Мерзімді культиверлеу кезінде қоректік ортының барлық көлемін таза культурамен егіп тастайды, ол қолайлы жағдайларда, белгілі уақыт аралығында, мақсатты өнімнің керекті мөлшерін жинағанша өсіріледі. Культиверлеу жаңартылмайтын қоректік ортада (стационарлық ортада) жүргізілетіндіктен, клеткалар үнемі өзгермелі жағдайда болатынын атап кеткен жөн. Сөйтіп периодтық жүйені тұйық жүйе ретінде қарастыруға болады.
Беттік культиверлеу тек қана мерзімді(периодты) бола алады, ал түптік культиверлеуді мерзімді де, үздіксіз де әдістерімен жүзеге асыруға болады.
Мерзімді культиверлеу:
Үздіксіз культиверлеу кезінде культура арнайы аппаратта орналасады, ол жерге үздіксіз қоректік орта келіп түседі және сол жерден сондай жылдамдықпен культуралдық сұйықтық сыртқа шығарылып отырады. Микроорганизм үшін өзгермейтін орта жағдайлары жасалады, сондықтан үздіксіз жүйені ашық жүйе ретінде қарастыруға болады.
Үздіксіз культиверлеу:
Статикалық және үздіксіз культуралардың өсу заңдылықтары
Культиверлеудің мерзімді әдісі кезінде микроорганизмдер популяциясы өсудің 7 сатысынан (фазаларынан) өтеді:
I- Лагфаза. Бұл мерзімде культура жаңа қоректік ортаға бейімделеді. Ферментті жүйелер жандандырылады, нуклеин қышқылдарының мөлшері өседі, жасуша ақуыз бен басқа байланыстарды интенсивті синтездеуге дайындалады. Жасушалар көбеймейді (көбею жылдамдығы нөлге тең). Тірі жасушалар концентрациясы тұрақты. Бұл фазаның ұзақтылығы микроорганизм физиологиясына және қоректік орта құрамына байланысты.
;;;
Микрорганизмнің өсу фазалары
II- Өсудің үдеу фазасы. Бұл фаза жасушалар бөлінуі басталуымен, жалпы массасының өсуімен және культура өсуі жылдамдығының тұрақты өсуімен сипатталады. Бұл фаза әдетте ұзаққа созылмайды.