Орындаған: Елемес Гүлфайруз Ергешбайқызы


Жұмыстың орындалу әдістері



бет2/8
Дата12.05.2023
өлшемі186,39 Kb.
#92737
1   2   3   4   5   6   7   8
Жұмыстың орындалу әдістері: Ғылыми еңбектердің мазмұнымен танысу, талдау, тілдік-теориялық жақтан бағалау, жинақтау, қорыту,тұжырымдау.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..................................................................................................................4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жұбановтар мұрасы –ұлттық жаңғырудың қайнар көзі
1.2 Күллі қазақ мақтанышына айналған Жұбановтардың өскен ортасы, әке тағылымы, ғылымға бет бұруы................................................................................6
1.2. Ұлттық жаңғыру ұғымының Қ.Жұбанов еңбетерімен байланысы.............9
2.3.Ахмет Жұбановтың еңбектері – ұлттың ұлттық болмысын танытатын қайталанбас шығармалар........................................................................................16
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………......................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ………………………………….....................22


К іріспе
ХХ ғасыр басы қазақ қоғамы үшін ғылымның қарыштап дамуына жол салды. Аумалы - төкпелі дәуірдің қиындығымен қоса, қазақ мәдениеті мен ғылымының дамуының нағыз бастау бұлағы ХХ қасырдың 20-30 жылдарынан басталады. Алаш ардақтылары А.Байтұрсынұлы , Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов., Мұстафа Шоқай, т.б қатар Ақтөбе өңірінің тумасы Қ.Қ.Жұбанов та сол бастау бұлақтың басында тұрды. Қысқа ғана 39 жыл ғұмырында артына өшпес мұра қалдырған Құдайберген Жұбановтың орны - қазақ ғылымының қай саласында да құнды. Академик Ә.Т.Қайдаров Құдайберген туралы: «Сол қысқа мерзім ішінде оның филологияға қосқан теориялық–тарихи және практикалық шарапатты үлестері қазақ тіл білімінің барлық салаларына игі әсер етті»[1.10]-деген екен. Өзінің замандастары, үлкен ғалымдардың өзі оның тума таланты мен дарынының алдында бастарын иген. Заман көшінен қалмай, аз ғана ғұмырында өшпес-өлмес мұра қалдырған Құдайберген Жұбанов – қазақтың тіл ғылымы саласындағы жарық жұлдызы болса, інісі Ахмет қазақ музыка өнерінің дамуына зор үлес қосты десем, артық айтқандық емес шығар.
Зерделеу жұмысында ғылым мен музыка өнерінде үлкен жетістікке жеткен, күллі қазақтың мақтанышына айналған Жұбановтардың өнегелі өмірін үлгі еткім келді. Сондықтан да «Жұбановтар мұрасы – ұлттық жаңғырудың қайнар көзі» деген тақырыпты таңдай отырып, осы тақырыпты жан-жақты зерделеуді жөн санадым. Мұндай шешімге келудің де өзіндік себебі бар. Өйткені біріншіден, Жұбановтар - ғылыми еңбектерімен артында өшпес мұра қалдырған дара тұлғаларымыздың бірі. Жұбановтар көзі тірісінде-ақ халық ықыласына бөленген жандар, өйткені олар құнды тарихи шығармаларымен, зерттеу еңбектерімен, тәуелсіз еліміздің келешегіне барынша үлес қосқан ғалымдар, Ахмет қазақ музыкасының ғылыми дамуына ат салысқан майталман;
Екіншіден, «Жұбановтар мұрасы -ұлттық жаңғырудың қайнар көзі» де болды. Құдайберген тіл, әдебиет ғылымының дамуына қадау-қадау еңбектер қосса, Ахмет қазақ музыкасының классикалық алтын дәуірі шығармаларын зерттеді, нотаға түсіріп, әлем халықына паш етті, қазақ операсының негізін салды. Ғазиза болса, қазақ операсын онан әрі дамыта отырып, опера өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Жұбановтардың шығармалары мен еңбектері несімен құнды? Жұбановтар мұрасының ұлттың рухани жаңғырудағы орны қандай? Жұбановтар еңбектерінен өскелең ұрпақ нені үлгі етуі керек? Олардың өшпес мұрасының ғылымдағы орны қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет