Орындаған: Бубеева. Б. А тексерген: Жақан. Ж



бет2/5
Дата22.10.2023
өлшемі0,6 Mb.
#120529
1   2   3   4   5

Дезинсекция түрлері

    • Алдын алу дезинсекциясы буынаяқтыларды мекен-жайларға, мекемелерге енгізбеу, адамдарды олардан қорғау, буынаяқтылардың өмір сүруіне, көбеюіне кедергі жасау үшін жасалады. Алдын алу шаралары төменгідей: батпақтарды құрғату, өзендерді тазалау, терендету, мекенжайлардың, жеке бас гигиенасын, тамақты және олардың қалдықтарын дұрыс сақтау және т.б.

Алдын-алу дезинсекция
    • Жою (ошақтық) дезинфекциясы - трансмиссивтік жұқпалы аурулар мен қышыма ошақтарында және нәжіс-ауыз механизмі арқылы таралатын жұқпалардың ошағында буынаяқтылар кездессе, міндетті түрде өткізіледі. Жою шаралары адамды қоршаған ортадағы буынаяқтыларды, олардың барлық даму сатысында және өсіп, көбейетін барлық орындарда құрту үшін жүргізіледі.

Жою(ошақтық) дезинсекция

Дезинсекцияның әдістері:

  • 1. Физикалық заттарды қолданып, буынаяқтылардан қорғануға немесе оларды біркелкі жоюға болады.
  • 2. Химиялық препараттардың күшімен буынаяқтыларды үркіту немесе өзіне тарту арқылы біразын жоюға болады.
  • 3. Биологиялық әдіс арқылы буынаяқтыларды паразиттермен залалдайды, соның нәтижесінде олар ауырады, ұрықтау қасиетінен айырылады, тіпті кейде өледі.

Дезинсекциялық шараларды жүргізуге керекті аспаптар

  • Дустыларды шаңдату, эмульсия мен суспензияларды шашу, қабырға, еден, тұрмыс заттарын жуу үшін химиялық дезинфекцияда пайдаланылатын аспаптарды қолдануға болады. Олар- су пульті, пульверизаторлар, автомакстар, шашыратқыш «Дезинфекталь», дегазация аспабы, желдеткіш, шаңдатқыш, ауа арқылы жұмыс істейтін пульверизатор «Флит», моторлы шашыратқыш «Серна» т.б
  • Егер табиғи жағдайда үлкен аймаққа дезинсекция жасау қажет болса, онда тікұшақтарды, арнайы автотранспортты пайдалануға болады.

Дезинсекция шараларды атқарушылар.

  • Буынаяқтыларға қарсы күресті негізінен дезинфекциялық станциялар жүйелері және санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың арнаулы бөлімдері жүргізеді. Өңдеудің мөлшері мен өткізу тәртібі, керекті дезинсекция әдістері мен құралдары жәндіктердің түріне, олардың санына, обьекті мен ошақтың санитарлық жағдайына байланысты анықталады және тиісті нормалық құжаттармен реттеледі.
  • Қалалық дезинфекция станциясының алдын алу бөлімшесі өндіріс орындары мен мекемелермен жасалған шартқа сәйкес олардың қаражатын пайдаланып, дезинсекция жұмысын жүргізеді. Ошақтық дезинсекция бөлімі эпидемиялық ошақтарда дезинсекция шараларын орындайды. Камералық дезинсекция бөлімінде адамдарды тексеріп, өңдеу жұмыстарын жүргізуге қажетті санитарлық бөлме және заттарды дезинсекциялайтын камералар бар.
  • Дезинфекциялық станциялар және сан-эпид. басқарманың дезинфекция бөлімдері балалар, емдеу-алдын алу мекемелерінде дезинсекцияны ұйымдастыруды және оларда санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуын қадағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет