Бөж Тақырыбы:Элементтер химиясын зерттеудегі химиялық эксперименттің әдістемесі мен техникасы
Орындаған:Алдабергенова Г
Тексерген:Мухашева Р.Ж
Жоспар:
1. Химиялық эксперимент таным көзі және тәрбиелеу құралы..
2. Химиялық эксперимент түрлері.
Химиялық эксперимент таным көзі және тәрбиелеу құралы.
Химияны оқытудағы маңызды рөлді-оқу процесінің құрамдас бөлігі химиялық эсперимент алады.
Химиялық эксперименттің негізгі қасиеті әрбір ғылыми түсінік логикалық түрде қойылған тапсырмадан көрініп,практикалық түрде меңгерілуі керектігінде.
Тану- нақты денелерді,құбылыстард,процесс,фактілерді сезіну мен қабылдаудан басталып, меңгерілу мен абстрактілуге өтеді.
Химиялық түсінік- бұл қабылдау негізінде қалыптасатын,химиялық құбылыстар мен процестердің белгілері жайындағы сәйкес біліктілік. Олардың анализі оның қасиетін тануда мүмкіндік беріп,осының негізінде химиялық заңдылықтар орнатылады.
Химиялық эксперимент-химияға қызығушылықты арттырып,өзін-өзгілікті қалыптастырады,яғни экспериментті орындау процесі кезінде оқушылар жұмыстың практикалық біліктілігіне қол жеткізіп қана қоймай,өз білімін шығармашылық түрде игеру мүмкіншілігіне ие болады.
Түрлі химиялық эксперименттерді пайдалана отырып,мұғалім теориялық білімді нақтылап,практикалық біліммен байланыстыруға үйретеді.Химиялық эксперимент оқушыларға фактілерге негізделіп,теориялық түрде алынған химиялық түсініктерді тәжірибе арқылы дәлелдеп көз жеткізеді.
Химиялық эксперимент оқушылардың ойлануын,біліктілігін арттырады,оны алынған нәтиженің дұрыстылық критерийі ретінде қарастыруға болады.Эксперимент жиі жағдайда қабылдаудың негізі болып келеді,онсыз продуктивті ойлану іскерлігі жүрмейді.Ойлауды дамытуда экспериментпен,практикамен біріге отырып, маңызды ролді теория алады.Эксперименттің жүйелі түрде жүргізілуі оқушылардың химиядан үлгерімін арттыруға мүмкіндік береді. Алынған дағдылар мен біліктіліктерін оқушылар тек мектеп қабырғасында ғана пайдаланып қоймай,сондай-ақ кейін де өздік ізденістерінде қолдана алады.