Байланысты: Сандық технологиялардың әдебиетті оқытуда қолдану тиімділігін бағалау НЬЮ
Орындаған: Асымакынова Д.М.
Мамандық: Қазақ тілі және әдебиеті
Тақырып: Цифрлық технологияларды қазақ әдебиетін оқытуда қолданудың тиімділігін бағалау
1.Кіріспе Қазіргі ақпараттық-технологиялық заманда цифрлық технологиялар көптеген салаларда өзгерістер еңгізу үстінде. Соның бірі білім саласы, себебі білім беру контекстінде цифрлық технологиялар дәстүрлі оқыту әдістерін өзгерту және оқушылар мен мұғалімдер үшін жаңа мүмкіндіктерді ашу арқылы білім беру процесінің ажырамас бөлігіне айналды. Мектептегі білім берудегі цифрлық технологиялардың өзектілігіне келсек, бұл технологиялар оқушыларға интерактивті, қол жетімді және тиімді оқыту үшін заманауи құралдарды ұсынады, бұл цифрлық дәуір аясында маңызды бола түсті. Қазіргі уақытта коммуникация құралы ретінде цифрлы технологиялар мұғалім мен оқушы, ата-ана арасындағы байланыс құралына айналды. Оны күнделікті қолданатын мессенджерлердің мысалында анық көреміз. Ал, сабақ барысында түрлі интерактивті және визуалды түрде сабақтарда қолданатын графикалық элементтер, сабақтың дәстүрлі ауызша және тақтаға сызу арқылы емес, дайын презентациялар арқылы жүргізіліп жатыр.
Дегенмен, осы арада, барлық пәнді оқытуда, осындай технологиялар тиімді ме, әлде кейбір пәндерді дәстүрлі немесе өзге форматта оқыту тиімдірек бола ма деген заңды сұрақ туындайды. Сол пәндердің ішінде, қазақ әдебиетін қарастырудың өзектілігіне келсек, бірінші ретте бұл пәнді оқытуды цифрлық технологиялар қаншалықты қолданып жатқандығы беймәлім, себебі көп жағдайда ол пәннің жеке өзін қарастырғанның орынына қазақ тілімен қатар алады. (Утегенова, А. Ж. 2023) зерттеуіне жүгінсек ақпараттық-коммуникациялық құралдарды, оның ішінде кейбір цифрлы технологияларды қолдану негізінен сипаттамалық тұрғыда тиімді деп айтылған. Әрі зерттеуде негізінен автордың жеке тәжірибесі мен көзқарасы ғана сипатталған соң, нақты қазақ әдебиетіндегі цифрлық технологиялар қаншалықты тиімді екендігі анықталмаған.
Алайда, жалпы әдебиетті оқытуға келетін болсақ, ғалым (Миронова, Н. А. 2023) бойынша цифрлық технологиялар әр түрлі әдеби ресурстарға, интерактивті оқу платформаларына және мәтіндерді талдау құралдарына қол жетімділікті қамтамасыз ете отырып, әдебиетті оқыту процесін едәуір байыта алады, әдеби шығармаларды терең түсінуге және оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді дейді. Бірақ та, (Әбдіқалық, К., Алиева, Ж., & Куланова, М. 2020) зерттеулері бойынша оқушыларға әдебиетті оқытуда ешқандай қосымша сандық технология құралдарын қолданбай, шығармаларды бөліп, оқып, пікірталас арқылы оқу тиімдірек деп айтылды.
Дегенмен, шет елдік зерттеулер бойынша, (Bates, A. W., & Sangra, A. 2011) еңбегінде білім берудегі цифрлық технологиялар қазіргі уақытта білім беру тәжірибесіндегі негізгі факторға айналды деп айтылады. (Clark, 2016; Prensky, 2008) зерттеулерінде цифрлық технологияларды қолдану білім беру үдерісін едәуір жақсартады деп айтылған. Бәрібір де, нақты зерттеу болмағанына байланысты келесі қазақ әдебиетін оқытуда цифрлы технологияларды қолдану тиімді ме, әлде дәстүрлі әдіс бойынша оқушыларға шығармаларды оқытып, ауызша түсіндіріп, ешбір сандық технологияны қолданбастан талқылау арқылы үйрету тиімдірек пе деген зерттеу мәселесіне нақты жауап табылмай тұр. Сәйкесінше, бұл мәселеге қатысты шешім табу үшін эмпирикалық зерттеу қажеттілігі туынадап тұр.