Орындаған: Ақниязова Балданай Педиатрия 17-12гр Интерн Балалардағы бронх демікпесі



бет3/4
Дата29.12.2023
өлшемі382,4 Kb.
#144957
1   2   3   4
Байланысты:
бронх демікпесі

Инструменталдық зерттеулер:  Ішкі тыныс алу функциясын зерттеу – спирометрия бронх демікпесі кезіндегі аса маңызды обструкция дəрежесін жəне обструкция қайтымдылығын анықтайды. Пикфлоуметрия – тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығының мониторингі, бронх демікпесінің жағдайы жəне ауырлық ағымының тұрақтылық көрсеткіші.

Емдеу тактикасы
Ем мақсаты:
1. Бронхиалды обструкцияны тоқтату;
2. Сəйкес базистік емді таңдау;
3. Өмір сүру сапасын төмендетуге, мүгедектікке əкелетін аурудың ауыр түлерінің алдын алуы;
4. Тұншығу ұстамаларын тоқтату;
5. Тыныс алу қызметін қалпына келтіру.
Дəрі-дəрмексіз ем: - антигендік режим; - гипоаллергендік диета; - дренаждық функцияны жақсарту жəне бронх терегін санациялау үшін массаж жəне ЕДШ қолданылады.
Дəрі-дəрмектік ем
Жасы 1-4 жас
1- қадам. Жұмсақ интермиттирлейтін демікпе.
Қажеттілік туғанда ингаляциялық қысқа əсер ететін бета-2 - агонистері.
2- қадам. Жүйелі түрдегі превентивті ем.
Ингаляциялық стероидтарды енгізу 200-400 мкг/күніне BDP немесе BUD немесе 100-200 мкг/күніне FP – ауыр түрінде мейлінше жоғары дозаны қолдану керек немесе кромогликат* немесе недокромил немесе монтелукаст тамшы түрінде күніне 1 тамшыдан 2 рет, мүмкіндігінше кортикостероидтарды қолдану керек.
3- қадам. Қосымша ем.
2- 4 жасар балаларда монтелукастты қолданып көру қажет.
5-15 жас аралығында
1- қадам. Жеңіл, интермитирлейтін демікпе.
Ингаляциялық қысқа мерзімді əсер ететін бета-2 агонисттер* қажеттілік туғанда. 2-қадам. Жүйелі түрдегі превентивті ем.
Ингаляциялық стероидтарды қосу* 200-400 мкг/күніне BDP немесе BUD немесе 100-200 мкг/күніне FP – ауыр түрінде мейлінше жоғары дозаларды қолдану қажеть (немесе кромогликат* немесе недокромил немесе монтелукаст, мүмкіндігінше, кортикостероидтарды қолдану керек). 3-қадам. Қосымша ем.
- ұзақ əсер ететін ингаляциялық бета-2 агонисттер;
- ұзақ əсер ететін ингаляциялық бета-2 агонисттердің жауабын бақылау;
- емге жақсы жауап болса – емді жалғастыру керек;
- ұзақ əсер ететін ингаляциялық бета-2 агонисттерді жоғары дозада қолдану нəтиже бергенмен де, күй-жағдай бақылау сəйкес болмаса, ингаляциялық кортикостероидтардың дозасын 400 мкг/күніне жоғарылатып, BDP немесе BUD немесе 200 мкг/күніне FP (егер бұл доза қолданылмаса);
- ұзақ əсер ететін ингаляциялық бета-2 агонисттермен емделу жауабы болмаса - ем жүргізуді тоқтату керек. Монтелукаст немесе SR теофиллин** капс. 100 мг қолданып көру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет