Жаңа туған нәрестенің қанының меншікті салмағы аздап жоғарырақ 1,060-1,080 кг/м3. Сәбидің өмірінің алғашқы айында ол 1,050 кг/м3 шамасына дейін төмендейді де кейіннен қайта көтеріліп ересек адамдікіндей болып, өмір бойы сол мөлшерде сақталады. Қанның тағы да бір физикалық қасиеті - оның тұтқырлығы. Қанның тұтқырлығын судың тұтқырлығымен салыстырады. Судың тұтқырлығы 1-ге тең деп алынса, жаңа туған сәбидің қанының тұтқырлығы алғашқы күндері 10,0-14,8 болады. 1-ші айдың соңында ол 4,8 дейін төмендеп шамамен тұрақты болып, осы күйінде сақталады. Оның ауытқуы онша көп емес, алғашқы 1 жаста орта есеппен 4,6, 1-3 жасқа дейін 4,57, 3-15 жас арасында 4,61 шамасында болады. Дегенмен 8-11 жас арасында ғана қанның тұтқырлығы айтарлықтай 2,9-дан 5,5-ке дейін (орта шамамен 3,9) ауытқиды деген мәліметтер кездеседі.
Қан жасау және иммунды жүйенің мүшелері
Қан жасау және иммунды жүйенің мүшелері
Орталық мүшелер Қызыл жілік майы
Тимус
Шеткері мүшелер Көкбауыр
Лимфа түйіні
Аппендикс
Бадамша бездер
Мезобласттық кезең
Мезобласттық кезең
Қан жасушалары алғаш рет 19 күндік эмбрионның сары денешігінің мезенхимасында анықталады. Мезенхималық жасушалар дөңгеленіп, өсінділері жойылып дің жасушаларына айналады. Дің жасушаларының бір бөлігі біріншілік эритробластыларға айналадаы. Оларды көлемінің үлкендігіне байланысты мегалобластылар деп те атайды. Мегалобластыларда эмбрионалды гемоглобин жиналады, олардың бір бөлігі ядросынан айырылып біріншілік эритроциттерге айналады. Сары денешіктің қабырғасында аз мөлшерде гранулоциттер түзіледі. Эритроциттердің дамуы біріншілік тамырлардың ішінде – интраваскулярлы жүреді. Гранулоциттер экстраваскулярлы түзіледі. Сары денешіктегі гемопоэздің белсенділігі 6 аптада бәсеңдейді де, 4 айға қарай аяқталады.
Эмбрионалды және постэмбрионалды гемоцитопоэз Сурет 1. 8 күндік ұрықтың қан тамыры 1-мезенхима 2-біріншілік қан жасушалары 3-эндотелий 4- түзілген гемоцит