Органикалық қосылыстар §1 Органикалық заттар ерекшеліктері мен халық шаруашылығындағы маңызы


ХІІІ ТАРАУ ХИМИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ



бет9/12
Дата27.11.2023
өлшемі333,81 Kb.
#128632
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
лекция -14

ХІІІ ТАРАУ
ХИМИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ

§1 Экологиялық мәселелер

Экология деген сөзді ғылымға 1866 жылы неміс ғалымы, дарвинист Эрнест Геккель енгізді, оның грек сөзінен тура аудармасы “өмір сүру ортасы туралы ғылым”. Ғылым мен техниканың дамыған кезеңі адам баласы үшін экологиялық апатты өзімен ала келді. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Жер атты планетамызды мекендейтін барлық тіршілік атаулыға ядролық бомба қандай қауіпті болса, “экологиялық бомба” да сондай қауіпті. Қазақ халқының атақты саясаткер ақыны О. Сүлейменовтың жетекшілігімен “Невада - Семей” қозғалысы бас­талып, егеменді еліміздің тұңғыш президенті барлық ядролық қарудан өз еркі­мізбен бас тартатындығымызды әлемге паш етті. Қазіргі кезде ядролық держа­валар арасында бұл қауіп сейілген кезде адамзат тіршілігіне төніп тұрған эколо­гиялық апатқа қарсы тұру үшін жаппай (бала бақшасынан бастап, орта, жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері үшін) экологиялық тәрбие берумен қатар өкімет тарапынан көп мөлшерде материалдық шығынды қажет етеді.


Қоршаған ортаны сақтау мәселелерімен Біріккен Ұлттар Ұйымының негізінде құрылған арнайы бөлімдері айналысады. Олардың алдына қойған мақсаттары төмендегідей:

  1. қоршаған орта жағдайын және оған адамзаттың тіршілік барысындағы әсерін бағалау арқылы басқару;

  2. табиғатты қорғауға бағытталған тәрбие жүргізу және техникалық көмек көрсету.

Заманымыздың экологиялық мәселелеріне тоқталсақ, олар:
1) планетамыздың әр ендігіндегі климаттың өзгеруі негізінен тропосфераның құрамында әр түрлі заттар: (CO2) көмірқышқыл газының, радиоактівті заттардың, азот оксидтері мен әр түрлі көмірсутектер және аэрозольдар мөлшерінің шамадан тыс көбеюінен болады;
2) атмосфераның әр түрлі шаң-тозаң, аэрозольдер әсерінен мөлдірлігінің бұзылуы күн сәулесінің жер бетіне жетуіне кедергі келтіреді, оның мөлшерін бар болғаны 1,6 %-ға кеміту жер бетін катастрофалық мұз қаптауға әкеліп соғуы мүмкін;
3)жердің озон қабатына әсері – озон қабаты күннен келетін ультра күлгін (УФ) сәулелерін сіңіріп, жылуды стротосферада таратып, биосфераны осы сәуледен қорғайды. Бұл қабатта озон мөлшерінің азаюы адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді (әр түрлі тері, көз аурулары, аллергия т.с.с.).
Осыны шешу үшін экологиялық көзқарасты қалыптастыру мәселесі біздің елімізде соңғы он шақты жылда жолға қойыла бастады. Бұл негізінен биологиялық мамандықтарды әзірлеу барысында ғана ұйымдастырылып, техникалық мамандар бұдан тыс қалып отырды.
Қазіргі кезде біздің республикамыздағы техникалық жоғарғы оқу орындарында “инженер – эколог”, “агроном - инженер” мамандықтарын даярлау барысында көтеріліп отырған мәселені шешуде химия пәнінің алатын орны ерекше. Техникалық мамандықтарды меңгерген студенттер негізінен ғылыми - өндірістік жүйеде жұмыс істеген кезде алдыңғы қатарлы озық технологияның өндіріске енгізу барысында экологиялық сауаттылығы жоғары болғаны жөн.
Инженерлік экология техносфераның жалпы және жергілікті даму заңдылығын және одан табиғи ортаны қорғау, оның қауіпсіздігін бақылау әдістеріне бағытталған инженерлі-техникалық шаралар жүйесін зерттейді. Оның негізгі бағыттары төмендегідей:
1) кеңістік үйлесімділік: кез келген өндіріс орнының алатын орны аз болуы керек.
2)өндіріс орнының жұмыс істеу бөлімдері экологиялық база өнім шығаруы тиіс.
3)өндірістік циклдердің жабық болуы, яғни өндірістік қалдықтарды қайта өндіріске қайтару, яғни оларды өндірістің табиғи заттар айналымына енгізуге болатындай етіп тазарту, пайдалану принципі бойынша жұмыс істеуі керек.
Химия өндірісінің өнімдері халық шаруашылығына қаншалықты пайдалы болса, бұлар қоршаған ортаны ластаушы заттардың да көзі болып табылады. Сондықтан химия пәнін экологиялық мәселелерсіз қарастыруға болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет