Полистирол - декоративті шыны және түсті плиткалар әзірлеуде қолданылады.
Полиметилметакрилат - органикалық шыны әртүрлі түске боялады, одан химиялық карозияға төзімді декоративті плиткалар, үй қабырғасына жабылатын “түсқағаздарын” әзірлейді.
Поливинилхлорид (ПВХ) . Бұл полимер винилхлоридті СН2=СНСl полимерлеу арқылы алынады. Құрылыста ең көп қолданылатын полимерге жатады, одан линолеум, жууға жарамды үй қабырғаларына желімдейтін жабындар (обои) т.т. әзірлейді.
Егер ПВХ-ға пластификаторлар қосылса, оның пластикалығы және аязға төзімділігі артады, ал пластификатор қосылмаған ПВХ (винилпласт) механикалық және агрессивті заттарға төзімдірек болады.
П оливинилацетат (ПВА) . Винилацетаттың полимерленуі нәтижесінде түзілген молекулалық массасы ондай үлкен емес сұйық полимер, жанбайтын, зиянсыз желім ретінде қағазды, пластмассалар мен ағаш, мата, тері, металдарды желімдеуде қолданылады.
Поливинилацеталі. Бұл полимерді алу үшін поливинилспиртін альдегидтермен әрекеттейді.
Сонда, суда ерімейтін ацеталь түзіледі, ол жоғары сапалы изоляциялық лак, силикатты шыныларды желімдеп, үш қабатты «триплекс» алу үшін қолданылады. Бұл ацеталь көптеген желімдер құрамына (БФ-2, БФ-6) кіреді, олардың көмегімен пластмасса, ағашты ғана желімдеп қоймай, металдарды да желімдеуге жарайтын конструкциялық зат.
Фенолоалдегидті полимерлер. Бұл полимерлерді фенол мен альдегидтерді поликонденсациялау арқылы алады:
Т үзу сызықты құрылыстысы-термопластикалы болса, оны қатайтқыштармен (уротропин) өңдегенде кеңістікті құрылысты термореактивті полимер түзіледі.
п
Фенолформальдегидті полимерлер спирттік лактар, бояулар және желімдер ретінде қолданылады, онымен ауданы үлкен панельдерді де желімдеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |