Негізгі дəрі дəрмектер тізімі: -Бекламетазон аэрозоль 200 доза.
-Ипратропий бромиді аэрозоль 100 доза.
-Кромоглиций қышқылы дозаланған аэрозоль 5 мг; капсула 20 мг.
-Сальбутамол аэрозоль 100 мкг/доза; капсула 2 мг, 8 мг; небулайзер үшін ерітінді 20 мл.
-Теофиллин таблетка 100 мг, 200 мг, 300 мг; капсула 100 мг; 200 мг; 300 мг; капсула ретард 350 мг.
-Фенотерол аэрозоль 200 доза.
-Амброксол таблетка 30 мг; сироп 30 мг/5 мл.
-Преднизолон, таблетка 5 мг; инъекция үшін ерітінді 30мг/1 мл. Буденосид 100 мг, аэрозоль.
-Ипратропия бромиді 21 мкг+фенотерол гидробромиді 50 мкг. -Сальметерол+флутиказон 25мкг/50 мкг120доза, 25/125 мкг/120 доза, 25/250 мкг/120 доза аэрозоль (ДАИ), 50мкг/100 мкг 60доза, 50/250 мкг 60 доза, 50/500 мкг 60 доза ұнтақтық ингалятор.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: -Флютиказон аэрозоль 60 доза, 120 доза (немесе олардың комбинациясы: салметерол, флютиказона пропионат, 25/50 мкг; 25/250 мкг).
-Кларитромицин 500 мг, табл.
-Спирамицин 3 млн. ЕД, табл.
-Аминофиллин инъекция үшін ерітінді 2,4% в ампуле 5 мл, 10 мл.
-Салметерол ингаляции үшін аэрозоль 25 мкг/доза.
-Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл, оның қабықшасын жабу 500 мг/125мг, 875 мг/125 мг.
-Азитромицин 500 мг, капсулы.
Ем тиімділігінің индикаторлары: - бронх обструкциясы белгілерінің басылуы;
- тұншығу ұстамаларының болмауы;
- тыныс алу функцияларының қалпына келуі;
- клиникалық-лабораторлық ремиссияға қол жеткізу.
Профилактикалық шаралар: Балаларда бронх демікпесі асқынуларының профилактикасы себептік маңызды аллергендермен қатынасты, аллергиялық емес триггерлерді жою негізінде құрылады, мүмкін болса толық элиминацияда: вирусты, бактериалды, саңырауқұлақты инфекциялар пофилактикасы; мұздауды болдырмау;
қосарланған ауруларды анықтау жəне санациялау; организмді шынықтыру; бақылау реттілігі ауру кезеңінің ауырлығына байланысты, ремиссия кезінде 6 айда бір рет, орташа ауырлықта 3 айда бір рет.
Бронх демікпесі - өршу және ремиссия кезеңдері кезектесетін созылмалы сырқат болғандықтан балалар үнемі медициналық бақылауды қажет етеді. Сонымен қатар медикаментозды терапия аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты үнемі коррекциялануы керек.
Жеңіл және орта ауырлықты ағымында жалпы тәжірибелік дәрігер және пульмонолог бақылауында жылына 2-3 рет, ауыр ағымында – 1-2 айда 1 рет
аллерголог және психотерапевт консультациясы жылына 1 рет
cозылмалы инфекция ошақтарын санациялау үшін жылына кем дегенде 1 рет отоларинголог және стоматолог бақылауы
бронхөкпе тінінде қабыну процессін анықтау үшін жылына 2 рет ЖҚА және қақырықты тапсыру
тыныс алу жүйесінің функциональды жағдайын бағалау үшін жылына 2 рет спирография жүргізілуі керек.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012).
2.http://kazmedic.kz/archives/3858