Инклюзивті білім беру- мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті білім беру дегеніміз –балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.Инклюзивті оқыту –барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, танып білуге,үйренеді. Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді,бұл баланың өзін –өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына , өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезуіне жол ашады, осы сенімділіктерін дамыта түсуде әлеуметтік педагогтың ролі зор.Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай , ата- анасынан алшақтамай , яғни арнайы мектеп –интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай , тұрғылықты жерде білім алып, қоғам біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата –анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып , жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады. Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Педогог- ол ұстаз, енді жетіліп келе жатқан жас ұрпаққа дұрыс білім үйретуші. Кез келген мықты адамныңда ұстазы жол нұсқаушысы болады. Баланың дұрыс ойлауына да үлкен үлесін қосатын осы ұстаздардың еңбегі және жас ұрпақтан болашақ үлкен азамат шығаратын фундамент осы маман иелеріне әбден байланысты. Ата-ана болу- әр бала үшін, екі жақтан демеу беруі, әр қиын кезде қолдау білдіруі өте маңызды. Ең алғашқы былдырлап баланың тілі шыққаннан –ақ бастап өзінің өміріне жауап беретін жасқа дейін , ата-ананың тарбиесі үлкен роль атқарады. Оқушы- білі алушы, жас ұрпақ. Жас ұрпақтың саналы білімді іздемпаз адамгершілікті, мейірімді, болашаққа деген үлкен нақты мақсат қоя алатын, ел қамын жейтін азамат болуына қоршаған ортаның жайлы болғаны маңызды. Қоршаған орта деген-ең бірінші ата-ана, бауырлар, класстастар, ұстаздар мен араласатын адамдар жатады. Қоғам- жалпытұрыпжатқанмемілекеттенбасапжаныңдажүргендердіңбәріқоғамғажатады. Қоғамныңдаадамныңөмірсүруінеықпалызор.
Инклюзивті білім беру дегеніміз – жынысы, жасы, тегі, діни көзқарасы, дамуында артта қалушылығы немесе тұрмыстық жағдайына қарамастан, барлық балаларды жалпы білім беру үдерісіне толықтай енгізу және әлеуметтік бейімдеу барысында кездесетін кедергілірді жоюға бағытталған мемлекеттік саясат. Демек, бұл үдерістің нәтижесінде білім беру жүйесін толықтай өзгеріске ұшырататын тұжырымдама (концепция) жасалынады. Жалпы білім беретін мектеп мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдап, оқытуға және тәрбиелеуге дайын болуы қажет.
Жалпы білім беру жағдайларында инклюзияны дамыту үдерістерін мақсатқа сай жобалау үшін МШ балалардың инклюзивті білім алуға деген қажеттілігі туралы ақпараттық мәліметтер болуы қажет.
МШ балалардың білім алу құқықтарын іске асыруға және қоғамда сәтті әлеуметтенуіне бағдарланған білім беру жүйесіндегі өзгерістерді жобалаумен байланысты басқарушылық міндеттерді қамтамасыз етеді.
Республиканың білім беру жүйесінде әртүрлі дәрежедегі МШ балаларға толыққанды білім беру бағытында қажетті өзгерістерді жоспарлауға, МШ балалардың білім беру ортасында әлеуметтік бейімделуі мақсатында қамсыздандыруды бағалауға, отбасының білім беру қызметтеріне және білім беру шарттарына деген қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Егер таяу арада жалпы білім беру мектептеріне баратын мүмкіндіктері шектеулі балалардың және олардың ата-аналарының білім алу қажеттіліктерінің қандай екендігі және мұндай қажеттіліктерді қаншалықты қанағаттандыруға бағытталғаны анықталса, онда мүмкіндіктері шектеулі балаларды қоғамға ықпалдастыру үдерісі табысты болар еді.
Денсаулығында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды (мүгедектерді) қоғамға ықпалдастыру үдерістерін зерттеу, әлеуметтік ғылым міндеттері құрылымында аса маңызды міндеттер қатарына жатады. Бұл үдерістің өзектілігі мен мәнділігі, ықпалдаудың әлеуметтік дамуда алатын орнымен қатар, мүгедектердің әлеуметтік жағдаяты ерекшелігімен де анықталады.
Мүгедектердің шығу тегі, әлеуметтік жағдайы, физикалық немесе зияткерлік ресурстарына қарамастан, барлық құқықтарының теңдігі қоғамның, адамдар арасындағы, қауымдастықтар ішіндегі және қауымдастықтар арасындағы қарым-қатынастар мен өзара әрекеттерді заманауи ұйымдастырудың базистік принципі болып табылады.
Адам басқа жеке тұлғалармен бірдей тең құқықтарға ие болады және осы аталған эгалитаризм мемлекеттің барлық заңнамалық құрылымдары негізінде қорғалып, осы қоғам мүшелерінің қоғамдық сана-сезімі арқылы қолдау көрсетіледі.
Олардың әлеуметтік шынайы өмірде әлеуметтік тіршілік етуіне қатты әсер ететін теңсіздіктер басым сезілетін болғандықтан, жеке тұлғалардың тең құқығын айрықша қорғау қажет болады.
Қоғамға түрлі әлеуметтік топтарды ықпалдау бойынша мақсатты бағытталған іс-әрекеттердің қажеттілігі де, осы топтардың бірқатар себептер бойынша қоғамда әлеуметтік шығарып тастау, эксклюзия, яғни қандай да бір тәсілмен шектеледі, әлеуметтік өмір жиегіне ығыстырылады, кемсіту мен оқшаулауға ұшырауымен анықталады.
Мұндай топтар қатарына денсаулығының мүмкіндігінің шектеулі болуы, осы қоғамға тән іс-әрекет түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін мүгедектер жатады.
Қалыпты өмір сүру, қалыпты әлеуметтік тіршілік ету мазмұны мен құрылымы түсінігі тарихи құбылмалы. Тиісінше, жеке тұлғаға оның физикалық, психикалық және интеллектуалдық денсаулығы жағдайының ерекшеліктерімен таңылатын шектеулер туралы түсінік пен денсаулықтың шектеулі болуымен шартты болатын әлеуметтік-құқықтық ахуал ретіндегі мүгедектік туралы түсінік те әрбір тарихи формацияда түрліше болады.
Осының салдарынан, мүгедектердің дезинтеграциясына және интеграциясына байланысты түсініктер аясы да, осы аталған зерттеуге - заманауи ресей социумына қатысты қолдануда әрбір қоғамның нақтылы-тарихи жағдайларына негізделген. Мүгедектерді қоғамға толыққанды ықпалдастыру, оларды барлық басқа индивидтермен теңдей құқықтармен және мүмкіндіктермен қамтамасыз ету қажеттілігі, тек гуманистік идеялар кешенімен, заманауи қоғамның демократиялық сипаты туралы түсінікпен (жағымды әлеуметтік мотивация) анықталып қоймайды, сонымен қатар, керағар әлеуметтік мотивация факторларымен де анықталады, себебі, қазіргі әлеуметтік орын алып отырған диспаритеттердің (мүгедектер үшін олардың формальдық тең құқықтарын іске асыру мүмкін еместігін де қоса алғанда) заманауи тәртібін сақтау мен жаңғырту, әлеуметтік орта құлдырауының, халық өмірінің деңгейі мен сапасының төмендеуінің басты себептері болып табылады.
Сонымен, әлеуметтік процестер ретіндегі әлеуметтену және бейімделу биологиялық (физиологиялық), психикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерден тұратын адам әлеуетіне және сыртқы жағдайларға, олардың қабылдаудың толықтығына байланысты. Қабылдау мен әлеуметтік ықпал етудің шектелуіне әкеліп соғатын, жеке тұлғаның әлеуетті мүмкіндіктері бұзылған жағдайында әлеуметтену мен бейімделуде ауытқулар байқалады. Әлеуметтік оңалту – әлеуметтік қызмет ету (әлеуметтену) және әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктерін жасауға (қалпына келтіруге) бағытталған іс-шаралар қажеттілігі пайда болады.
Мүгедектерді ықпалдау тек «әлеуметтік тиімділік» (шиеленістерді тиімді шешу, трансакцияларды азайту, оңтайлы басқару) механизмдеріне негізделіп қоймайды, сондай-ақ қауымдастықтың құндылықты нормалары мен қағидаларын мойындауына, кейбір маңызды негіздемелері бойынша ықпалдастырылған әлеуметтік субъектілердің сәйкестілігін ұғынуға негізделеді.
Мүгедектерді толыққанды әлеуметтік ықпалдау бүкіл қоғаммен алдын ала жасалатын жалпы әлеуметтік шаралар мен күштерге байланысты болумен қатар, мүгедектерге тиісті кәсіби және қоғамдық институттармен ұсынылатын әлеуметтік шаралар мен оңалту көмектеріне, сондай-ақ әлеуметтендіру және ықпалдау ресурстарын меңгеруде белсенділік танытатын мүгедектердің күш-жігеріне байланысты болады.
Отандық және шетелдік әдебиеттерде «интеграция» ұғымын және мүгедектерді қоғамға ықпалдау процестерін зерттеудің заманауи жағдайын теориялық қарастыру нәтижесінде осы аталған феномендерді социологияның түрлі бағыттарында түсінудің арнайы ерекшеліктері анықталған. Жүргізілген талдау осы проблеманы тексерудегі біздің зерттеу көзқарасымызды белгіледі.
Мүгедектердің өзін-өзі сезінуіне баға беруге негізделген, мүгедектерді ықпалдастырудың микро және мезотоптық артықшылығы бойынша түсініктемесі осы ауқымдағы әлеуметтік процесс мәніне жауап бермейді. Барлық күрделі құрамды әлеуметтік нысандар, соның ішінде, қоғам, жалпы төмен дәрежедегі қауымдастықтар жататын, әлеуметтік организмдер үздіксіз интеграция – дезинтеграция процесінде болады және де әлеуметтік дамуды құрайтын осы бөліктер мерзімімен бір-бірімен ауысуы мүмкін, не болмаса бір мезгілде жүргізіліп, жүйенің әр түрлі элементтеріне қатысты болуы ықтимал. Ықпалдастық, оның аяқталуы бойынша әлеуметтік жүйе қайшылықсыз үйлесімде тоқтап қалатын, бір бағытты, телеологиялық тренд болуы мүмкін емес. Әлеуметтік даму барысында дифференциация мен дезинтеграция процестері қайтадан өзгеріп, жанданады, сондықтан да тірі әлеуметтік ағза үшін қайта жаңару мен тереңдеу бірлігі де үздіксіз болады.
Мүгедектерді ықпалдау тарихи өзгергіш және қоғамдық ілгерілеудің әрбір сатысында қайта туындайтын бөліну, оқшаулау, эксклюзия процестерін еңсеруге бағытталған.
Сондықтан осы әлеуметтік бірліктен объективті және субъективті табиғаттың бүлдіргіш элменттері бөлетін, денсаулығында мүмкіндіктері шектелген адамдардың енгізілуімен жүйелі жіне аяқталған болуы мүмкін, әлеуметтік ағза бүтіндігінің орнын толтыру процесі ретінде қарастырылуы тиіс, «мүгедектерді ықпалдау» ұғымының мәнін нақтылау, қоғам мен оның жалғыз элементі арасындағы өзара қайшы қатынастардың аяқталуын, әлеуметтік тұтастық барлық бөлігінің абсолютті және толық ықпалдастырылуына қол жеткізу мүмкіндіктерін білдірмейді.
Ықпалдастықты тұтас түсіну мүгедектерді ықпалдастыруды қамтамасыз етуге және өзекті түсініктер аясында оларға лайықты өмірді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын, әлеуметтік саясат дайындаудың негізін қалыптастырады. Қарым-қатынастың мағынасы, мәдениеті Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет тәрбиелілік – осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық қатігездік тұрпайылық сыйламсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал, егер тілек, өзара сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке даралығы, бір-біріне ұксамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір кедергісі қабылдаудың стереотиптілігі. Кейбір адамдар басқаларды терең білмей өз ойларын айта салады. Мысалы; ол – дәрігер, ол – сатушы, сонымен бәрі түсінікті, себебі олардың моделі, шаблоны бейнесі сол адамға беріледі. Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік қайталанбас жеке даралық көріінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер әсер етеді. Қарым-қатынас басқа да іс-әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен аяқталады Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады. Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және өзінің образы. Өзара қарым-қатынас қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді. Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: жеке даралық әрекет тәжірибесі және қарым-қатынас тәжірибесі бала дамуындағы шешуші фактор – баланың өзіне қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат алады. Қарым-қатынаста адамдар өзін-өзі және басқаларды тану қажетттілігін қанағатандырады. Өзін-өзі тану және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты [2, б. 84-95].
Қарым-қатынаста адамдардың әлеуметтік қатынасы жүзеге асады. Қарым-қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағын қарастыруға болады. Коммуникативті жағы, мұнда – қарым-қатынас адамдар арасындағы ақпарат алудан тұрады; интерактивті жағы – адамдар арасындағы өзара әсер етуді ұйымдастырудан тұрады; перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түскен адамдардың бір-бірін қабылдау негізінде өзара түсінушіліктің пайда болуы.
Коммуникация ортақ түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу. «Коммуникация» терминін латын тілінен аударғанда, «жалпы, барлығымен бөлісу» дегенді білдіреді. Егер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да болмайды. Коммуникация жетістігін білу үшін, кері байланысты білу керек, яғни адамдар сізді қалай түсінді, қалай қабылдады тағы сол сияқты сұрактарға жауап берілуі тиіс. Коммуникациялық компентенттілік – адамдармен керекті контактіні құру және ұстай алу қабілеттілігі. Коммуникативті қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшелінеді [3, б. 393-401].
Рухани, жеке адам аралық достық қарым-қатынас – мұнда кез-келген тақырыбта әңгімелесуге болады және тек ғана сөзбен емес, бір-бірін бет әлпеті, қозғалысы, интонациясы арқылы-ақ ұғады. Мұндай қарым-қатынас егер, қарым-қатынасқа түсушілер бір-бірінің көзқарасын, қызығушылығын жақсы білсе ғана жүзеге асады.
Қарым-қатынастың көп қырлығы және көп сапалығы. Бұл тұрғыдан алып қарайтын болсақ, қарым-қатынас адамдардың бір-біріне қатынасы, ақпарат алмасуы. Жеке адамның өзара қатынас аспектісі – бұл құбылыстың бір ғана компоненті. Адамдық қарым-қатынастың ғылыми-технологиялық революцияның әсерінен ең кең тараған формасы – рухани коммуникация.
2.Қарым-қатынас мәдениеті.
Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердің бірі-келешек ұрпақтың рухани дамуы. Бұл бағытта Елбасы Н. Назарбаевтың ұлттық рухани дамудың кең көлемді мэселелерін екшей келе «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ мегзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» дегеніне сүйене отырып қазақ жастарын эстетикалық талғамы жоғары, мәдениетті, ізгілікті, сезімтал, өнер сүйгіш етіп қалыптастырудың маңызы ерекше.
Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз – тұлғаның адамгершілік сана-сезімін, іс-әрекетін қалыптастырып, құндылық бағдарын айқындайтын процесс. Мәдени қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал ететін қасиеттер: Мәдени қарым-қатынасты қалыптастырудың негізгі аспектілері: -адамгершілік -идеал -этикалық норма -моральдық ізгілендіру -этикалық бағалауы.
Мәдени қарым-қатынасты қалыптастыру жолдары: -гуманизм -шыншылдық -борыш -жауапкершілік -шығармашылық -қайрымдылық -көпшілдік адамдарға деген мейірімділік -сыйласымдық; Мәдени қарым-қатынаста мінез-құлықты қалыптастыру: -этикалық норма -адамгершілік қасиетті қалыптастыру -шындықты айту -біреуге жамандық жасамау - қорғау. Жалпы «адам жолында екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы ағыстар бар. Бір ағыс - қаталдыққа жетелесе, екіншісі- мейрімге талпынады», – деген Леккидің сөзінде үлкен мәні бар. Рух – адам боыйндағы күш –қуат. Ол қуат барлық жақсы қасиеттермен бірге жасайтын игі істердің қайнар көзі. Рухани бай адамның бойында ғана гуманистік қасиеттер кездеседі. Мәдени қарым-қатынас тәрбиесі - адамға заң, әлеуметтік, адамгершілік және саяси жағынан өзін кәдеге жарамды сезінуге мүмкіндік беретін жеке тұлғаның интегративті қасиеті ретіндегі азаматтық құлқын қалыптастыру. Мәдени қарым-қатынас тәрбиесі - адамның таным қабілетін дамытып, ер жетіп, есеюіне, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тірбиенің негізгі жолы. Сондай-ақ, іс-әрекетін бағыттап, сана–сезімінің дамуына ғылым негіздерін меңгеруіне бағыт, бағдар беріледі. Мәдени қарым-қатынас тәрбиесінің қуатты құралы –тіл. Ой тілсіз дамымайды. Тіл мен ойдың бірлігі – ақыл–сананың дамуына мүмкіндік туғызады. Қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуында сөйлеу мәдениеті ерекше орынға ие. Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің бейнесі жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамның тұлғалық бейнесін оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. қарым-қатынас мәдениетіндегі сөйлесу мәдениетіне ерекше мән беріледі. Адам иманына тілдің, сөздің тигізетін ықпалы үлкен. Ислам мәдениетінде тіл ілімі, сөйлеу мәдениетіне ерекше жауаптылықпен қарайды. Тілдесу мәдениетін бағалай білетін халқымыз: “Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар” деп сөздің маңызын тани білген. Адамдар қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасауы әрбір адамның өзінің жан дүниесін, ізгілікті сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Адамгершілік ұғымы ізгілік, адамдарды сүю, жақсылық жасау, жанашыр болу- адамгершіліктің белгісі.«Қарым-қатынас» мәдениеті дегеніміз-мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, адамгершілік сезімді дарыту және дамыту. Қарым-қатынас мәдениетінің мазмұнын анықтауға тіл, табиғат мәдениет, этникалық психология. Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің “Алтын қорына” өлшеусіз үлес қосқан энциклопедист-ғалым Әл – Фараби бабамыздың педагогикалы мұрасы асыл қазына. “Бақытқа жету жолдары”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары” атты трактаттары зерттеліп отырған мәселенің шешімін табуда орны ерекше десек қателеспейміз. Себебі әл – Фарабидің педагогикалық жүйесінің іргетасы оның адам туралы ілімі, оның гуманистік, ізгілік қасиетке баулу мәселесі, яғни біз талдап отырған қарым-қатынас мәдениетіне тікелей байланысты. Ол: “Адам алдымен алғашқы жаратушыны мойындау, аспан әлемінің және табиғат құбылыстарының заңдарын білу, өзінің және басқалардың жандүниесін түсіну, мемлекеттік және саясат ғылымдарын меңгеруі тиіс”, - деп атап өтеді. Әсіресе, “өзінің және басқалардың жандүниесін түсіну” дей отырып, қарым-қатынас мәдениетінің маңыздылығын көтереді. Әл-Фарабидің адамгершілік-этикалық тұжырымдамасының негізі – адам өзі қабылдаған білімі мен білігі, мәдениеті негізінде бақытқа жету, қоршаған дүниеде жан-жақты жетілуі. Ол “Бақытқа жету жайында” деген трактатында: “Мінезділік – бақытты болудың басты шарты. Кейбір адамдар қолдағы бақытынан оп-оңай айырылып қалады, тіпті бақытсыздыққа ұшырайды. Оны мұндай күйге түсіретін оның нашар мінезі” – дейді. Яғни мұнда мінез-құлық мәдениетінің маңыздылығын баса көрсетеді деп түсінуге болады. Сонымен қатар, Әл – Фараби: “адамды өз мінезіндегі теріс қылықтарды жеңуге үйрету және оң әдеттерді қалыптастыруға қабілетті ету, ол үшін адамға жас кезінен этикалық тәрбие беру арқылы жетуге болады”, - деп қарым-қатынас мәдениетін ерте кезден-ақ бастау қажеттігін айтып кеткен.