Энергия алмасуы. Энергия балансы Қабылдаған астың құндылығының өлшем бiрлiгi жұмсаған энергия шығыны шамасымен салыстыра бағалаудағы бiрлiгiндей калориямен есептеледi. Калориямен есептеу тамақтың сандық жағынан обьективтi бағалауға мүмкiндiк бередi. Соған қарай калориялығын арттыру не төмендету арқылы тамақтың сандық көлемiне түзету енгiзуге болады. Осыған байланысты тамақтың сандық құндылығы оның энергиялық құндылығымен анықталады. Тағам рационы мен азық түлiктiң энергиялық құндылығын есептеуде өлшем бiрлiгi ретiнде Джоуль қолданылады, 0,239кал-4,181Дж тең.
Адекватты тамақтанбауда жұмсалған энергия шығынының орнын қабылдаған тамақтың қуаттылығы толтырмаса, терiс энергиялық баланс туындайды. Мұнда энергия жетiспеушiлiгiнiң орнын толтыруға организмдегi барлық ресурстарды соған жұмсайды. Бұл жағдайда әсiресе белок энергия көзi ретiнде көп жұмсалып және де пластикалық материал терiнде анаболикалық үрдіске ұшырап, керi әсерге ұшырайды. Терiс энергиялық баланстың зияндылығы осында. Осы жағдайда тамақпен түскен белок қана емес, тiндегi белоктар да энергия шығынының орнын толтыруға жұмсалып кетедi. Сондықтан энергиялық жетiспеушiлiк, терiс энергиялық баланс белок жетiспеушiлiкпен тығыз байланыста екендiгiне көз жеткiземiз. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, терiс энергиялық баланс белоктық –калориялық жетіспеушілікпен кешенді түрде кездеседі. Алиментарлық дистрофия, алиментарлық маразм, квашиоркор сияқты ауыр түрде өтетін аурулар белоктық –калориялық жетіспеушіліктің салдарынан дамиды.
Оң энергетикалық баланс жұмсалған энергия шығынынан тағам рационының қуаттылығы ұзақ уақыт артатын болса туындайды, бұл жағдайдың да керi әсерi жоқ емес. Ой жұмысында не автоматтандырылған жұмыспен айналысатындарда, аса көп күш жұмсамайтындарда артық салмақ, семiздiк, атеросклероз, гипертониялық ауру т.б. ұзақ уақытқа созылған оң баланс негiзiнде туындайды.
Қорыта келсек, энергетикалық оң және терiс баланс организмнiң физикалық ахуалына қолайсыз жағдай көрсетiп, алмасу бұзылыстарына әкеледi.