III- Экспоненциалды (логарифмді) өсу фазасы. Бұл мерзімде микроорганизмдер тұрақты максималды жылдамдықпен көбейеді. Сонымен қатар жасуша санының логарифмы уақытқа сызықтық түрде тәуелді болады. Бұл фазаның соңына таман катаболиттік және анаболиттік процестерінің салдарынан орта азайып, микроорганизмдердің метаболизм өнімдері жиналады. Кеңістік тапшылығы да пайда болады, өйткені жасушалар бір біріне бөгет жасайды.
IV - Өсудің бәсеңдеу фазасы. Бұл мерзімде өсу жылдамдығы төмендейді, жасушалардың шағын бөлігі өледі. Өсу жылдамдығы өлу жылдамдығынан көп.
V - Стационарлық фаза. Тірі жасушалардың саны максимумға жетеді. Өсу жылдамдығы өлу жылдамдығына тең, сол себептен тірі жасушалар концентрациясы бірқалыпты болады.
VI - Өлудің үдеу фазасы. Өлген жасуша мөлшері (өлу жылдамдығы) жаңадан пайда болған жасушалар мөлшерінен асып кетеді
VII - Өлу фазасы. Тірі жасушалар массасы айтарлықтай кемиді, өйткені ортада қоректік заттар жоқ, ал жасушалардың қор заттары таусылады.
VII
Үздіксіз культиверлеу кезінде культура белгілі бір өсу фазасында тұрақталады.
Үздіксіз культиверлеу кезінде культура белгілі бір өсу фазасында тұрақталады.
Егер культиверлеудің мақсаты продуценттің биомассасын алу болса, процессті логарифмдік фазасы тәртібінде өткізген жөн. Бұл кезде микроорганизм популяция өсуінің максималды жылдамдығын қамтамасыз ете алады.
Культураны логарифмдік фазада сақтау үшін микробты популяцияны культиверлеу хемостат немесе турбиостатта жүргізіледі.
Хемостаттағы өсу. Хемостат қоректік ерітінді тұрақты жылдамдықпен енгізілетін түтікшесі бар аппарат. Қоректікерітіндінің түсуіне байланысты одан сол жылдамдықпен микроорганизмдер суспензиясы ағып шығады. Культиверлеудің хемостат жағдайларында белгілі бір компоненттің тұрақты концентрациясы сақталады (мысалы: көміртек). Соның арқасында хемостат жағдайларында культураның тұрақты өсу жылдамдығы сақталады. Микроорганизмдер культурасы тепе-теңдікте болады.