
БС-ге   қатысты  проблема  бұнымен   шешілмейтіні   белгілі.   Осыған
орай   мынадай   мәселелер   мен   сұраулар   өз   зерттеу   кезегін   күтетінін
айтамыз. Бір ұғымды білдіретін екі негіздің грамматикалық тұлғалармен

тұтас   түрленуі   бірге   тұлғалаудың   өлшемі  бола  ала   ма?   Түсіндірме
сөздіктердің   қазіргі   жағдайында   семдік   талдаудың   дұрыс   нәтижеге
жеткізуі мүмкін бе? БС сыңарларының кірігу кұбылысына түсуі шарт па?
Дыбыс, дауыс үндестігіне, орфоэпиялық зандылыққа ыңғайлап жазу үрдісі
дұрыс па? Буын санының шектеулігі сөздер бірігуінің алғышарты ма? Бір
екпінге ие болу БС-дің белгісі бола ала ма?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет