Фармацевтикалық қызметті республикалық деңгейде басқаруды ҚР ДСМ Фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізеді, ал облыстық, қалалық (Алматы, Астана және Шымкент қалалары) деңгейде – Денсаулық сақтау депаратаменті (фармацевтикаплық бақылау бөлімдері) жүзеге асырады.
ҚР ДСМ құрылымы:
1. Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті :
аналар денсаулығын сақтау басқармасынан;
алалар мен жасөспірімдер денсаулығын сақтау басқармасы;
Департамент аналардың денсаулығын сақтау және әйелдердің ұрпақты болу денсаулығы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады; 0-ден 17 жасқа дейінгі нәрестелердің, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде Балалар мен жасөспірімдерді медициналық-әлеуметтік оңалтуды көрсету және жетілдіру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады.