Органикалық қосылыстар §1 Органикалық заттар ерекшеліктері мен халық шаруашылығындағы маңызы


§5 Молекуладағы атомдардың өзара әсері



бет4/12
Дата27.11.2023
өлшемі333,81 Kb.
#128632
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
лекция -14

§5 Молекуладағы атомдардың өзара әсері

Молекуладағы атомдардың бір-біріне әсері ондағы электрон тығыздығының таралуына байланысты болады, ол екі түрлі эффект арқылы жүзеге асады: индуктивті және мезомерлі.


Ковалентті байланыстың қасиеттерінің бірі поляризацияланғыштық болса, молекулаға сырттан әсер еткенде (молекула симметриясыз болса, әсер жоғары болады) электрон бұлтының тығыздығы молекуладағы электртеріс атомға қарай - байланыстың бойымен ығысады, осыны индуктивті эффект (J)деп атайды, ол тікелей байланысып тұрған атомдар арасындағы әсер.
(-J) (электрон бұлтының тығыздығы орын
басушы топқа ығысып тұр)
CH3 → CH2 = CH (+J) (электрон бұлтының тығыздығы
тізбек бойынша)
Индуктивті эффект органикалық зат қасиеттеріне және реакцияның жүру бағытына әсер етеді.
Құрамында электрдонорлы немесе электракцепторлы орын басушылары бар қос байланысты молекулаларда π-байланыстың электрон бұлтының тығыздығына әсер етеді, соның нәтижесінде молекула поляризацияланады, осы эффектіні мезомерлік эффект (М) деп атайды, ол өзара тікелей байланысып тұрмаған атомдар арасындағы әсер.
M (π, π); M (σ, π)

§6 Органикалық заттар жіктелуі

Барлық органикалық заттар көміртек атомдарының байланысу қаңқасына байланысты төмендегідей бөлінеді.



  1. Ациклді (түзу тізбекті және тармақты)



Ациклді органикалық заттардағы байланыс сандарына байланысты қаныққан, қанықпаған көмірсутектер деп бөлінеді.
2. Циклді қосылыстарда көміртек атомдары циклдер (тұйық тізбек) түзеді. Оларды екіге бөледі: гетероциклді, карбоциклді.











Көмірсутектегі сутек атомдары басқа атомдарға немесе атомдар топтарына (функционалдық топ – зат қасиетін анықтайтын) алмасуынан көптеген органикалық қосылыстар түзіледі.

  1. Көмірсутектер R––H (мұндағы R – радикал – байланыс үзілгенде пайда болатын электроны бар активті бөлшек)

  2. Галогенді туындылар R––Г

  3. Спирттер R––ОН

  4. Альдегидтер

  5. Кетондар

  6. Қышқылдар

  7. Жай эфирлер

  8. Күрделі эфирлер

  9. Нитроқосылыстар

  10. Аминоқосылыстар

  11. Аминқышқылдары

  12. Сульфоқышқылдар

  13. Металорганикалық қосылыстар

Олай болса, органикалық қосылыстарды негізінен мынадай элементтер: Na, K, Al, Zn, Hg, Pb, Sn, P, Si, B, As, N, O, S, C, H, (Cl, Br, J) құрайды екен, оларды органогендер деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет