Тамақ өнеркәсiбiнде өндiрiс үшiн бағалы қасиетке ие: ашытқыларды, сiрке қышқылды және пропионқышқылы бактериялардың таза культураларын қолданады. Соңғы кезде, екі немесе одан көп микрорганизмдердің түрлерінен тұратын көп компонентті таза культуралар қолданыс тапқан.
Ғылыми зертханаларда өнеркәсіптік микрорганизмдердің таза дақылдарын алу жұмыстары жүзеге асырылады. Мұнда оларды әр түрлi субстраттардан бөліп алып, зерттейдi, және өндiрiс үшiн ең өнiмдi, жарамды, таза дақылдарды мұражайдың топтамасында сақтайды. Микробиологиялық зауыт зертханада өндiрiстiк цикл үшiн культуралар дайындалады, оның биологиялық тазалығы, белсендiлiгі тексерiледі.
Микроорганизмдердің культиверлеу тәсілдері.
Культиверлеу тәсілі культиверлеудің түпкі мақсатына байланысты (мақсаты ретінде биомасса жинау немесе белгілі бір тіршілік әрекеті өнімін - метаболитті өндіру болып табылады).
Микроорганизмдердің культиверлеу тәсілдерінің келесі түрлерін ажыратады:
Беттік культиверлеу деп аэробты микроарганизмдерді сұйық және сусымалы орталардың бетінде өсіруді айтамыз. Бұл ретте микроорганизмдер оттегіні тікелей ауадан алады. Беттік культиверлеулеу кезінде микроорганизмдер сұйық орталардың бетінде қабыршақ түрінде өседі. Беттік культиверлеу арнайы ванналарда – кюветаларда орындалады. Әдістің кемшілігі үлкен аймақты қажет ететіндігі. Беттік культивирлеудің басты артықшылығы – ақырғы өнім концентрациясының жоғары болуы. Беттік культураларды кептіру процесі оңай әрі тез жүреді. Оларды тауарлық күйге көшіру оңай және тасымалдауға ыңғайлы. Түптік әдіспен салыстырғанда энергия шығыны үлкен емес.
Түптік культиверлеу - микроорганизмдер қоректік ортаның барлық көлемінде дами алатын сұйық қоректік орталарда жүргізіледі. Қоректік орта мен ондағы өсетін микроорганизмдердің үйлесімі культуралды сұйықтық деп аталады. Түптік культиверлеу арнайы аппараттарда –арнайы араластырғыштармен және аэробты микроорганизмдердің өсуін қамтамасыз ету үшін, таза ауа жеткізу жүйесімен жабдықталған, ферментаторларда жүзеге асырылады.Аэрация деп культуралды сұйықтық арқылы таза ауаны үрлеуді айтамыз. Барлық процесс қатаң асептикалық жағдайда жүргізілуі керек.