Ер т нд лерд ң
Ерітінділердің тұтқырлығы дəрілік заттардың ағзадан босап шығу
жылдамдығына əсер етеді. Ағзаға енгізілетін ерітінділердің тұтқырлығы
қан тұтқырлығына сəйкес келуі керек. Кəдімгі қан алмастырғыштардың
кемшілігі: олардың əсері қысқа жəне шамамен 2 сағаттан кейін ерітінді
ағзадан шығады. Нəтижесінде қандағы сұйықтық күрт төмен түсіп,
артериялық қысым төмендейді.Ерітінділердің тұтқырлығын арттыру
мақсатында адам қанын, гетерогенді ақуыз, өсімдік шикізатынан алынған
жоғары молекулалы қосылыстар, синтетикалық жоғары молекулалы
полимерлер қосылады.Бұл талаптарға тұзды - сулы жəне сілтілі -
қышқылды ерітінділер жауап береді, сондықтан олар көп мөлшерде
(тəулігіне 1,5 - 2 л) енгізіледі.Осыған байланысты физиологиялық
ерітінділерді, қан алмастырғыштарды дайындаған кезде, олардың
құрамына ұқсас реттегіштер қосылады. Бұл ерітінділерге барлық басқа
шаншуға арналған ерітінділерге қойылатын талаптар: стерильділік,
тұрақтылық, апирогендік, механикалық қоспадан тазалығы қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: