Орындаған: Бубеева. Б. А тексерген: Жақан. Ж



бет5/5
Дата22.10.2023
өлшемі0,6 Mb.
#120529
1   2   3   4   5

Химиялық әдіс

  • Химиялық әдіс (кең таралған және нәтижелі)- ратицидтер деп аталатын уларды қолдану. Олардың күшімен кеміргіштерді жоюдың 3 түрі бар:
  • 1. Уланған жемді пайдалану
  • 2. Кеміргіштер пайдаланатын су көін улау
  • 3. Кеміргіштердің індеріне, жолдарына, жиі болатын объектілеріне у себу.

Биологиялық әдіс

  • Дератизацияның биологиялық әдісі қазіргі уақытта сирек қолданылады. Тамақтан дайындалған жемдерге бактерияларды қосады және оның әсерін күшейту үшін ратицидтік летальдыққа жақын мөлшерін тағы да қосады. Әдістің кемшілігі- кеміргіштер ауырып болғаннан кейін 3-4 айға жететін мықты иммунитет алады. Сондықтан дератизацияның биологиялық әдісін жылына 2 рет 4-6 айдан кейін қайталауды ұсынады.

Камералық дезинсекция және дезинфекция

  • Дезинфекциялық камералар заттарды сенімді түрде залалсыздандырады және көпшілік жағдайда басқа әдісті қолдануға болмайтын заттарды- киімді, төсек орынды,кітаптарды және т.б өңдеу үшін қолданылады; таңу материалдарын, жүнді, қылшықты, ескі-құсқы заттарды залалсыздандыру үшін де пайдаланылады. Дезинфекция камералары емдеу және санитарлық мекемелерде, санитарлық өңдеу бөлмелерінде, жатақхана, кәсіпорындарда орнатылады. Әрбір камерада өзінің негізгі бөлімінен басқа жылу көзі, өлшеу-тексеру құралдары, дезинфекция заттарын шашырататын, желдеттіретін аспаптар болады.
  • Камерада әсер етуші агенттерді қолдануға байланысты камералардың ыстық ауалы, газдармен, формалин булы, вакуумформалинді түрлері болады.
  • Өзінің құрылысына байланысты олар тұрақты және жылжымалы болып келеді.

Дезинфекция камераларының цилиндрлік түрлері заттарды дезинфекциялау және дезинсекциялау үшін қолданылады. Залалсыздандыратын агент ретінде қаныққан су буы пайдаланылады. Қаныққан су буы бактерияларды, олардың спораларын және вирустарды өлтіре алады, әсіресе, жоғары қысыммен бірге қолданғанда.

  • Дезинфекция камераларының цилиндрлік түрлері заттарды дезинфекциялау және дезинсекциялау үшін қолданылады. Залалсыздандыратын агент ретінде қаныққан су буы пайдаланылады. Қаныққан су буы бактерияларды, олардың спораларын және вирустарды өлтіре алады, әсіресе, жоғары қысыммен бірге қолданғанда.
  • Формалин булы камералар- тік бұрышты, екі есікті қорапқа ұқсайды, әрбір тиейтін және түсіретін бөлімдерінде бөлек есіктері бар. Бұл камералар теріден, 60 градустан жоғары температурада бұзылатын аң терісінен жасалған заттарды дезинфекциялау үшін пайдаланылады. Формалин буын қолдану арқылы мақта-маталар, жүннен жасалған киімдер, төсек-орындар 80-85 градус температурада 5 мин ішінде, ал теріден жасалған киімдер, аяқ киімдер 57-59 градус температурада 30 минутта өңделеді.

Пайдаланған әдебиеттер

  • Әміреев С.Ә, Темірбеков Ж.Т. Эпидемиология. Т.1. Жалпы эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000, 47-489 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет