Вестник ПГУ №1, 2010
38
ЛИТЕРАТУРА
1. Рыжова Л.П. Пресуппозиционный аспект обращения // Семантическая
семантика и прагматика. – Калинин, 1982.
2. Муртазаев Ш. Фронт без оружия. -А., 1990.
3. Снегин Д. Утро и два шага вперед. -А., 1987.
4. Копыленко М.М., Ахметжанова З.К. Казахское слово в русском
художественном тексте. -А., 1990.
5. Саина Т.С. Возраст и двуязычие. -Русский язык в школе, 1982,№2.
Түйіндеме
Маќадала вокатив – ќаратпа сөздері лингвопрагматикалыќ аспекте
ќарастырылады. Орыс және ќазаќ көркем шығармаларының мысалдарында
коммуникативтік актінің ұлттыќ ерекшеліктеріне байланысты ќаратпа
сөз – вокативтерінің классификациясы ұсынылады.
Resume
The article considers vocative addresses in a linguo-pragmatic aspect.
The author proposes a classification of vocatives in dependence on the na-
tional peculiarities of a communicative act by the example of belles-lettres
works of Russian and Kazakh writers.
ƏОЖ -001.4
С.МӘУЛЕНОВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ГРАДАЦИЯЛЫҚ
ТЕҢЕУЛЕР ҚОЛДАНЫСЫ
А.Х. Бекбосынова
Академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-
техникалық университеті, Қостанай қ.
Ақын-жазушылар өз шығармаларында суреттеп отырған оқиғаны
шығарма идеясына байланысты бірде асыра суреттесе, бірде құлдырата
суреттеп отыратыны белгілі. Бұл амал -тәсілдің алғашқы үлгілері
ауыз әдебиетіміздегі шығармалардан бастау алады. “Градация – тілдік
хабарламаның ақпараттық – мағыналық реңкін күшейте түседі. Бұл
стилистикалық айшықтың екі түрі ажыратылып көрсетіледі: бірі – ұлғаймалы
градация, екіншісі – бәсеңдеулі градация”[1,259]. Ал “...бір теңеулік
конструкцияның ішінде немесе образды ойдың бойында бірнеше теңеу
болып, ол теңеулер суреттелміш заттың не оқиғаның қасиеттерін бірте-бірте
асырып, немесе бірте-бірте кемітіп, соның нәтижесінде оған бейнелі сипат
беріп, көркемдік ажар үстесе, онда мұндай теңеуді градациялық теңеулер
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
39
дейміз”[2,143]. Ақын өлеңдеріндегі градациялық теңеулерде жалпылама
ұғымның нақты сипат алуы жиі кездеседі.
Жиырма бес жанып тұрған жалындайсың,
Теңізде алып қашқан ағындайсың.
Жас өмір жарқыраған жақсы күні,
Жалт етіп өтер болсаң табылмайсың [3,83].
Ақын танымында “жастық” концептісі жанып тұрған жалын, теңіздегі
ағып қашқан ағынмен салыстырылған. Ұлғаймалы градациялық теңеу
жасауға екі образ негіз болған.
Сонымен бірге “Градация – мәтіннің интонациялық және мағыналық күш
беру жағынан мәтінге ерекше рең беретін құбылыс”[1,259]. Бұл жағдай теңеу
затына бірнеше образ ортақ болған кезде байқалады және теңеулік құрылымдағы
әр мүшеге ерекше интонациялық күш түседі, көбіне соңғы теңеулік құрылым
алдыңғы бар ойдың түйіні болып келетінін байқауға болады.
Өлең жолдары –
Тал шыбықтай.
Өлең жолдары –
Таңғы шықтай.
Өлең жолдары–
Ақша қардай.
Өлең жолдары –
Бақшалардай.
Өлең жолдары –
Шың биігі,
Теңіздердің тұңғиығы
Заулап қашқан
Қыр киігі.
Өлең жолдары –
Көз жасындай
Өлең жолдары –
Көк жасындай
Өзі қорғасыннан
Терілгесін
Өлең жолдары –
Қорғасындай
[4,16].
Ақын жанына жақын өлеңнің белгісін көрсету үшін жеті теңеу қолданған
және теңеудің сипатталушы мүшесі ретінде бір ғана -өлең жолдары тіркесі
алынған. Градациялық теңеуде өсу әдісі қолданылған. Ақын танымында өлең
жолдары әртүрлі қасиетке ие болып, бір өлеңнің қасиеті барынша ашыла түскен.
Градациялық теңеуде белгі ашық көрсетілмеген, бірақ теңеудің образынан
теңеу белгісінің қандай сөз екенін ұғынумызға болады. Алдыңғы теңеулік
Вестник ПГУ №1, 2010
40
құрылымдағы ой келесі құрылымдағы оймен жарыса байланысқа түсіп, нағыз
бейнелі теңеу жасалған. Ақын өлеңдеріндегі градациялық теңеулердің бейнелілік
қасиеті өзге теңеулерге қарағанда әлдеқайда жоғары.
Жаратамын қашаннан
Жас ормандай сөздерді.
Мәңгілікке жасалған,
Тас қорғандай сөздерді.
Жүректей күшті сөздерді,
Тілектей ыстық сөздерді.
Сәуледей нұрлы сөздерді,
Көздердей сырлы сөздерді
[5,72].
-деген өлең жолдарында бір ғана теңеу заты болып тұрған – сөзге алты
теңеу образы алынған. Ақын танымындағы сөз – ең жақсы, адам жанын
жадырататын, адамға күш-қуат беретін сөз. Ақын қолданған градациялық
теңеулерден бейнеленіп тұрған зат пен құбылыстың бар қасиеті нақтыланып,
нағыз бейнелі суретті көргендей әсер аламыз. Мысалы, ақын танымындағы
“өмір” концептісі өсу әдісі арқылы былай бейнеленген.
1. Сығырайды үміт әлсіз жанған шырақтай,
Талпындым саған жағаға төнген құрақтай.
Денеме ептеп өмірдің қаны тарады
Бұдыр тастардан көз тауып шыққан бұлақтай [6,36].
2. Өз айындай даланың, өз күніндей,
Жылдам аққан жылдың төрт мезгіліндей,
Арасында жылдардың өшті ауылдар,
Зуылдады замандар көзге ілінбей [6,85].
3. Мен енді ауруға да алаңдамай,
Тартылам биіктерге бағандардай.
Керілем жағаларға көпірлердей,
Толқимын адам толы алаңдардай
[6,177].
Ақын қолданысындағы “соғыс” концептісі мынадай градациялық
теңеумен берілген.
Сол сәтте өзен өксіп жылағандай,
Сол сәтте аспан жерге құлағандай,
Сол сәтте көк ормандар тұра қалды
Қанды өртте жанып жатқан тірі адамдай [7,231].
Ал “уақыт” концептісінің тілдік көрінісі градациялық теңеумен былай
бейнеленген.
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
41
Көшті күндер көлдей толқып,
Көшті күндер қарлы бұлттай.
Көшті күндер желдей жортып,
Көшті күндер таңғы шықтай [8,378].
Градациялық теңеулердің көпшілігі адам образын бейнелі түрде көрсету
мақсатында жұмсалған. Мысалы, ақын өлеңінде “сұлулық” концептісінің
тілдік көрінісі былай суреттеледі.
1. Үлбірейсің гүл секілді үзіліп,
Сөйлейсің сен сыпайы жай сызылып.
Көгілдірдің жүзгеніндей жүрісің
Талай көздер талды-ау саған сүзіліп [7,353].
2. Қолаң шашың тал шыбықтай өрілген,
Қара қасың айдай жаңа көрінген.
Аппақ күлкің ақ сәулелер секілді
Ашық аспан омырауынан төгілген [7,353].
3. Қара көзің күн секілді
Құйған маған ақ нұрын
Ернің қызыл гүл секілді
Жұтқан дала жаңбырын.
Жүзің аппақ жаңа туған
Аспанның пәк айындай.
Бойың зифа жаратылған,
Қырдағы ақ қайыңдай.
[4,95].
Градациялық теңеудің құрылымына қазақ танымына барынша жақын атаулар
негіз болған. Мысалы, қолаң шаш – нағыз әдемі, қалың шаштың эталоны, ал қара
көз -әдемі көздің эталоны, оны кейде ботакөз деп те атайды. “Қолаң –«ағаш» сабы
бар, аттың қылынан тығыз түптеліп жасалған маса, шыбын қорығыш, «масадан
қорғанатын құрал». Қолаңнан тығыз болып, есіліп тұратын сапасы қалың әрі
жібектей сусып тұратын шаштың бейнесіне негіз болған”[9, 55].
Немесе, “махаббат” концептісінің тілдік көрінісі мынадай градациялық
теңеумен берілген.
Сағындырдың
Жаумаған жауындай.
Алыстадың,
Алып қашқан ағындай.
Алдарқаттың,
Айнымалы сағымдай.
Вестник ПГУ №1, 2010
42
Жатырсың іште
Алай-түлей дауылдай
[8,162].
Әсіресе қара күштің иесі Қажымұқанның сом бейнесін беруде
қолданылған градациялық теңеулердің бейнелілігі айрықша.
1. Тастарды тастарға ұрған түйір көрмей,
Тұп-тұтас жұдырығы диірмендей,
Тоқпақ сан, шомбал кеуде, шор-шор иық
Тұтқасы болса жерді үйіргендей.
Саусағы Алатаудың еменіндей
Жотасы Қаратаудың кемеріндей
Көзінен шаттық қайғы білінбейді,
Тұп-тұнық Қараөткелдің тереңіндей.
Ордадай омырауы алқа-салқа
Жартастай бас терісі жаңқа-жаңқа.
Құлағы жымырайған жырым-жырым
Қарыны бұлшық еттей қалта-қалта
Тұтасқан мойны дала жондарындай
Білегі жолбарыстың қолдауындай.
Гүрзідей соққан сәтті тегеуріні
Атасы Қобыландының қолдарындай[4,7].
Қажымұқанның портретін беруде оның жұдырығы диірменге, саусағы
Алатаудың биік шыңында өскен еменге теңелсе, бірде оның омырауы
ордаға, бас терісі жартасқа, мойны дала жонына теңеліп, батыр бейнесі
бірте-бірте өсіп, барынша анық та, ашық бейнелене түскен. Теңеу жасауда
өнімді қолданылатын –дай, -дей, -тей жұрнағы Қажымұқан бейнесін барынша
дамытып, үдете түсуге ықпал жасап тұр.
1. Биіктеп Алатаудың Талғарындай.
Тереңдеп Атыраудың аңғарындай,
Аңқылдап жомарт көңіл келе жатыр.
Қазақтың даласынының аумағындай [3,271].
2. Өмірің бүкіл қазақ өміріндей,
Бітіксің Қостанайдың егініндей.
Солтүстік аспанынан бұлттар ауып,
Күн көзі жарқылдады көңіліндей [3, 454].
3. Қарасам түнде қалың ормандайсың,
Ал күндіз киіз үй боп қонғандайсың.
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
43
Құйылған қорғасыннан құрыш қамал,
Енді сен жау ала алмас қорғандайсың [3,321].
4. Жетпіс деген жеті белес қыр аттап,
Көңілдерде жақсы өлеңдей тұрақтап,
Ортамызда отыр бүгін Серағаң
Алатаудың секілді бір шыңы аппақ.
Сахнаға шықса ол мөлдір арындай,
Жұрт көздері қадалады жалындай,
Шашылады күлкі жазғы жауындай,
Дүрілдейді алақандар дауылдай [7,162].
Ақын С.Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов сияқты ардақты адамдардың бейнесін
және сахна серісі Серәлі Қожамқұловтың мінезін беруде үлкен шеберлік көрсеткен.
