Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Студенттерге арналған тапсырмалар:
|
Жауабы:
|
Элимильктің жазбалары туралы не айта аласыз?
|
Б.з.д. ХІY ғ. Угаритте канондық мәтіндер жиынтығы қалыптасқан. Осының өзінен угарит қоғамында ұзақ жылдарға созылған күресті байқауға болады. Элимильктің жазбалары бойынша, сол кездегі эпос, мифтердің қалыптасуын б.з.д. ІІІ мыңж. соңы мен ІІ мыңж. басына жатқызуға болады.
|
Угариттердің әлемге танымал шығармаларының бірі Керет туралы эпос нені суреттейді?
|
Угариттік әйгілі әдеби ескерткіштердің қатарына Керет туралы эпос жатады. Зерттеу барысында шығармада б.з.д. ІІ мыңж. Угаритті басқарған патшалықтың ұрпағы туралы жазылғаны анықталды. Мұнда Керет жоғарғы құдай Элдің баласы ретінде сипатталған. Жеткен үзінділерде Кереттің қалыңдық үшін жолға аттануы, құдайға берген уәдесі, оның орындалмауы мен Кереттің ауруға шалдығуы, науқасынан қайта айығуы мен өзінің тұңғыш баласымен тақ үшін болған күресі туралы айтылған.
|
Данэл туралы мифтер желісі туралы және оның басқа мифтермен үндестігі?
|
угариттік жазба ескерткіш - Данэл мен оның ұлы Акхат туралы әңгіме. Бізге жеткен үзінділер арқылы әңгіменің толық мазмұнын қалпына келтіру мүмкін емес. Мұнда Данэлдің Акхат есімді ұлының дүниеге келуі туралы айтылған. Данэлдің өтініші бойынша Хусар-Хасис құдайлары Акхатқа керемет садақ дайындап береді де, әйел-құдай Анат болса сол садақты иемденгісі келіп, Акхатқа көтергенінше алтын-күміс ұсынады. Садақ ерлердің қаруы болғандықтан, Акхат оған келісе қоймайды. Сонда Анат Акхатқа өз махаббаты мен құдайларға ғана тән мәңгілік өмірді ұсынады. Бірақ, Акхат оған да келісімін бермейді. Ызаланған Анат Эл құдайынан Акхатты өлтіруге рұқсатын алады. Анат Акхатты Аблама қаласының шет аймағына аң аулауға шақырады да, Анаттың Йатпан есімді көмекшісі бұғыға айналып, Акхатты жазым етеді. Содан жер бетінде құрғақшылық орын алып, Данэл ұлын 7 жыл бойы жоқтайды. Ол киімін жыртып, жаңбыр жауу үшін дұға етеді, түрлі жыртқыш құстарға жем болған баласының өліміне қатты қайғырып, бұл зұлымдықты жасауға үлес қосқандардың бәріне де қарғыс айтады. Қорытынды үзінділерде келтірілген мәтіндер бойынша, ақырында Данэлдің қызы Пугат өз ағасы үшін кек алып, нәтижесінде Анат жеңіліске ұшырайды. Акхаттың бейнесінен өлімге қатысты жоралғылар мен аңшылық туралы аңыздардағы элементтерді кездестіруге болады. Сонымен қатар құдайлар арасындағы күрестер туралы, яғни әйел-құдай мен ажалды адам арасындағы ғажайып садақ үшін, аңшылық олжа үшін күрес суреттелген.
|
Құдіретті Ваал және Анат туралы мифке тән тың дүниені атаңыз?
|
Бізге жеткен угариттік аңыз мәтіндерінде толық болмаса да, үзінді түрінде Құдіретті Ваал мен Анат, олардың күрестері, махаббаты, олардың Эл, Мот (өлім құдайы), теңіз құдайы Ашерат (Ашерат-Йам) т.б. түрлі құдайлармен күресі туралы әңгімеленеді. Мәтінде келтірілген кейбір белгілер бойынша, Құдіретті Ваал мен Анат туралы мифтер ғибадатханада орындалуға арналған.
|
Угариттік кезеңдегі қоғамның айнасына айналған мифтердің негізгі идеялық мазмұны?
|
Эпостағы Кереттің қалыңдық іздеуіне бас кейіпкердің әйелі мен балаларының өлімі түрткі болып, оның түсіне Эл құдайы еніп, Удм еліне бар деп аян береді. Кейін Керет ол елдің патшасы Пебелді қызы Машат-Хурайды әйелдікке беруіне мәжбүрлейді. Керет Эл құдайының айтқандарын бұлжытпай орындап, қызға үйленеді. Шын мәнінде, Кереттің жолға шығуы екі рет суреттеледі. Кереттің үйлену салтанаты қоғамдағы ең маңызды оқиға ретінде суреттеліп, алғашында ол Элдің өсиеті мен Креттің жорамалы, кейіннен шынайы өтіп жатқан құбылыс ретінде баяндалып, оған барлық ел қатысады. Бұл салтанат тек жеке отбасылық сипатта ғана емес, сонымен қатар өзіндік үлкен маңызға ие болған. Себебі Кереттің үйленуі қоғамға тек жақсылық пен береке әкелуі тиіс. Ал бұл жақсылық тек ел басшысының жақсылыққа кенеліп, ұрпағы болған жағдайда ғана жүзеге аспақ.
|
Хабарлаушы проза ретіндегі Каратепе жазбасына тоқталыңыз.
|
Угариттік жазушылар әрбір оқиғаға егжей-тегжейлі тоқтала бермейді. Осыған ұқсас құбылыстарды Інжілдің прозалық әңгімелерінен байқай аламыз.
Осындай проза ретінде қаратепе жазбасын алуға болады (шамамен б.з.д. 720 ж.). Бұл жазбада Азитавадда патшасының іс-әрекеттері патшаның өз атынан айтылады. Автор өз шығармаларында бас кейіпкерлерінің әрекеттері мен олардың құдіреттілігін суреттеуге басты назар аударады: «Мен, Азитавадда әкемнің тағына отырдым, барлық зұлымдықты тоқтатып, барлық патшалықтармен бейбітшілік қатынасын орнаттым. Ұшы-қиыры жоқ мықты қамалдар салып, қара ниетті жандарға тосқауыл бола алдым, нағыз патша қызметін атқардым».
|
Угариттік әдебиеттің әлем әдебиетіне қосқан үлесін қорытындылаңыз? Өтілген тақырыптар бойынша салыстыру жұмыстарын жасаңыз
|
Угариттік әдебиеттің әлем әдебиетіне қосқан үлесі орасан зор. Өзге әлем елдеріне қарағанда угариттік әдебиетте бірнеше оқиғалар сипатталады, олар бір-бірімен жалғасып, үндестік табады. . Ұқсас жері египеттік хебап рәсімінде және римдік regifuium т.с.с. көрініс тапқан. Шығармаларда параллелизм кездеседі. Тағы бір ұқсастығы барлық жырлар мен өлеңдер ескерткіштерде сақталған. Алайда кей шығармалардың аяқталмауы.
|
|
Сілтеме арқылы берілген әдебиеттермен таныстым.
Угариттік әдебиет өзге әдебиеттерден бірден-бір ерекшелігі оқиғалардағы мифтік болмыстың аздығы, шындыққа жанасуы. Өзге әдебиеттермен ұқсастығы Құдайлардың шексіз күші мен шешімі.
|
Қолданылатын негізгі әдебиеттер:
1. Көптілеуова Д. «Әлем әдебиеті», Алматы. 2011 жыл
2. Тоқшылықова Г. Шетел әдебиетінің тарихы. Алматы. 2010 жыл
3. Апенко Е.М. История зарубежной литературы ХІХ века: Учебник Москва: Проспект, 2001 жыл
http://kazorta.org/ezhelgi-ugarittik-finikijlik-debiet/
https://read.kz/426-ezhelg-lem-debietnen-lektsijalar-kursy.html
Достарыңызбен бөлісу: |