«ИНТЕРНЕТТІҢ» АНЫҚТАМАСЫ Техникалық тұрғыда «интернет» терминінің нақты мағынасы бар. Ол – бір-біріне қосылу үшін таратылымды басқару протоколы/интернет-протокол (TCP/IP) деп аталатын бірдей ережелерді пайдаланатын, бір-бірімен өзара байланысқан компьютерлік желілердің жаһандық жүйесі. Желілердің өздері цифрлық сигналдарды сымды немесе сымсыз байланыстарды қолдану арқылы таратады, көп зерттеу осы тарату құралдарының мүмкіндігін ұлғайтады, әсіресе толассыз бейнематериалдардың жылдам көбеюі дұрыс деп саналады. Оптикалық талшық, ортақ осьті кабель, ішіне мыс құйылған қарапайым еспе қосақ немесе цифрлық сигналды жеткізе алатын кез келген нәрсе желілік тасымалдаушы бола алады. Кейбіреулер интернеттің түпнұсқа дизайны икемді болғаны сонша, екі қаңылтыр құты мен ішек те бас айналдырарлық қимыл жасай алар еді деп әзілдейтін.
Әлеуметтік желілер Әлеуметтік желілер – интернеттегі ең тартымды орталардың бірі. Мұнда адамдар өз парақшасын ашып, отбасына, достарына, әріптестеріне және басқаларға қосыла алады. Бұл орталар басқа да платформалы онлайн-орталардың құрамдас бөліктерін араластырады, қабырғадағы жазбалар өзіндік үйлесімсіз пікірталас форумын және мәтін хабарламаларға ұқсас хабарламалар алмасуды қалыптастырады. Сондай-ақ олар өз психологиялық әсері бар көптеген жаңа функция қосады. Мысалы, Facebook өз парақшаңызда әсерлеріңізді, суреттеріңізді ортаға салуға, өз статусыңызды, басқаратын компанияңыздың мәртебесін өзгертуге зор мүмкіндік береді. Әлеуметтік ойындардың сілтемелері сіз бен желідегі достарыңыз үшін ойын алаңдарын құрып береді, ал мекенді анықтау қызметі сол ауданда бола қалсаңыз, кездесуге көмектеседі.
Қолданушылары видео және слайд-шоулар жүктей алатын YouTube, Flickr және Instagram сияқты контентті бірігіп қолдану функциясына ие сайттар да әлеуметтік желілер болып саналады, бірақ бағыты сәл басқаша. Мысалы, YouTube-те қолданушы белгілі бір тақырыпқа арналған арна аша алады. Ол Excel оқулықтары немесе мысық жайлы видеолар болуы мүмкін. Сосын оның сілтемесін әлеуметтік желідегі өзінің негізгі парақшасына қоса алады.
Facebook өте танымал болса да, оның сәл өзгеше функциясы және аудиториясы бар бәсекелестері көп-ақ. Мысалы, LinkedIn бизнес желілеріне көбірек бағытталған, ал Dogster үй жануарларын жақсы көретін адамдарды қызықтырады. АҚШ-тан тыс тұратын адамдар өз қажеттіліктеріне сәйкесетін және жергілікті тілді оңай қолдануға болатын әлеуметтік желі платформаларын жиі таңдайды. Мысал ретінде Бразилиядағы – Orkut-ты, Қытайдағы – Renren-ді, Ресейдегі – ВК-ны, Германиядағы StudiVZ-ті алсақ болады. Өзінің бірнеше образын басқарып отыру адамдарға қиындау, өйткені олардың әлеуметтік желісінде ата-ана және әріптестер секілді түрлі санаттағы «достар» бар.