Өлең жолдарындағы дами түскен теңеу жолдары суреттелміш кейіпкердің мінезі
мен бет-бейнесін ашуға қызмет еткен. Градациялық теңеулердің біразы қыздың,
әйел-ананың мінезін, портретін беру мақсатында дүниеге келген.
1. Жаралғансың темірдей сен төзімнен,
Жаралғансың гүлдей нәзік сезімнен,
Бұл дүниеде егер құдай бар болса,
Сол құдай да туған шығар өзіңнен [7,184].
2. Науша бойым бар еді -
Гүл өрімдей,
Қара көзім
бар еді-
Қара көлдің түбегіндей.
Қызыл жүзім
бар еді-
Батқан айдай,
Қара қасым
бар еді-
Тартқан жайдай
[7,178].
Қолаң шашым
бар еді-
Қара мақпал іңірдің түнегіндей,
Самал соқса желпілдеп ойнаушы еді,
Желкілдеген толқынды ну егіндей.
Ақ маңдайым
бар еді-
Қыс қарындай,
Сайраушы еді таңдайым-
Көктемнің құстарындай
[7, 179].
Вестник ПГУ №1, 2010
44
Градациялық теңеулердің біразы адам бойындағы келеңсіз қылықтардың
бетін ашып, барынша әшкерелеп көрсетуге қызмет еткен.
1. Кейбіреу ұқсар алыпқа
Өзісіз таулар құлардай,
Жер жұтып, өзен жылардай,
Шатынап аспан сынардай,
Қара түн туып халыққа [10,104].
2. Өрлікте етке ұмтылған сұр мысықтай,
Кейбіреу үйіріліп жүр мысықтай,
Кейбіреу аңқау болып алдап соғып,
Түйіледі іші-сырты тығыршықтай [11,117].
“Арамдық” концептісі градациялық теңеумен өсу әдісі арқылы былай
деп берілген.
Арамдық ол тұрар әлі бұлттардай,
Сұп-сұр болған көздерінен түк тамбай.
Жебір ауыл жерді түгел жұтқандай,
Дүниеге қарай алмас сұқтанбай.
Әр уақытта жүрер өңі талаурап,
Өрт сөндіріп жаңа ғана шыққандай [12,252].
Айналасына жылы шуағын жайып жүретін ақ пейілді адамдардың да іс-
әрекеті мен мінезі градациялық теңеулерден әсем көрініс тапқан.
1. Әр уақыт жаным аппақ қарлы шыңдай,
Жүрегім
жұртқа адал таң құсындай,
Жарылқап жүрсем деймін жалпы жұртты
Атаның ақ тілеулі алғысындай [13,133].
2. Кездессе де кезеңі өмір ақшамдай
Достарымның көңіліне дақ салмай,
Тек жүрегім қалса болды ақ қардай,
Тек мінезім қалса болды мақпалдай[14,23].
3. Көңілің жомарт кең даланың күзіндей,
Сының өткір алмас қылыш жүзіндей.
Жырың тәтті бал шырынды жүзімдей,
Сөз қырманың таси берсін үзілмей [15,58].
Ақын өлеңдерінде табиғаттың әсем бір көрінісі градациялық теңеумен
өте әсерлі етіп берілген.
Толқиды Ақкөл аршын төсті сұлудай,
Тоқпақ жалды толқындары бұрымдай.
Түбі қайыр, жағалауы жалпақ құм,
Маған Ақкөл көрінеді Қырымдай [6,149].
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
45
Деректі-дерексіз ұғымдар да градациялық теңеулерде бейнелі образ
жасауға қызмет етеді.
1. Көп жыл сені таба алмай,
Ойда жүрдің махаббат,
Үркіп қашқан маралдай,
Қайда жүрдің, махаббат?
Жылдар бойы ерімей,
Тас боп қаттың, махаббат
Сарқырама селіндей
Жас боп ақтың, махаббат.
Қырда аунаған түлкідей,
Алдап қаштың махаббат.
Сылдыр-сылдыр күлкідей,
Арбап қаштың, махаббат
[12,102].
“Махаббат” концептісі өлеңде түрлі ассоциацияға түсіп, қолға түспеген
махаббаттың бейнесін ашуға қызмет еткен.
1. Сахараның сайран салып желіндей,
Жанартаудың жалын атып лебіндей,
Ұшса жырым жазғұтыры будақтап
Туған жердің алып жатқан деміндей [3, 92].
2. Кейде дана бабадай,
Кейде шала баладай.
Кейде зәулім шынардай,
Кейде балдыр шылаудай.
Кейде желдей зуылдап,
Кейде көлдей шымырлап,
Ұстаттырмай түйінін
Жатады ой иірім [15,60].
3. Күннің жарығындай,
Тіршілік тамырындай,
Бір түйір дән,
Ыстықсың маған,
Жер-ошақ жалынындай
[14,77].
4. Ақ күріш аппақ, кірсіз ажарыңдай,
Әр дәні талма түскі таза нұрдай,
Шоқылар
шоғыр-шоғыр тізіледі
Дарияның сары бауыр сазанындай [15,25].
Вестник ПГУ №1, 2010
46
Сонымен градациялық теңеулер ақын өлеңдеріндегі заттың, нәрсенің
қасиетін немесе айтылмақ ойды барынша үдете бейнелеу арқылы дүниеге
келген. Олар үш мақсатта жұмсалған: 1) ер адамның портретін, мінезін
көрсету мақсатында; 2) қыз, әйел-ананың мінезі мен әсем бейнесін әспеттеу
мақсатында; 3) адам бойындағы жағымды-жағымсыз қылықтарды көрсету
мақсатында; 4) деректі-дерексіз ұғымдардың бейнелі образын жасау
мақсатында.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қоянбекова С. Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері. /
-Алматы: “КИЕ” лингвоелтану иннновациялық орталығы, 2007. - 392 б.
2. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. Алматы: Мектеп. 1978. - 192 б.
3. Мәуленов С. Шығармалар жинағы: 3 томдық. –Алматы: Жазушы.
–Т. 1. Өлеңдер. -1982. - 480 б.
4. Мәуленов С. Жаңбырсыз күз. Өлеңдер. –Алматы: Жазушы, 1980.
- 136 бет.
5. Мәуленов С. Шуақ. Алматы. Жалын, 1981. - 144 б.
6. Мәуленов С. Күзгі бұлттар: -Өлеңдер. –Алматы: Жалын, 1987. - 304 б.
7. Мәуленов С. Үш томдық шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы. –Т.
2. Өлеңдер. 1983. - 464 б.
8. Мәуленов С. Шығармалар жинағы: 3 томдық. –Алматы: Жазушы.
–Т. 3. Өлеңдер. -1984. - 488 б.
9. Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. Ф.ғ.докт.
дәрежесін алу үшін жазған диссертациясы. А. 2007. - 330 б.
10. Мәуленов С. Ақшамның қызыл қанаты: Жыр кітабы. –Алматы:
Жазушы, 1994. - 384 б.
11. Мәуленов С. Тау гүлдері: Өлеңдер. –Алматы: «Жалын», 1979. - 128 б.
12. Мәуленов С. Жалын. Өлеңдер. –Алматы: «Жазушы», 1979. - 272 б.
13. Мәуленов С. От пен су. Өлеңдер. «Жазушы» баспасы, Алматы - 1975.
- 184 б
14. Мәуленов С. Алтын тасқын: Өлеңдер мен поэмалар. Алматы:
Жазушы, 1981. - 136 б.
15. Мәуленов С. Шуақ. Алматы. Жалын, 1981. - 144 б.
Резюме
В данной статье рассматриваются сравнения с приемами
градации в поэзии С. Мауленова.
Resume
A comparison with the methods of gradation in S. Maulenov’s poetry
is discussed in this article.
Достарыңызбен бөлісу: |