Философиялық ой-пікірдің Ресейде дүниеге келуі XI ғ. басталып, негізінен, христиандық дінді қабылдаумен байланысты болды. Осы уақыттан бастап Ресейдің ойшылдары өз мемлекеттерінің Құдай нұрының шапағатына қатысты екенін негіздей бастады. Алғашында ойшылдардың ой өрісі адамның жүріс-тұрысын ретке келтіретін мақал-мәтел, нақыл сөздерге, соңынан православие дінінің бүкіл адамзат цивилизациясының дамуындағы ерекше орыны негіздеуге бағытталды.