«организмнің Қартаю қҰбылыстары. ҚАртаю процесі туралы теориялар»



Дата15.11.2023
өлшемі167,41 Kb.
#124147

«ОРГАНИЗМНІҢ ҚАРТАЮ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ. ҚАРТАЮ ПРОЦЕСІ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР»

Қартаю — биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейінгі организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қартаю — организмнің құрылымдық ерек-шелігімен және биохимиялық өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын құбылыс. Қартаю проблемаларын зерттейтін ғылымды геронтология (грек. geron— шал) деп атай-ды. Бұл терминді алғаш рет 1903 жылы И.И.Мечников ұсынған.


Қазіргі геронтология — көпсалалы ғылым, оның құрамына қартаю биологиясы, клиникалық геронтология (гериатрия), геронтопсихоло-гия және әлеуметтік геронтология (герогигиена) кіреді. “Гериатрия” терминін алғаш рет американдық дәрігер И.Л.Нашер енгізген. Оның 1914 жылы Америкада “Гериатрия: егде адамдардың аурулары және оны емдеу” атты тұңғыш кітабы жарық көрді.
Қазіргі геронтология — көпсалалы ғылым, оның құрамына қартаю биологиясы, клиникалық геронтология (гериатрия), геронтопсихоло-гия және әлеуметтік геронтология (герогигиена) кіреді. “Гериатрия” терминін алғаш рет американдық дәрігер И.Л.Нашер енгізген. Оның 1914 жылы Америкада “Гериатрия: егде адамдардың аурулары және оны емдеу” атты тұңғыш кітабы жарық көрді.
Геронтология қартаю құбылысының негізгі заңдылықтарын молекулалық және жасушалық деңгейден бастап, тұтас организм деңгейінде анықтайды. Қартаюдың даму ерекшеліктерін, емдеу және аурудың алдын алу проблемаларын зерттейді. Қартаю кезінде терінің серпімді талшықтарының және су мөлшерінің азаюынан тері жұқарып, қатпарланып, әжім пайда бола бастайды. Бұл кезде шаш ағарып, сирейді, көздің көруі, құлақтың естуі нашарлай-ды, тіс түсе бастайды. Қартаюдың бір көрінісі ретінде организмде дәнекер ұлпаларының өзгеруін келтіруге болды. Осыдан өкпеде,бауырда, жүректе т.б. ішкі мүшелерде өзгерістер туындайды. Дәнекер ұлпаның өзгерістерінен қарттарда жара мен сүйек сынықтарының бітуі жастарға қарағанда баяу жүреді. Қартаю кезінде адамның жүйке жүйесінде, ішкі секреция бездерінде, иммундық, жүрек-қантамырлар жүйелеріндеелеулі өзгерістер байқалады. Жүйке жүйесінің өзгерістерінен шартты және шартсыз рефлекстер әлсірейді, есте сақтау қабілеті бұзылады. Қарт адамдарда жыныс, қалқанша, ұйқы бездерінің, гипофиздің,
«бүйрекүсті бездерінің, айырша бездің гор-мон бөлу қабілеттілігі төмендейді. Қартаю кезінде жүрек жиырылуы баяулайды, қанайналымы төмендейді, газ алмасу процесі бұзылады. Бұл гипоксия ауруына шалдықтыруы мүмкін.
Қантамырларының серпімділігі аза-йып, оларда атеросклероз дамиды.
Адамның жасы ұлғаюына байланысты жүрек пен қантамырларының жүйкелік және гуморальдық реттеулері өзгереді. Қартаюды қалыптынемесе физиологиялық қартаюжәне ерте қартаюдеп бөледі.
Физиологиялық қартаю— адам егде тартқан жасқа келсе де, денсаулығы жақсы, ширақ, өзін-өзі күтіп, айналасына назар аударып, белсенділік көрсете алатын жағдайда болуы. Ерте қартаюдакәріліктің белгілері мезгілінен бұрын байқалады. Бұған адамның созылмалы ау-румен ауыруы немесе қоршаған ортаның жағымсыз әсері себеп болады (127-сурет). Кейінгі жылдары иммунитет жүйесі бұзылған организмде түзілген антиденелер бөгде заттарды ғана емес, қалыпты жасушалар-ды да бұзып жоятыны анықталды. Қартаюда тұқымқуалаушылық факторы үлкен рөл атқарады. Кейбір адамдардың қалыптан тыс ерте қартаюы байқалады, мұны прогериядеп атайды. Бұл сирек кездесетін тұқым қуалайтын синдромдар кездерінде байқалады. Солардың бірі — Гетчинсон-Гилфорд синдромы— балалардың аутосомдық-рецессивтік жолмен ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ауруы.
«Қартаю туралы теориялар.М.Рубнердің “Қуаттық қартаю теория-сы”(1908). Бұл теория бойынша әрбір организмнің күш беретін қоры тау-сылса, тіршілігі де баяулайды, бұл біртіндеп тіршіліктің тоқтауына, яғни өлімге алып келеді. Организмнің күш қорын жұмсауы дененің сыртқы мөлшеріне тәуелді болады, яғни организм дене сыртына жылу-ды қаншалықты көп шығарса, соншалықты энергия алмасуы белсенді түрде жүріп, оның күші тез таусылады және ондай организмдер көп өмір сүрмейді (129-сурет).
Ұсақ жануарлардың дене салмағына қарағанда оның үстіңгі бетінің көлемі үлкен, сондықтан да олар ұзақ тіршілік етпейді (мысалы, егеуқұйрық — 2-3 жыл, ит — 20 жыл, піл 80 жыл өмір сүреді).
И.И.Мечниковтің интоксикациялық (улану) теориясыбойынша қартаю құбылысы тек қана биологиялық факторға — физиологиялық, патологиялық т.б. тәуелді болып қана қоймай, сол сияқты әлеуметтік факторларға да тәуелді болады. И.И. Мечников қартаю құбылысын тек фагоцитоз ілімі негізінде түсіндірмек болды. Ол ішекте шіру құбылысын болдырмау үшін шіріту бактерияларының тіршілігіне қолайсыз орта жасау керек, сол үшін тамақтану рационына сүт өнімдерін көбірек қосу қажет деп айтқан. Академик А.А.Богомолец (1922) қартаю себептері организмдегі ұлпааралық әрекеттердің бұзылуы деп болжаған. Ол жасушалар мен ұлпалардың қоректенуін қамтамасыз ететін және реттейтін дәнекер ұлпалардың қартаю құбылысындағы маңызы ерекше деп түсінген.
Қартаю құбылысының себептерін түсіну үшін И.П.Павлов (1912) ілімінің де маңызы зор, себебі орталық жүйке жүйесі организмнің барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызметін реттеуші, басқарушы орталық болып табылады. Әртүрлі тәжірибелердің нәтижесінде И.П.Павлов жүйке күйзелісі мен ұзақ уақыт жүйкенің шаршауы ерте қартаюды тудыратын факторлар екенін анықтаған. 1940 жылы На-горный “қартаю — жасушада нәруыз молекуласының синтезделуінің бұзылуы салдарынан болады” деп болжам жасаған.
Қартаюдың қазіргі теориялары бойынша қартаю жасушаның генетикалық аппаратының бұзылуы салдарынан болады. Онтогенезбарысында нуклеопротеид кешенінің сандық және сапалық өзгерістері байқалады, ал ол тіршіліктің түпкілікті қасиеттерінің бірі — өзін-өзі жаңарту, нәруыз синтезі сияқты құбылыстардың өзгеруіне алып келеді. Қартаю кезінде гистондар мөлшері көбейеді, олардың ДНҚ молеку-ласымен байланысы қатая түседі, ал бұл көптеген гендер мен гендер кешенінің белсенді күйінен енжар күйіне көшуіне алып келеді. Бұл құбылысты Г.Д.Бердышев, В.Н.Никитин өз тәжірибелерінен байқаған.
XX ғасырдың 90-жылдары американдық ғалымдар адам организмінің “кәрілік” генін тауып, оны “клото” гені деп атаған. Бұл ген адамзаттың шамамен 25%-інде кездеседі. Ол организмде екі дана не одан да көп күйінде кездесуі мүмкін және геномда оның саны неғұрлым көп болса, адамдар солғұрлым ерте қартайып, дүние салады. “Клото” генінің екі данасы жаңадан туған нәрестелердің 3%-інде кездессе, 65 жастағы адамдардың тек 1,1%-інде ғана кездескен. Дегенмен цитологиялық және молекулалық-биологиялық зерттеулер нәтижесінде жасуша-ның не тұтас организмнің тіршілік ұзақтығын өлшеп отыратын кей-бір механизмдер анықталған. Олардың ішінен Л.Хейфликтің лимитин және оған негізделген А.Оловниковтің теломерлік гипотезасын айтуға болады.
1. Қартаю деген не?
2. Қартаю процесін зерттейтін ғылым қалай аталады?
3. Қартаю түрлерін атаңдар.
4. Вернер синдромы дегеніміз не?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет