Органикалық қосылыстар §1 Органикалық заттар ерекшеліктері мен халық шаруашылығындағы маңызы


§2 Органикалық химияның теориялық негіздері



бет2/12
Дата27.11.2023
өлшемі333,81 Kb.
#128632
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
лекция -14

§2 Органикалық химияның теориялық негіздері.
А.М. Бутлеровтің құрылыс теориясы

Органикалық химия салыстырмалы алғанда жас ғылымға жатады. Алайда, адам баласы өзі тіршілік ете бастағаннан-ақ тері өңдеу, әртүрлі өсімдіктердің тұнбасын, сірке суын, сабын алу, мата бояу жұмыстарын атқару кезінде көптеген органикалық заттармен оның өзгерістерін жүзеге асырды.


Жинақталған көптеген экспериментті материалдарды жұйеге келтіру және жаңадан алынатын фактілерді түсіндіру үшін теория қажет болды. Органикалық химияның алғашқы теориясы – «радикалды теориясы» (Берцелиус, Дюма, Либих, Велер, Гей-Люссак).
Өткен ғасырдың 40- жылдары «типтер теориясы» (Жерар, Лоран, Дюма) дүниеге келді. Ал, атом-молекулалық ілім негізінде 1860 жылы орыстың ғалымы А.М. Бутлеров органикалық заттардың құрылыс теориясын ұсынды. Теориясының негізгі идеяларын 1861 жылы «Заттардың химиялық құрылысы туралы» еңбегінде жариялаған қағидалары төмендегідей:
1) органикалық заттар құрамына кіретін атомдар бір-бірімен өздерінің валенттіліктеріне сай белгілі бір байланыстар түзеді, көміртек- төрт валентті;
2) зат қасиеттері а) оның құрамына кіретін атомдардың сапалық және сандық құрамына (гомологтық қатар); ә) атомдар мен атомдар топтарының байланысу ретіне (изомерия); б) атомдар және атомдар топтарының бір- біріне әсер етуіне тәуелді (индуктивті, мезомерлі эффект).
А.М.Бутлеровтің химиялық құрылыс теориясының маңызы зор. Бұл теория көмегімен көптеген қосылыстардың алынуы мен физико-химиялық қасиеттерін болжау мүмкіндігі туады.

§3 Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыс

Органикалық заттар қасиеті оның құрамына кіретін негізгі элемент көміртектің электрондық құрылысына тәуелді.


126C 1S2 2S2 2P2 ,
Органикалық заттарда ковалентті байланыстың ( және байланыстар) түзілуінің екі тәсілі (алмасу, донорлы- акцепторлы) қарастырылады.
Көміртек атомдарының арасындағы байланыстар сипаттамалары кестеде берілген.

Кесте 12.1. Әр түрлі гибридтену жағдайындағы көміртек атомдарының арасындағы байланыстардың сипаттамалары




Гибридтену
типі

Байланыстың
түрі

Байланыс
ұзындығы,
(нм)

Байланыс
бұрышы

Байланыс
энергиясы,
кДж/ моль

SP3

C - C

0,154

109028/

348

SP2

C = C

0,134

1200

614

SP

C ≡ C

0,120

1800

810

Органикалық заттарда сутектік байланыстың атқарар ролі зор: ол заттардың суда ерігіштігін, балқу, қайнау температуралары олардың құрылысын анықтайды.
R ─ O ←H … O ← H

H
Өсімдік пен жан-жануар, адам ағзасына кіретін органикалық заттармен судың арасында түзілетін байланыс оларда жүретін алмасу үдерістеріне себепші болады. Көптеген полимерлі материалдар синтезінде, заттарды бояу кезінде және құрылыста пайдаланатын байланыстырушы заттар мен су арасында да осы сутектік байланыс түзіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет