Орфографиясы


 Біріккен сөз және бірге тұлғалаудың фонетикалық



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата12.03.2017
өлшемі0,69 Mb.
#9241
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

2.4. Біріккен сөз және бірге тұлғалаудың фонетикалық
белгілері
БС-дердің   дыбыстық   өзгерістерге   ұшырауы   –   тілде   бар   құбылыс.
Б.Сағындықұлы   “сыңар   мағынасының   іштей   көмескіленуі   ол   сөздердің
дыбыстық өзгерістерге ұшырауының басты себебі сияқты” (133. 70) дейді.
“Расында да, дыбысында өзгеріс бар сөз тіркестерінің кіріккен сөз болуы
шарт” (7), яғни уәжін жоғалтқан түбір, не туынды түбір формасына түсуге,
сөзайналымның   келесі   процесіне   өтуге   негіз   бар.   Үнемделу   құбылысы
бойынша   ұғым   мағынасын   беруге   араласпай,  не  артықтық   ететін   сөз
тіркестері эллипсистеніп, сөз  метонимия, синекдоха  тәсіліне көшіп, буын
элизияға ұшырап, дыбыс редукцияланады. БС-дің сөз тіркестерінен пайда
болған   типтерінен   осы   сатыларды   көруге   болады.   БС   сыңарларындағы
буындардың   түсіп   қалуын   ертедегі   кіріккен   сөздерден   байқаймыз:  алып
кет – әкет, кесел апат –кесапат, бұл күн бүгін, білек жүзік –білезік т.б.
Екпінге негізделген тілдерде дыбыстар мен буыңдардың түсіп қалуы
сөздің   әлсіз   позицияларында  болады   да,  екі-   үш   сөзден   тұратын   тіркес
бірігеді   (134.   222).   Ал   екпін   түспеген   әлсіз  позиция  болуы   сөздің
лексикалық   мағынасының   әлсіреуіне   байланысты   екенін   неміс   тіліндегі
аффиксоидтар көрсетіп отыр.
Қазақ   тілінде   ритмикалық   екпіннің   мағына   беруде   үлкен  роль
атқаратынын   айтқан   проф.   Ә.Жүнісбек   КС-дерде   белгілі   бір   буынның
ерекшеленуі мағына ажыратуда маңызды мәнге ие бола алмайды дейді (65.
67). Ғалымның көрсетуінше,  мал  қора  тіркесінде алғашқы сыңардағы  [а]
дауыстысына   түскен   екпін,   екінші   сыңардағы   [а]   дауыстысына   түскен
екпінге   қарағанда   40%   көп   екен.   Бұдан  КС-   дерде  мағыналық   жүкті
алғашқы сыңар көтеріп тұратынын байқауға болады. Ал бүгінгі тіліміздегі
лақ  сөзі   түбір   бере   алмаған   мағынаны   өз   бойына   көшірген   бір   кездегі
жұрнақ : лақ, > ылақ, > ұлақ > олақ > оғлақ > оғылақ > оғулақ, > оғуллах, (31.
І7). Сонда алғашқы сыңардың мағына көмескіленуі немесе әлсіреуі, оған
ритмикалық екпіннің түспеуі эллипсиске әкелген. Ауызша тілде дыбыстық
алмасу, редукция,  буынның жылысуы – “буын кему сөз бен сөздің, буын
мен буынның арасында жиі” (135. 191).

Тілдегі   фонетикалық   құбылыстардың   ұшы-қиыры   жоғы  рас.   Ал
олардың  жазуда  таңбалануы  сөздерді  фонемалық  негізгі  реңкі бойынша
жазуға, яғни фонематикалық принципке негізделеді (5. 9). Сонымен қатар,
тілдік   бірліктердің   морфологиялық   тұрпатынан   келіп   шығады.   Қазақ
тілінің   морфонологиялық   құбылыстарын   зерттеген   А.Айғабылов:
“морфонологиялық   құбылыстар   артикуляциялық   шекке,   мүмкіндікке
негізделмеген, тек сөйлеу дағдысында туындаған өзгерістердің бірте-бірте
тілдік дәстүрге айналуынан барып қалыптасатын өзгерістер” дей отырып,
“басты мәселе мағынада, егер алғашқы сөздің соңғы дауыстысы бірден-
бір   мағынаға   тірек   болып   тұрған   дыбыс   болса,   ол   дауыстының  түсуі
мүмкін емес” деп тұжырымдайды (136. 4,25).
Бұл   пікірден   қазақ   тіліндегі   БС-дердің   дыбыстық   өзгерістеріндегі
басты  принцип  айқындалып   отыр.   Ол   –   БС-   дер   бойындағы   дыбыстық
өзгерістердің   мағынаға   негізделуі.   Зерттеу   барысында   қазіргі   қазақ
тіліндегі   БС-дердің   мынадай   дыбыстық   ауытқулары   жазуда
таңбаланатынын аңғардық. 1. Мағынасы көмескіленген соңғы сыңардың
алдыңғы  позициясындағы   қатаң  қ  дыбысының  ғ-ға   ұяңдауы:  алагөбе,
алагеуім, алагүлік, көгал  (мұндағы  ал  морфемасы алсын "шабылған шөптің
орнына   қайта   шыққан   көк”   дегенмен   этимологиялық   байланыстағы   сөз
болуы   ықтимал)   (27.   29)),  көгорай, қыргүйек, жегжат, кішігірім, саргідір,
байғазы, жарғанат, байғұтан, бозғонақ, сайгүлік, саргүйек, азғана, алағаншық,
анағұрлым,   неғұрлым,   қарағүс,   қолғабыс,   қолганат,   жедеғабыл  т.б.   соңғы
сыңардың   грамматикалануы   себепті   қатаңның   ұяндауы:  бүгін,   күздігүні,
жаздыгүні, теугүні, алдыңгүні, түнеугүні, қолғап т.б. 2. Морфемалар жігіндегі
ы,і  дауыстыларының   жұтылуы:  мойнақ,   өлара,   өлтірі,   сарауру,  сарбалақ,
сарбауыр,   сарбөртпе,   сарбуын,   саршұнақ,   сарбұға,   сарқұлақ,   сарсолма,
сартабан, сартаңдақ, сарттұқыш, сартап, сарүйек, сарсу, бөрауыз, бөраяқ,
келсап, алтатар т.б. Бұл құбылысқа бірнеше факторлар әсер етеді. Олар: а)
“қысаң   дауыстының   сонормен   іргелес   келгендегі   “жұтылу”   құбылысы”
(27. 30); ә) дауысты дыбыстың қатар келген екі ашық буында кездесуі (136.
114);  б)   редукцияланатын  дауыстының   екі   жағындағы   дыбыстың  өзара
тіркесе   алуы   (136.   118);   в)   үнділердің   басқа   дыбыстармен   тіркесу
қабілетінің   күштілігі   (136.   118);   г)   дауысты   дыбыс   редукциясының
мағынаға   нұқсан   келтірмейтіндігі   (136.   123);   д)   сыңар   мағынасының
көмескіленуі,   ауысуы.  Мысалы,  ҚТОС-інің   соңғы   басылымы  сарымай,
сарыгүл,   сарысазан,   сарытікен  сөздерін  ы  дыбысымен   таңбалайды,   яғни
мұнда   БС   сыңарларының   лексикалық   мағынасынан   айырылмауы   ы
дыбысының   жұтылмауына   негіз   болған.   Ал  сартұқыш, сартап, сарүйек,
қандағаш сөздерінің екінші сыңарыңда мағына көмескілену басым.
3. [а]   дауыстысының   түсірілуі.   Бұл   құбылыс  қарағаш,   алауыз,   алауыздық,
қарғауыз,   алөкпе  сөздерінде   кездеседі.   Қалған   реттерде   түсіру   сөз
мағынасына  әсер  ететіндіктен   редукцияланбай   жазылады:  қараөрік,
қараот, қараөлең, қараөкпе т.б.

4. Композит  құрамындағы   негіздердің   семантикалық   будандасуға   түсуі
олардың   фонетикалық   будандасуына   әкеледі.   Проф.   Ә.Жүнісбек
эксперименттік зерттеу фонетикалық өзгеріске  тек  дауыстылар ғана емес
барлық   дыбыстар   түсетінін   көрсеткенін   айтады   (65.   78).   Бұл   –БС
процесіндегі   соңғы   тілдік   өзгерістер.   Сөйтіп,   қазіргі   жазу   нормасында
жалпы   фонетикалық   алмасуларға   қатысты   дыбыстық   өзгерістер   жазуда
арнайы таңбаланбайды да, керісінше морфонологиялық алмасулар жазуда
жүйелі   түрде   бейнеленіп   отырады   (3-кесте).   Тілдегі   кіріккен   сөздердің
фонетикалық будандасуын фонематикалық  принцип  негізінде түсіндіруге
болады.
3-кесте
Кіріккен сөздердегі фонетикалық өзгерістер
Тіркес 
редукция
лингв. синг.
прог. асс.
регр. асс.
белдің
бауы
+
+
-
-
бұл күн
+
+
+
-
олай ет
+
+
-
-
бұлай ет
+
+
-
-
кіші ғана
+
+
+
-
бұл жыл
+
+
-
+
2.5. Біріккен сөз және оның лексикографиядағы жайы
Сөздердің бірге, бөлек жазылуын кодификациялауды орфографиялық
сөздік белгілейді. Сонда сөздерді біріктіру практикалық қажеттіліктерден
туындай ма, әлде теориялық  негізге сүйене ме деген орынды сұрақ туады.
Орфографиялық
 
сөздіктеріміздің
 
алғашқы
 
тәжірибелерінен
лексикографияның   бүгінгі   жайына   дейін   көз   жүгіртсек,   емле   қашан  да
практикалық   дағдыға   сүйеніп   келгенін   көру   қиын   емес.   Бұл   тілдік
материалдарды   жинау   ісіне   байланысты   ма   дейміз.   Әдетте   сөздер
контекстік қоршауда тұрғанында алынады. Ал ойдың шоғырланып берілуі
сөйлемде   атқарылады.   Эксплицитивті   форманың   қашан  да  іштей
эллипсистеніп   отыратынын   білеміз:   бір   сөз   формалар   түсірілсе,   бір   сөз
формалар  бірігіп,   кірігіп,   бір   сөзформалар   метонимиялық   қолданыс
тәсіліне   көшеді.   Сондықтан   сөздерді   біріктіріп   жазуда   емле   сөздіктері
қаншалықты   практикалық   дағдыға   икемделсе   де,   соңғысы   сөздерді
біріктіріп жазу ісінен озып отырған. Мысалы, мерзімді баспасөз жеккөру,
кісікиік, алтауыз, шикіөкпе, оталу, өзекжарды, алақұйын, аякқиім, бірқыдыру,
жандүние,   іштарлық,   атамзаман,   қолбайлау,   құлантаза,   тоқмейілсу,

көрсеқызарлық,   иткөпір,   көгенкөздер,   антұрған,   жанкештілік,   екіжүзді,
каратобыр, жанталасу, ақкөңіл  (“Ана тілі”, “Қазақ елі”  (1996,  1997))  т.б.
алуан түрлі құрама сөздерді біріктіріп жазуды дағдыға айналдырды. Тіпті
бұларды   қате   деп   табудың   өзі   сиреді.   Себебі   –   сөздерді   біріктіру
абстракциялаудың ең жоғарғы сатысы болса, көркем әдебиет,  публицис-
тика тілінде абстракциялаудың басымдығы шексіз. Мысал ретінде ҚТТС-
ін   алайық.   Онда   ҚТОС-і   бөлек   тұлғалаған  жертөсек,  жерошақ  сияқты
көптеген құрама атаулар бірге таңбаланған. Бұл, бір жағынан,  материал
жинау  ісімен  байланысты  болса,   екінші   жағынан,   сөздіктің   ұғым   ма-
ғынасына бойлайтын спецификалық ерекшелігінен шығып жатады. Сонда
сөздердің бірігіп  жазылуын осы  ыңғайдан шығаруға  да болады. Ал емле
сөздіктері  осы  арадағы   ауытқушылықты   негізге  ала  отырып,   ғылыми
тұжырымға   сүйенген  орфография  беруі   керек.  Практикалық,  дағдыны
куып,   соның   жағына   икемделіп   кетуге  болмайтыны   өз  алдына,  ғылыми
негіздемесі бар уәжге сүйену басты мақсат болмақ.
Бұл бағытта ҚТОС-тері елеулі нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Тіліміздің
жазу   жүйесін   жетілдіру,   реттеу,   дұрыс   қолдануды   үйрететін   алғашқы
құралдардан кейін (137) қазақ тілінің алғашқы үлкен орфографиялық сөздігі 1963
жылы жарық көрді. Басылымдағы БС-дердің көлемі 360   еді дейді, соңғы үш
емле сөздігін сандық, сапалық жағынан зерттеу, жүргізген проф. Б. Қалиев  (138.
156). Автор олардың дені – “екі-үш сөзден құралған тіркес, осы тіркес күйіндегі
білдіретін мағынасына ұқсамайтын басқа бір заттың, ұғымның атауышы болып
келетіндер” екеніне мына мысалдарды келтіреді:  айнакөз, Ақбозат,  бақабас,
балауыз,   егеуқұйрық,   есекжем,   итмұрын,   итарқа,   қылжақбас,   кемпірауыз,
итқонақ  (139.   38).   Ғалымның   айтуынша,   сөздіктің   бұл   басылымына   енбей
қалған 1350   шақты   БС, бірігіп жазылуы тиісті 950-ге тарта құрама сөз бар
(138.156,158). Ал сөздіктің екінші басылымында  БС-дер саны  1,5 есеге көбейіп,
реестрдегі  БС-дердің саны 578-ге жеткен (139. 38). Олар, негізінен, өсімдік, аң-
құс, балық, жәндік, ойын, ырым,  ауру,  зат атауларынан тұрады:  айырқұйрық,
аққаптал,   ақсерке,   арпабоз,   асатаяқ,   атшоңқай,   бестас,   ементұмсық,
ешкіемер,   жағармай,   желтоқсан,   жорғатаяқ,   күйтабақ,   қанжел,   қоқиқаз,
қолтаңба,   қоянсүйек,   құртқашаш,   қылқалам,   мипалау,   мүшелтой,   сегізаяқ,
сөзжұмбақ, сөзтізбе, таңкурай, тоқтыбалақ, тұсаукесер, түйебас, шайқурай,
шаңқобыз,   шаңсорғыш  т.б.   Және   мемлекеттік  терминология  комиссиясы
бекіткен  алаяқ,   арамтамақ,   бейнежазба,   гүлшанақ,   қарашақаз,қарашірік,
төлтума, ізашар сөздері еді (139. 39).
ҚТОС-інің екінші басылымындағы бір жетістік  –  аралық, тану, құмар,
жанды  сыңарлы бір денотативке байлаусыз, көп  денотативке  ортақ сөздерді
жүйелі түрде біріктіріп жазуды ұсыну болды.
Ал ҚТОС-інің соңғы басылымында өсімдік, фразеологиялық атаулардың
жазылуына қатысты мынадай жайттар сараланды.

Қазақ   тіліндегі   өсімдік   атауларын   көркем   әдебиет,   ауызша,
публицистикалық,   іс-қағаздар,   ғылыми   стильдердегі   ретіне   қарай   көпшілік
қолданыстағы сөздер деп танылғандары  орфографиялық сөздіктердің алғашқы
басылымынан- ақ реестрге алына бастады. Б.Қалиевтің айтуынша, Қазақстан
жерінде алты мыңдай өсімдік түрлері болса, оның 760- ы Қазақстан жерлерінен
басқа ешбір елді мекенде өспейді екен (29. 24).
Әрине, өсімдік атауларының бәрін бірдей, әсіресе түр атауларын  реестрге,
жалпы сөздік қорға ала беру мүмкін емес. Қолда бар материалдарды жинақтап,
мәліметтерді саралай келгенде, біз кемінде екі компоненттен тұратын өсімдік
атауларының емлесіне қатысты мынадай жайттарды анықтадық:
- өсімдік кұрама атауының соңғы сыңары  шөп, көк,  от,  құрақ, шалғын,
қурай, ағаш, егін тәрізді жалпы, дерексіз сипаттағы сөздер болып келсе:
айдаршөп, қараот, айылқияқ, ақегін, балқурай, сарағаш т.б. (25. 53.; 27.
61; 30. 69);
- өсімдік   мүше   атаулары   (тамыр,   мұрт,   сабақ,   жеміс,   қат,   жидек,
жапырақ, гүл, тікен, бұта), яғни жалпыға ортақ бүтіннің бөлшегі болып
келсе: бөрігүл, бөріжеміс, айылжапырақ, бозтікен;
- екі   сыңары  да,  кейде   бір   сыңары   өз   дербестігінен   айырылып,  не
ауыспалы   мағынада   қолданылса,   бірге   таңбаланады:  түйетабан,
құлынембес, далантопшы, құртқашаш (30. 69,110,60);
- бірінші  сыңары  мал,  аң,  құс  жалпы   атаулары  (қой,  сиыр,  аю,  қоян),
болмаса may, шөл, құм, дала сияқты сөздер, екінші сыңары нақты өсімдік,
аң-құс   аты   болса   бірге   жазылады:  құмбетеге,   сиыржоңышқа,
қойқарақат, итошаған, итбүлдірген  (бұл нормалану ҚТОС-інің жаңа
басылымында қамтылады).
Бұл, бір жағынан, сөз мағынасын берудегі ғылыми (терминологиялық) бағыт
дегенге   саяды.   Мұнда   ұғымның   ғылыми,   терминологиялық   мағынасы   алға
тартылады. Мысалы,  сиыржоңышқа  (вика),  таспажоңышқа  (спорыш),  түйе-
жоңышқа  (донник)  өз   алдына   жеке-жеке  өсімдіктер   болғаңдықтан   олардың
компоненттері дербес  мағынасында колданылып тұрғанына қарамастан бірге
жазылуы керек (140. 92; 30. 111). Сол сияқты, қараөрік (слива) ағашы да, жемісі
де өрік (абрикос) жемісіне қатысы жоқ бөлек өсімдік болғаңдықтан біріктірілу
керек (141. 106).
Ғылыми   әдебиеттерде   бір   сөздің   мағынасына   беретін   түсінік   төрт-бес
парақты қамтитыны  рас.  Алайда оның лексикалық мағынаға сәйкеспейтіні өз
алдына, кейде мүлде алшақтап та жатады. Бірақ та лексикалық мағына қашан да
сөздің   терминологиялық   мағынасына   ұмтылумен   болады.   Біз   бұны
лингвистикада   бірінші   болып   А.А.Потебняның   сөздің   “алыс”,   “жақын”
мағыналарын ашуымен байланысты сараладық. “Жалпы сөз мағынасы дегенде
екі түрлі сипат көрініс береді. Біріншісі  –  тіл білімі нысанасына енетін сөздің

жақын   мағынасы  болса,   екіншісі  –  басқа   ғылымдардың   аясында   қаралатын
сөздің алыс мағынасы болып табылады” (142. 19).
Көпшілік қауым қолданыстағы терминдер мен өсімдік, жан-жануар, жәндік,
құс   атауларының   терминологиялық   мағынасын   білуі   шарт   емес.   Қатардағы
оқырман  ақбас  жусан  түр атау ма,  туыс атау ма деп ойланып отырмайды.
Немесе қараөрік сөзін өрікке қатысы жоқ екен деп, бірге жаза алмайды. Әрине,
бинарлы өсімдік атауларының жазылуында салалық терминологиялық мағына да
ескерілуі керек. Дегенмен олардың емлесі тілдік факторларға негізделуі тиіс.
Өсімдік   атауларының   орфографиясыңда   ғылыми,   тілдік   мағыналарын   қатар
қарастыруды ұсынатын Б. Қалиев “бинарлы атауларды жазуда мәселе туыс аты,
түр   аты   екендігінде   емес,   мәселе  –тіркесуші   сыңарлардың   морфологиялық
тұлғасы   мен   тіркесу   амалдарында”   (30.   74)   деп,   екі   бағытты   өзара
ыңғайластыратын   уәж   айтып,   өсімдік   атауларының   лексика-грамматикалық
кұрамын анықтап, компоненттерін лексикалық топтарға бөледі (30. 66). Сөйтіп,
біріккен   өсімдік   атауларының   екінші   сыңары  я  жалпылауыш,  я  ауыспалы
мағынада   қолданылатын   (жануарлар   дене   мүшелерінің   қолданылуы)   сөздер
екенін,   бірінші   сыңары  я  төрт   түлік  мал  атауы,  я  олардың   төлдері,  я  үй
жануарлары,  я  құс,   жәндік,   бақа,   шаян,  я  табиғат   құбылыстары   екенін
айқындайды.   Сондықтан     Д
1

2
,   Д
2
Д
1
,   Д
2
К
1
  қатынасына   орай  аққайың,
қарабидай, итқоға сияқты 1988 жылға ҚТОС-інде бөлек берілген өсімдік, балық
атаулары   жаңа   басылымда   бірге   тұлғаланып,   реестрге  шығарылады.   Сөйтіп,
сөздерді бөлек, бірге тұлғалаудағы  лингвистикалық бағыт тілдік факторларға
(грамматикалық,   морфологиялық,   лексика-семантикалық)   сүйенуден   шығады,
яғни жоғарыда көрсетілгендей, бір сыңардың мағына жалпылануы  (шөп,  от,
гүл),  олардың   грамматикалануы   (аффиксоидтелуі);   сыңарлар   мағынасының
ауыспалы   мағынада   жұмсалуы,   лексика-семантикалық   контаминацияға   түсуі;
тіркестің -ған, -ген (ат-құтыртқан, қойкемірген), -ар, -ер (күнбағар, қантияр,
тілқияр), -ғыш, -қыш (шыбынқуғыш, күнсүйгіш) грамматикалық тұлғалармен
түрленуі болып табылады (29. 35).
Ал   құс,   балық,   жан-жануар,   құрт-құмырсқа   күрделі   атауларының
жазылуында   мына  принцип  сақталған.   Соңғы   сыңары   жалпы   мәндегі  атау
(балық,   құс,   құрт,   торғай,   теке,   ешкі,   жегі,   бақа)  болып   келсе,   бірігіп
жазылады.   Мысалы: семсербалық, теңгебалық, таутеке, бозторғай, тарбақа,
өкпеқұрт, бүйенқұрт, қолбақа, ағашжегі, балықжегі.  Мұнда бір топтың  туыс
аты болып келетіндері де бар (қараторғай   скворец, бозторғай  – жаваронок,
шыршаторғай –клест) (139. 92), түр атауы болып келетіндері де бар (тарбақа,
құрбақа). Бір топтың туыс атауы “қысқышбақаны бөлек жазсақ, ол молюскалар
типіне жататын перловица болмай, хордалылар типінің қосмекенділер класына
жататын бақалар туысының бір түрі болып шығады. Ал, шындығында, ол  –

омыртқасыз жануар” (139. 93). Керісінше, “кәдімгі” бақалар туысының  он бес
түрі бөлек жазылуы уәжді делінеді. Ал іс жүзінде ше? Құрбақа, көлбақа т.б. бақа
түрлері бұрыннан бірге таңбаланып жүр: көпшілік олардың қай текке жататынын
ажыратып отырмайды, әрі бұлардың алғашқы сыңары экстралингвистикалық
мәнділіктің   дәл   өзін   атамайды:  көлбақа  –“көлде   жүретін  бақа”,  құрбақа  
“құрлықта ғана жүретін бақа” емес.
Сөйтіп, сөздің терминологиялық мағынасына назар аударып отыру кейде
көздеген мақсатқа жеткізе бермейді.
Ал   фразеологиялық   атаулардың   жазылуына   келсек,   ҚТОС-тінің   соңғы
басылымы  жалпы саны  тоқсанға жуық тұрақты тіркестерді біріктіріп береді.
Мысалы: арамтамақ, аткөпірету, атжалдану, ауызбірлік, ауызекі, әлімжеттік
жасау,   жақсыат,   жаманат,   жүребітті,   бақталас,   басараз,   басбұзар,
баскесер,   басыбайлы,   баукеспе,   беталыс,   бетбүрыс,   бұтартар,   бірқыдыру,
бірізді, жатыпатар, жатыпішер, желбас, жүдеубас, жүзқара, жүребітті,
жынойнақ,   итжанды,   итжығыс   түсу,  кертарпа,   кеудемсоқ,   көзайым   болу,
көзжұмбай,   көзқарас,   көкейкесті   көкейтесті.  Байқап   отырғанымыздай,
мұндағы   тіркестер  –  мағынасы   тұтас,   құрылымы   тиянақты,   сыңарларының
деактуализациялануы   әртекті,   қолданылуы   тиянақты   (143.   5-6),   экспресті-
эмоционалды реңкінен айырылмаған тұрақты тіркестер.
Жалпы   тұрақты   тіркестердің   сыңарлары   ажыратыла   таңбалану   емледе
қағидаға   айналғаны  рас.  Жазуға   таңба   теориясы   тұрғысынан   келгенде   де
фразеологизмдердің   құрамын   ажырата   көрсету   тұрпат  межесінің   де,   мазмұн
межесінің   де   үрдісінен   шығады.  Мысалы,  ит   әуре,   ит   өлген   жер  дегенде
лексемалардың   бөлек   тұлғалану   формасы,   оның   мазмұн   межесіне   қайшы
келмейді.   Бұл  форма  фразелогизмдердің   негізгі   қызметі  –  көркемдеуші
қызметіне жауап береді.
Тілде пайда болған көркемдеуіш құралдар (троптар: метафора, метонимия,
синекдоха),  фразеологизмдер,   өзінің   семантикалық  даму  барысында   тілдің
негізгі   атқаратын   қызметтеріне  –  коммуникативті,   номинативті,   прагмативті
қызметтеріне  –ауыса бастайды. Сондықтан фразеологизмдердің де екі қызметі
көзге көрінеді: 1) коммуникативті, 2) атауыштық. Тұрақты тіркестердің көркемдік
қызметі мен атаулық қызметі қатар жүре келе, бір кездері  таза  номинативтілік
жүк арқалайтын дәрежеге жетеді. Біздің ойымызша, тілде тұрақты тіркестер
негізінде пайда болып жатқан біріккен атаулар осы жолдардан өткен. Әсіресе
адамға катысты фразеологизмдердің екі сыңары да дене мүшелері атауларынан
тұрса, олар атауыш қасиетке көбірек ие. Мысалы: ақ саусақ, ақсақал, ақсүйек, ақ
таңдақ,   бос   белбеу, сақ  құлақ,   тоңмойын,  mac  жүрек,   ақниет,   ақкөңіл,   ер
жүрек.  Біздіңше, фразеологизмдердің құрамындағы  көңіл, жүрек, ниет, пейіл
сияқты   дерексіз   мағыналы   сөздер   жазудың   жеткізу   әресінде   ауыспалы

мағынадағы түс атауымен бірге тұлғалануын қажет етіп тұрады. Бөлек тұлғалау
–жазудың мазмұн межесіне жауап бере алмайды. Бұл ақ сын есімінің синкреттік
сипатынан   шығады.   “Қазіргі   қазақ   тіліндегі   түр-түс   атаулары”   атты
монографияның   авторлары  ақ  сөзінің   мынадай  ауыспалы  мағыналарын
көрсетеді: 1) әділ, істің дұрысы  (ақ сөйле, ақтық сөз, ақ көңіл);  2) ізгі тілек,
жақсылық, бақыт (ақ тілек, ақ жол, ақ қас, ақ босаға, ақ отау, ақ жаулық); 3)
асыл, таза, қоспасыз (ақ алмас, ақкүміс, ақ сауыт, ақберен); 4) бір қалыпты, бір
деңгейде ұзакқа созылған құбылыс (ақ жауын, ақ боран); 5) тозу, жұтау, күйзелу
(ақ сүйек қылу, ақ сирақ жұт, ақтабан); 6) қасиетті, қастерлі (ақ жауып, арулау,
ақ сүті ананың); 7) хан, төре тұқымына тәндік (ақсүйек, ақорда, ақсаусақ); 8)
әйелге тән әдемілікті таныту (ак, дидар, акша бет) (144. 59).
Сөйтіп, ауыспалы мағынада көбірек көрініс беретін ақ, сөзі кейде тіркескен
сыңарларымен бірге тұлғалану формасына ие болады, БС жасайды.  Мысалы:
ақсақал, ақсаусақ, ақбөкен, ақниет,  ақкөңіл, ақсүйек, ақкүміс.  Бұлар, байқап
отырғанымыздай, атаулық мәнде жұмсалатын құрама сөздер.
Түркі тілдерінде әрі сын есім, әрі зат есім болатын сын есімдердің бірі – көк
атауы. Ол “аспан”, “шөп”, “түрік” мәндерін берген. Бұл  –  “о бастағы  зат  пен
оның   сын-сипаты   жайындағы   ұғым   бір   болған   деген   көзқарастар   бойынша
заттың генезистік бірлігін көрсетеді” дейді проф. М.Томанов (145. 182).
Сондықтан  көк  есімінің   көп   мағыналығы   сөзжасам   процесіне   оңай
араласып, біріккен атау құрауға мүмкіндік береді.  Мысалы:  көгершін, көгеру
(жердің көгеруі және адамның жаман көңіл-күйінде сазарып, сіресіп қалуы),
көгал, көгорай, көгала (ауру), көгілдір, көксау, көкжиек, көкжал, көксары (құс),
көк ет (ішек-қарын мен өкпе-бауырды бөліп тұратын жұқа көк шандыр, бауыр
ет),  көкбауыр, көкдәрі.  “Анықтаушы сөздің анықталушы сөзді анықтауы үшін,
анық- талушы сөздің бойыңдағы  сын  есім анықтарлық қасиеті бар сөз болуы
керек. Егер болмаса, онда ол өз алдына сөз болудан қалады. Міне, осындай
жағдайда ғана анықтаушы сөз бен анықталушы сөз арасындағы атрибутивтік
байланыс жойылып, екеуінің бірігуіне мүмкіндік туады” (146. 49).
Тіліміздегі   терминдік   атаулардың   жасалуындағы   өнімді   тәсіл   сөздерді
біріктіру екенін, фразеологиялық атаулардың бірігуі терминдену құбылысына
тікелей байланысты екенін тілдік материалдар дәлелдеп отыр.  Термин  деген
сөздің өзі латынша шегара, ең соңғы шек деген мағынаны берсе, терминденуге
бірізді   жүйелілік,   дефинициясының   болуы,   экспрессиясыздық,   стильдік
бейтараптық, сөздің сол  терминология  өрісіндегі моносемантикалығы жатады
делінеді (97. 508). А.Реформатский терминдердің сөйлем ішінде қолданылуын
ескермейді де, мұның өзі  термин  сөздердің әдеттегі жай сөздерден негізгі бір
айырмашылығы  деп  көрсетеді  (99.   51).  Тіліміздегі   бұрыннан  келе   жатқан
ақсақал,  қубас,  ақсүйек,   қылжақбас,  орынбасар,  ізбасар  атаулары
фразеологизмдердің  БС   қатарына  өту   процесінің  басы   ертеде  жатқанын

көрсетеді. Оған  себеп  –  аталған фразеологизмдердің есімнен есім тудыратын
(-лық),  сын  есім   тудыратын  (-дай),  етістік  тудыратын  жұрнақтармен   оңай
түрлене алуы.
Проф.   К.Аханов   тұрақты   тіркестер   мен   КС-дердің  арасын  ажыратуда
қиындық келтіретін көптеген ұқсастық барын айтқан. Алайда КС-дің атауыштық
қызмет атқарып, заттың бірден-бір атауы болуы, эмоционалдық-экспрессивтік
қызмет   атқарып,   жеке   сөзге  эквивалент  болатын   тұрақты   тіркестен
айырмашылығы деп көрсетеді. Көк ми, су ми, mac бауыр деген фразеологиялық
сөз тіркестері мағыналық жақтан алғанда  мисыз, ақылсыз, қатал  деген сын
есімдерге  эквивалент  болып,  осы сын  есімдерге тән шырай формаларын  (көк
милау,  mac  бауырлау, өте  mac  бауыр)  қабылдайды, яғни бұл  сын  есімдердің
эквиваленті ретіде жұмсала алатындығын дәлелдейді, дейді ғалым (22. 75).
Біздіңше, эмоционалды-экспрессивтілігі күшті фразеологизмдер сипаттауыш
қызмет атқаратындықтан, олар сипаттайтын  тура  мағынадағы сөздің алдынан
“оңай орын тебуі” керек. Мысалы, ит өлген алыс жер, көзді ашып- жұмғанша
тез арада,  сары уайым  қайғыға салынып дегенде,  ит өлген  жер, көзді ашып
жұмғанша,  сары   уайым  тұрақты   тіркестері   номинативті  тура  мағынадағы
сөздерді сипаттап, көркемдеп тұр. Ал тасбауыр қатал, көк ми ақылсыз, ақ көңіл
ашық   адам  деген   тіркесімділік   болуы   күмәнді.   Сонда  mac  бауыр,   ақсақал,
ақсаусақ, ақсүйек, ержүрек сияқты тұрақты тіркестер қатал, қарт, батыл деген
сөздердің эквивалеті емес, оларға синонимдік катар құрайтын сөздер болады ма
дейміз.
Фразеологиялық-тіркестердің атау, дискретті емес бірлік дәрежесін алуын
О.Есперсеннің эксплицитті форманың эллипсиске ұшырауын көрсететін мына
тұжырымы арқылы түйіндеуге болады:
1.  Экспрессия  –  барлық   мүмкіндікті   пайдалана   отырып,   ықшамдамай
жеткізу;
2. супрессия –мазмұнға зиян тигізбей, кейбір үнемдеулерді іске асыру;
3. импрессия – тыңдаушының мәнді деген хабарды өзіне қабылдауы (147.
158).
ҚТОС-інің соңғы басылымындағы бір жетістік үстеу, шылау, есімдіктердің
жазылуындағы бірізділікке қол жеткізу болды. Онда, біріншіден, есімдіктер зат
есіммен тіркесіп келсе ғана бөлек таңбаланатын емле орнықты. Мұның себебі –
онда   анықтаушы-анықталушы   қатынас   анық   көрініп,   лексикалық   мағына
нақтылана түседі: әр бала, кей адам, әлде анау, еш адам т.б.
Ал ешқайда, ешқандай, кайсыбір, әлдеқашан есімдіктерінің универбтенуі
құрамындағы   болымсыздық   және   сұрау   есімдіктерінің   грамматикалануынан
туындайды. Лексика-семантикалық контаминацияға түсіп, құрамы кіріккен үстеу
сөздер де тілімізде бар: біротала, алмағайып, жедеғабыл, жайбарақат, енжар,
әлімсақтан,  екібастан. Әлімсақтан, екібастан  үстеулерінің бірігіп  жазылуы
олардың шығыс септігімен тұтас тұлғланануынан  да  болады. Ал  әуел бастан

тіркесіндегі   алғашқы   сыңарды   осы   мағынасында  әуелден,   әуелгіден,   әуелде
тұлғаларында қолданыла алатындықтан бөлек таңбалауымыз орынды.
Қазақ тіліндегі шылау сөздердің тіркескен сөзімен бөлек- бірге таңбалану
емлесі туралы саралауында тілші-ғалым Н.Уәлиұлы 1) жазылуы түрлі сипатта
көрініп   жүрген   сынды   шылауын  тәрізді,   секілді,   іспетті  ұқсату   мәніндегі
шылаулармен мағыналық топ құрайтындықтан бөлек жазуды; 2)  -ай, -ақ, -ау
бөлек  не   дефис  арқылы   жазылатын   демеуліктері   одағаймен   жалғанғанда,
одағайдың  жеке сөз   ретінде  дербестігін  жоғалтып,  демеулікпен  ұласып   кету
себепті   біріктіруді   (япырай,   япырау,  ойпырау,  апырымау,  әттегенай,   айхай,
ойбай);  3) негізгі сөзден бөлек  жазылатын  ма, ме  шылауының  қанша, неше
сұрау есімдігі мен  осынша, сонша, мұнша, онша  туынды үстеулермен қатар
айтылғанда сұраулық мәннен өзгеше мәнге көшу себепті бірге тұлғалауды; 4)
бөлек  жазылатын   да,  де   ыңғайлас   жалғаулықгары  қалай,   қайткен,   қайтсе,
сөйтсе, әйтсе есімдік, шылаулармен қатар келіп, қарсылықты мәнді шылауға ай-
налу   себепті   бірге   таңбалауды   ұсынады   (27.   66-69).   Соңғы   қатарға,   біздің
ойымызша,  өйтсе  де,  сонда  да  шылаулары  да  енуі   керек.   Ал   ыңғайлас
жалғаулықтың өз мағынасында тұруы  егер де  шылауынан көрінсе, оның бірге
таңбалануының негізі жоқ деп ойлаймыз.
Сонымен, біз БС-дерді номинативті аспектіде қарастыра отырып, олардың
емле сөздіктерінде берілу жүйесіне назар аударуға тырыстық. Құрама сөздің
универб формасы – таңбаның тұрпат межесі – мазмұн межесіндегі мағыналық
жылжу, ауысу, дамуды бейнелейтін  процесс  ретінде қаралды. Соңдықтан бір
кұрама   сөздің   бірігіп   жазылуы  (шашбау,  қолғап,   келсап),  соған   ұқсас  басқа
бірліктердің де универбтенуіне негіз бола алмайтыны белгілі болды (кереге бау,
қол бау, қамшы can).
Сөздердің   бірігуі   әрқилы,   әр   сипатта,   әр   бағытта  дамуынан
орфографиялық   сөздіктердің   оларды   бейнелеуі,   қашан  да,  өзекті   мәселеге
айналып отырған. Бір қызығы, жиі мәдениеті жоғары ел емледе дәстүрлілік
принципін сақтап, жазудың коммуникативтілік қызметін оңайлатуға тырысады
екен. Ал бұл  принцип,  әсіресе неше тілі орфографиясында көп қайшылыққа
ұрындырмайды. Себебі – неміс тілінде бір зат, не ұғымның атауын білдіретін екі
негіздің бірігу құбылысына ұшырауы сөзжасамдағы тұрақты құбылыс. Ал қазақ
тілі орфографиясында құрама сөз жазылуының дәстүрлілік принципін сақтау
қиындық әкеледі. Соңдықтан сөздік құрамның молаюы, реестрдегі атаулардың
көбеюі, көбінесе БС есебінен болып отырады. Оны ҚТОС-інің үш басылымын
(1963, 1978, 1988) салыстыра отырып та көз жеткіземіз.
Ал   мектеп   оқушыларына   арналған   “Емлесі   қиын   сөздер"   атты
орфографиялық анықтамалыққа 900-дей БС-дердің жаңа қатары енгізіліп отыр.
Олардың ішінде ҚТОС -нің 1988ж. басылымы бөлек таңбалаған бірқатар құрама
сөздер  бар. Мысалы:  оңжақ,  ақбалшық,  қызуқанды, атсоқты, карабалшық,

қарақотыр, асүй, теміржол, қалыңмал,  күмістой, алтынтой, аякқиім, баскиім,
құмсагат,   құмшекер,   құстөсек,   жертөсек,   ақтүйіршік,   қызылтүйіршік,
түскиіз, заманақыр, көкбауыр, күншуақ, көжеқатық, асқатық, асжаулық  т.б.
Біз мұнда КС сыңарларының экстрилингвистикалық мәнділікпен Д
 1
Д
 1
 емес, Д
1
Д
 2
, Д

Д
2
 қатынаста тұруын басшылыққа алдық.
БС-дердің   енді   бір   қатарында   бірге   тұлғалаудың   формалды   белгілерін
негізге   алып   отырдық.  Мысалы,  -лық  ұластырушы  арқылы   босаралықсыз
жазылу тұрпатына ие болған. ҚТОС-інің соңғы басылымындағы 30 шақты БС
қатарына   мұнда  дүниеқоңыздық,   акқөңілділік,   ақжүректік,   ержүректік,
жанқиярлық,   жанкүйерлік,   кеңпейілділік  сияқты   жаңадан   біріккен   атаулар
қосылды.
Сонымен   бірге,  -ты  ұластыруышы   арқылы  атсоқты,   сусоқты,
желқақты, күнқақты, балабасты, етекбасты, жарды, күйекасты, құлаккесті,
пышақкесті сияқты тұрақты тіркестері бірге жазылу тұрпатына ие болды. Ара
сыңарының   мағына   дерексізденуіне   орай,   БС   құрастыруыштық   қызметін
арақатынас,   арақашықтық,   аражік,   арасалмақ,   ішінара 
атаулары
жандаңдырды”.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет